Қазба көлемі 716 кв.м, ал тереңдігі 40 см –ден 120 см дейінгі көлемді құрайды. Аумақтың ауа райы ескеріліп, жерлерді біртіндеп қазуды жүзеге асыру үшін қазба жұмысының нақты әдістемесі пайдаланылды. Қазылған жерлерді жауын-шашын шайып кеткен кезде, шаршы жерлерде оңай жұлып тастауға келетін шөптер кездесті. Қорыта айтқанда, қазуға жоспарланған уақыт зая кеткен жоқ.
Барлық қазба жерлерімен бірге мәдени тұрғындардың орналасқан жері 10 см. көкжиекпен қазылды. Материалды тазарту жұмысы in situ суретімен, бейне фиксациясы мен және жоспарға сызба, артефакт пен остеологиялық материалдардың жиналуы, стратиграфиялық конструкциялардың енгізілуі арқылы жасалды.
Қазба аумағында бір үй, үй қалдықтары және шаруашылық құрылыстары, сүйек кесу ісі бойынша жұмыс орындары, көптеген жылқы және басқа да жабайы хайуанаттар әлемінің сүйектері табылды. 25 жыл ішінде тұрғылықты жерлерді қазу жұмысымен айналысу барысында алғаш рет табылған денесін ине жапқан аңның қаңқасын ерекше атаған жөн.
Бірқатар сүйектер арасынан адам қаңқасының табылғанын да ерекше атап өткен дұрыс. Төменгі және жоғарғы дене бөліктерінің сүйектері бар, төменгі жақ сүйегінсіз бас қаңқасы жақсы сақталған. Ботай тұрғындарының көмілген жерін қазу бойынша аналогиялық жерлеу рәсімі 1983 жылы №14 қазба жұмысымен анықталған. В,Г,Д-1, және В,Г,Д-2 аумағын 40-50 см тереңдікте қазу үрдісінде 5,3- 7,3 м диаметрлі, аморф нысанды күңгірт дақты саздақ анықталды. 55-60 см тереңдікте қазаншұңқыр табылды. Қазаншұңқыр дұрыс қалыптаспаған сегіз қырлы нысанды болып келеді. Диаметрі 8,5 см. Қазаншұңқырдың қабырғаларының периметрі бойынша 12-25 см диаметрлі 14 шұңқыр байқалып отырды. Геометриялық нысанының дұрыс еместігі қазаншұңқырдың қабырғасының бұзылуы, қазаншұңқырдың мәдени жігімен толтырылуынан кейін деп түсіндіріледі.
Қазаншұңқырдың орталық бөлігіндегі 80 см тереңдікте, жерден 15 см дейінгі тереңдікте, 90 см диаметрлі ошақ шұңқыры тәрізді, 10 см қазылған төменгісі – қоңыр сазақ, ал үстіңгі жағы күңгірт сазақпен толтырылған, №1 ошақ табылды.
№2 ошақ шұңқыры 75 см тереңдікте, №1 шығыс ошақтан 180 см анықталған. Оның диаметрі 30 см, тереңдігі 18 см. Ошақ шұңқырының стратиграфиясы мынадай: 0-20 см күңгірт түсті сазақ шанышқысымен, 20-30 см ашық - қоңыр сазақ, төменгі жағында материкті саз.
№3 ошақты шұңқыр Оңтүстік орталық шығыс ошағынан 210 см, Г-2 аумағының оңтүстік - шығыс бөлігінде байқалды. Оның диаметрі 50см, тереңдігі 30 см. Шұңқырдың стратиграфиясы мынадай: шұңқырдың орталық бөлігінде 0-2 см қуаттылығымен сазақ, 7 см дейінгі қуаттылықпен қыртыс, әрі қарай 20 см ашық-қоңыр сазақ пен материк сазы орналасқан.
Д-11 ,Е-11 аумағындағы 40 см терендікте салына басталған үй қалдықтары табылды.
Остеологиялық материалдың жиналуы барлық казба жерлерінде байқалған. Аса қызықты жинақтар И-18,3-14, және 3-16 аумағында табылды.
И-18 аумағының солтүстік - шығыс бөлігінде, 1 м тереңдікте төменгі жағы жоқ адам басының қаңқасы табылды. Бет сүйегі арқылы жылқының қабырғасы өтеді. 105 см терендікте жамбас сүйегі табылды. Сонымен қатар адам мүшесіне катысты бірнеше қабырғалар, өкше сүйегі, аяқ саусақтары, тізе сүйегі, бұғана жэне сан жілік сүйектері табылды.
3-14 аумағының 120 см тереңдігінде жылқының 3 омыртқасы, жылқының 3 қаңқасы, сан жілік сүйектері, қабырғалары, жақтары. Бас қаңқа сынықтары табылды. Табылған қазбалар орталық батыс, және оңтүстік - шығыс бөліктерінде орналасқан. Батыстан 27 см, солтүстік жақтан 143 см жердегі батыс аумақ бөлігінде россомаха бас қаңқасы табылды. Мәдени қыртысты әрі қарай қазу барысында 125 см терендікте анатомиялық бірізділікте россомаха қаңқасы табылды.
3-16 аумағының батыс және оңтүстік -шығыс бөлігінде, 70 см терендікте жылқының 12 бас қаңқасы, 2 омыртқасы, бүйі, тұяғы, сан жілік сүйектері және қабырға, жақ ,тұрба тәріздес сүйектерінің сынықтары жиналу аумағы бойынша ретсіздік пен шашылған.
Шығыс бөлігінде пластинкалар тәрізді дөңгелек қыстырма, пластинкамен ұштастырылған қыстырмалар, мезолитті және неолитті материал табылды. Тұрғылықты жерден энеолитті кезеңдегі артедәлелдемелер ұсынылады:
Пластина (1) кварцтан жасалған жыныс. Пластинаның ұзындығы 9,6 см, ені 2,8 см. Сегменттен жасалған. Пластинаның суреттері өнделмеген.
Ұштық жебе (3) яшмо түрден жэне яшмо кварцты жыныстан жасалған. Екі данасы – үшкірлі сынықтар түрінде, ал біреуі – толық күйінде ұсынылған. Толық ұштықтың ұзындығы 3,2 см, ені 1,6 см. Ұштықтың нысаны, екі жақты суреті айшықты түрде жасалған.
Сынықтың ұзындығы 2,7 см - 5,4 см дейін , ені - 1,4- 1,5 см. Сынықтық біреуі жапырақ тәрізді, келесісі ирек түрде. Құралдар сығылған айшықтармен өнделген.
Дротик ұштығы яшмо тәрізді заттан жасалған. Ұзындығы – 5,2 см, ені – 2,5 см. Ұштықтың нысаны қысынды суреттерден жасалған.
Мал, хайуан өлтіруге арналған құрал (ұршық) (2) сазды жыныстардан жасалған, сынықтар түрінде ұсынылған. Бұйымның диаметрі 2,9-5,5 см дейін. Бір данасы ортасына қарай сызылған, байланысқан өрнектермен бейнеленген. Ұзындығы – 0,5 см, аралығы – 0,2 см. Ұршықтың аралығы биконикалық нысанды.
Диск (1) нығыздалған нысанды саз жынысынан құрылған, диаметрі – 7 см, қалыңдығы 2,8 см. Бұйымның екі жағында дискті алғашқы бұрғылаудың нәтижесінен қалған 1,1-1,16 см дейін суреттері бар.
Тесіктер (проколки) (2) яшмокварцты жыныстардан жасалған пластиналар. Шет жақтары ұсақ сурет өрнектерімен суреттелген. Сайманның ұзындығы 4,7-5,4 см. дейін, ені 0,7-0,9 см. дейін.
Пышақтар (6) яшмо түрлі жыныстардан жасалған. Ұзындығы 8,5-12,6 см. дейін, ені 2,1-5,8 см. дейін. Пышақтардың үш данасын бифастар ұсынған, олардың біреуі – сынық. Бір дананың нысаны ұзын орақ тәрізді, келесісі – тегіс.
Үш пышақтың барлығы да екі жағынан айшықтармен өрнектелген.
Нуклевидті сынық (1) яшмо түрлі жыныстардан жасалған. Оның ұзындығы 5,6 см, ені 4,2 см. Соғатын алаңында жандану байқалады.
Балталар (4) құмды, сазды, құмтасты жыныстардан жасалған. Үш данасы түзу күйінде табылған. Құралдың ұзындығы 7,6 см – 13,7 см. дейін, жұмыс құралының ені – 3,6-5,8 см құрайды. Сабының ені 1,9-3,3 см. Екі балта бояп, қатырылған, бірнеше сызық таңбалары байқалады. Бір данасы айшықтармен бейнеленген. Келесі балта сапсыз, ұзындығы 10,2 см. Жұмыс шетінің ені 7,5 см. Бүйір жақтарында соғылған іздер бар.
Шот балта (1) саздақ жыныстан жасалған. Оның ұзындығы 11,6 см, жұмыс шетінің ені 8 см, сабының ені 5,5 см. Жұмыс шеті айшықтармен бейнеленген.
Қырма (1) тау хрусталынан жасалған. Ұзындығы 2,5 см, ені 1,8 см. Айшықтары тегіс, анық бейнеленген. Түрі жағынан аяқты қырмаларға ұқсас.
Бұрғы (2) яшмокварцты жыныстан жасалған. Оның бір данасы созылмалы нысанды бифастар жасалған, айшықтары бейнеленген, ұсталған іздер бар. Ұзындығы 6,9 см, ені 2,1 см. Екінші бұрғы бифастар жасалған, айшықтармен бейнеленген. Ұзындығы 6,7 см, ені 2,9 см.
Үтек сынығы (1) саздақ жыныстан жасалған, сынық түрінде ұсынылған, бір жағында соғылған майысқан жері бар. Үтек сызықтармен өрнектелген, олардың арасы 0,2 см сонымен қатар иректі-өрнектермен өрнектелген.
Сурет өндеуші құрал (2) сазды жыныстардан жасалған. Бір құралдың нысаны сопақ. Ұзындығы 7,5 см, ені 3 см. Бір шетінде жұмыс істелген іздері бар. Екінші құрал дөңгелек нысанды, диаметрі 5 см.
Балта (1) сопақ нысанды, ұсақ дақылды құмтастан жасалған, құралдың ұзындығы 14,5 см, ені 6.5 см. Жұмыс шетінде тозған іздері бар.
Күйік тас
Күйік тас жарты жұмыртқалы нысанды ыдыстардың сынығы, жіпті, тарақ нысанды мөр таңба және шұңқыр тәрізді басылған суреттермен өрнектелген.
Қазба жұмыстарының нәтижесінде мәдени тұрғылықты жердің оңтүстіктен солтүстікке дейінгі жаман сулардың және көл аумағын, ағынды судың әсерінен бұзылуына қауіп төнген 700 ш. м жер көлемі қазылды. Арте дәлелдемелер (6 мың данадан астам) шығыс аумақтың сай-салаға жақын мезо - неолитикалық қыртыстардың қалдықтары жиналған казба жұмыстары негізінен Ботай уақытына жатады. Осындай бірегей сүйектер мен тастардың табылуынан ботайлықтардың шығармашылық жэне өндірістік іскерлігін байқауға болады. Остеологиялық материалдың 5 мыңнан астам бірлігі ат сүйектерінің және соның ішіндегі 10-нан астам аттың бас қаңқасының табылуымен анықталады.
Қазба байлықтарын жүргізу үрдісінде Еуразия университетінің профессоры ғалым Ж.А.Ермекбаев жэне Алматы қаласының Орталық мұражайының директоры бірлесе отырып, «Қазақстан жеріндегі мәдени генетикалы үрдіс» атты бағдарламаның жобасын дайындады және Алматы қаласындағы мемлекеттік мұражайда Ботай мәдениетіне байланысты көрме ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.
Сүйектен жасалған бұйым
Бұзау бас бүйі (4) ирек, ромбик, түзу сызық, квадрат түрінде өрнектелген. Барлық бұзау бас бүйілер қатырылған және боялған. Бұзау бас бүйінің функционалдық қолданылуы нақты анықталмаған. Алайда, мамандардың ойынша бұйым рәсімдік мақсатта қолданылған.
Аттың ерінің астындағы құралдың сынығы немесе тұсамыстың тесігі аттың тұрба тәріздес сүйектерінің ұнтақталуынан жасалған. Сынықтың ұзындығы 10,5 см ені 2,5 см, бұйымның бір шеті жануардың басы сияқты жасалған (ат ?) Бұйымның сопақ бөлігіндегі бұрғыланған 1 см диаметрлік тесікке ұқсас. Бұйымның екінші жартысы 2,7 см ендіктегі белбеуге бекітілген, бұйымның шеті ертеде сынған және сақталмаған. Осы тәріздес табылған заттар 80 жылдардағы қазбалардан да белгілі.
Аттың сүйегінен жасалған тесік (3). Олардың ұзындығы 10,3 см - 14,2 см дейін жетеді. Екі данасы толық түрінде көрсетілген, біреуінің ұшы сынған. Екі тесік ат сүйегінің балтыр сүйегінен, үшіншісі қабырғадан жасалған.
Ланцет (1) жануардың қабырғасынан дайындалған. Бұйымның ұзындығы 17,8 см. Алмастың ені 1,2 см, сабы дөңгелек нысанды диаметрі – 0,5 см, бүйір бөлігі жабысқан . Құрал түгелімен бояп қатырылған.
Сүйектің өрнектелген үзіндісі (1) Ұзындығы 2,8 см, ені 1,1 см, қалыңдығы 1,1 см. Өрнек қабырға сызығымен қатар 1 мм аралықта екі жағынан ирек орналасқан.