Бұхара қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы 9 – 10 ғасырлардағы сәулет өнерінің туындысы. Исмаил Самани кесенесі өзінің архитектуралық тұрпаты жағынан қаланған кірпіштерімен әсемдене үндеседі. Ол күйдірілген ақшыл кірпіштен жасалған. Іші сегіз қырлы тірекке орнатылған аркалармен жалғасады. Төрт қабырғасында жартылай дөңгелектенген арка ойықтары бар. Төрт бұрышында кішкентай күмбездер, дөңгелек келген куполдар, ортасында өте үлкен күмбез орнатылған. Қабырғаларында жиектері мен айналасы өрнектермен безендірілген арка есіктер бар. Әр қасбеттің ортасында үшкір келген ашық жер қалдырылған. Исмаил Самани кесенесі композициясы кейінгі Орталық Азия сәулет өнеріне үлкен ықпалын тигізген.
Пікірлер
Көп көп размерт сізге
Көп көп рахмет дүниежүзі тарихынан керек еді,тапқаныма қуаныштымын