Негізінен, Ежелгі Грекиядағы карилер тайпасынан шыққан әйелдер мүсінделген. Аңыз бойынша, гректер мен парсылардың соғысында карилер тайпасының әйелдері жасырын парсылар жағына шығып, байланыс орнатады. Осы үшін гректер оларды өмір бойы бастарына ауыр жүк (ауыр кару) көтеріп өтетіндей жазаға кеседі. Кариатида мүсіндері Ежелгі Грекия сәулет кешендері мен ғибадатханаларында (мысалы, Афинадағы Эрехтейон ғибадатханасы) кездеседі.