Мәдинат әл-Байзо, Испенджаб, Сарьям деген атаулары да болған. Шағатай тіліндегі “Сайрам туралы рисала” жазбасында Исфиджаб қаласы туралы аңызхдар сақталған. Бұл жазбада қалада Қызыр, Ыдырыс және Нұх (Ной) пайғамбарлар өмір сүрген, шаһар соларға арналып салынған, олардың мешіттері болған деген жорамалдар айтылады. Тарихи деректерде 7 ғасырдан бастап аталады. Қаланың жобасы бірін-бірі қиып өтетін үлкен екі жолдың торабына топтастырылған. Мұнда 11 ғасырдың аяғы мен 12 ғасырдың басында өмір сүрген Мірәлі бабаның, Ибраһим атаның (Қожа Ахмет Исауидың әкесі), Қарашаш ананың (Қожа Ахмет Исауидың анасы), Абд әл-Әзіз бабтың, Ләтіп ата мен Мұстафа-Құл атаның (Қожа Ахмет Иасауидің балалары), Шейһ Шахаб ид-Дин Испенжабидің (Ахмет Исауидің ұстазы), т.б. мазарлары бар. Исфиджаб 11 ғасырдан Сайрам атанған; қ. Сайрам.