Археологияда Ингумация мәйітті өрттеу тәсілі кремациядан ажырату мақсатында қолданылады. Қайтыс болған тайпаластарын жерлеу дәстүрі алғаш рет тас дәуірінде, орта палеолит кезеңінде пайда болды. Мәйітті тастап кетпей, оны ардақтап жерге беруден туындаған. Мұның өзі тас дәуіріндегі адам қауымының белгілі бір даму деңгейіне жеткенін, алғашқы діни наным-сенімдердің қалыптаса бастаған кезеңін айғақтайды. О дүниедегі өмірге деген сенім бойынша, қайтыс болған адамның тамағы мен құрал-жабдығын қоса көму әдетке айналады да, бірте-бірте бұл дәстүр күрделене түседі. Қабір үстіне тұрғызылатын немесе жер астында жасалатын түрлі құрылыстар, яғни обалар, пирамидалар, сағаналар мен мазарлар, т.б. дамиды.