Негізінен қазіргі Перу мемлекетінің аумағында таралған (қ. Инк мемлекеті). Ғалымдар инктерде жазу ісінің алғашқы түрі кипу болған деп санайды. Кипу жеңіл, жұқа жіп түрінде жүннен иірледі керекті мәліметтер ең алдымен цифрлық деректер, арнаулы түйіндер арқылы беріледі. Пачакамака пұтханасынан табылатын бір кипудың салмағы 6 кг. Мұндай көлемді кипулерде аса көп мөлшердегі мәліметтер жиналған. Кипуды оқып берумен айналысатын арнаулы кәсіптің адамдары – кипукамайоктар көптеп саналған. Испандықтардың хабарлауына қарағанда, олар мұндай хаттарды өте тез мүдірмей оқитын болған. Инк архитектурасында сарайлар, пұтханалар, қамалдар, обсерватория мен амфитеатрлар салу кең орын алған. Тастан қаланған мұндай құрылыстарға геометриялық тұрғыдан мығым, бойшаң емес формалар тән. Зергерлік мүсіншілік өнерде бағалы металдарды кеңінен қолдану өрістеген. Испандықтар шапқыншылығы кезіндегі кездесетін қатыгездікпен жүргізілген қырғын барысында халықтың елеулі бөлігі жойылып, қалалар талқандалды. Бей-берекет тонау салдарынан көптеген мәдени жетістіктер, олардың ішінде тамаша өнер бұйымдар ізсіз құрып кетті.
Пікірлер
Жәнеде оларда 4-жылдық мектеп болды, ол жерде балаларға бірінші оқу жылында кечуа тілін,екінші оқу жылында дінге оқытып, үшінші төртінші жылдарында өмірге қажетті білім берген.
Испандықтардың бей-берекет тонау салдарынан кейінгі дәуірдегі құрылыстар мен мәдени жетістіктер қалай ауысты? Теплые пожелания Telkom University