Өлі теңіз алқабындағы шөлейт таулы үстіртте орналасқан. Т. Ж. ст., тас жол торабы. Өнеркәсіп, сауда, мәдени және діни орталық, Радиотехника, тамақ, тоқыма, тері илеу, аяқ киім тігу, металл өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Қолөнер кәсіпшілігі дамыған. Қаланың ескі шығыс бөлігінде Ежелгі Грекия, Рим империясы және ерте христиандық дәуірлерде салынған архитектуралық ескерткіштердің қалдықтары сақталған, Құббат ас-Сахра мешіті (667 – 691), 11 – 12 ғасырлар шіркеулері, көне қамал (14 – 16 ғасырлар) бар. Иерусалим қаласы б.з.б. 2-мыңжкүрестің нысаны болды. Б.з.б. 140ылдықтың орта шеніндегі жазбаларда кездеседі. Иерусалим патшасы Абди-хибаның Мысыр перғауыны Аменхотеп IV-ге жазған хаттары Тель әл-Амарн архивінде сақталған (б.з.б. 1400 ж. ш.), б.з.б. 1000 ж. ш-нда Иерусалимді Дәуіт жаулап алды да, қала Израиль-Иудея патшалығының, ал б.з.б. 935 д. ш-нда Иудея патшалығының астанасына айналды (қ. Израиль патшалығы). Дәуіттің мирасқор ұлы Сүлейман қаланы әжептәуір кеңейтті: финикиялықтардың жәрдемімен Яхве ғибадатханасын (Сүлейман әулеті ғибадатханасы) салды. Б.з.б. 586 жылы қаланы Вавилон патшасы Навуходоносор II қиратты. Б.з.б. 6 ғасырдың соңғы ширегінде иудейлер қайта қоныстанды. Б.з.б. 3 ғасырларда қала Птоломей әулеті мен Селевки әулеті арасындағы күрестің нысаны болды. Б.з.б. 140 жылдан И. Хасмонейлер (Маккавейлер) мемлекетінің астанасына айналды. Б.з.б. 63 жылы қаланы римдіктер басып алды. Иудея соғысы (66 – 67) кезінде Иерусалим римдіктерге қарсы қарсыласу орталығы болды. Б.з. 70 жылы римдіктер қаланы басып алып қиратты. 2-ғасырда Иерусалимнің орнында Рим қонысы – Элия Капитолина салынды. 4-ғасырда, Рим императоры ұлы Константин тұсында Иерусалим христиандардың қасиетті орталығына айналды. 638 жылы Омар халиф тұсында Иерусалимді Асаб халифаты жаулап алды да, ол мұсылмандардың Меккеден кейінгі қасиетті орталығына айналды. 1099 жылы Иерусалимді крестшілер, 1187 жылы Мысыр сұлтаны Салах әд-Дин басып алды. Қала 1517 – 1917 жылы Осман империясының құрамында болды. 1917 жылы желтоқсанда Иерусалимді ағылшын әскерлері басып алды. 1920 – 1948 жылы қала ағылшындардың мандаттық жері – Палестинаның әкімшілік орталығы болды. Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу туралы шешімі бойынша Иерусалим қаласы халықаралық аймаққа айналды. Бірақ араб-израиль соғысынан (1948 – 49) кейін Иерусалим екіге бөлінді, батыс бөлігі (қаланың дені) Израиль мемлекетіне, ал азғантай шығыс бөлігі Иорданияға өтті. 1950 жылы Біріккен ұлттар ұйымының Иерусалимді дербес әкімшілік бірлік етіп бөлу туралы шешіміне қарамастан оның батыс бөлігін Израиль өз астанасы деп жариялады. 1967 жылы Израиль Иерусалимнің шығыс бөлігін де басып алды. 1980 жылы шілдеде бүкіл Иерусалимді Израиль өз елінің “мәңгі және бөлінбейтін астанасы” деп жариялады.