Калән мұнарасы (1127) алғаш Қарахан әулетінен шыққан Арслан ханның әмірімен 12 ғасырда тұрғызылды. Бұл көркемдігі жағынан өте сұлу жасалған мұнара – ағаштан салынған (қасында үлкен мешіті бар, 12 ғасыр) алып кешеннің бір бөлігі. Кейін ағаш мұнара құлап, жанындағы мешітті басып қалған. Оның орнынан шақпақ кірпіштен, ғаныш лаймен ұстастырып қаланған қазіргі мұнараның өте берік болу жағы қарастырылған. Биіктігі 60 м мұнараның 10 м-дейін жер астына жіберілген. Мұнараның сырты айналдыра тегістелген қалақ кірпіштермен көмкеріліп, нақышты жазуы бар түрлі түсті плиткалармен өрнекті белдеу жүргізілген. Мұнара жанындағы Калән мешіті өзінің аумақтылығымен (130-80 м), ауласындағы күмбездер галереясының нақыштылығымен көз тартады. Калән мұнарасы мен мешіт Мір Араб медресесімен (1536) қосылып Бұхара қаласының орталық ансамблін құрайды.