Қорым Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Кеңөткел аулының солтүстік- шығысқа қарай 900 метр жерде орналасқан. 1988 жылы Шалагин А.Г жетекшілігімен Солтүстік -Қазақстан археология экспедиция барлау жасағымен анықтап зерттеді. Екінші рет 1992 жылы Миллер С.О. жетекшілігімен Солтүстік -Қазақстан археология экспедиция барлау жасағымен және 2006 жылы В.Ф Зайберттің жетекшілігімен Көкшетау археология экспедиция барлау жасағымен зерттелінді.
Қорым тегіс аймақта, Қошқарбай өзенінің оң жағалауына төмен өзен арнасынан 1 50 метр солтүстікқа қарай орналасқан.
Қорым 37 жерлеу ғимаратынан турады, ұсынылған құрылым әртүрлі. Осы қорғандар жер үйінділерінен тұрады. Сондай-ақ жер үйінділер негізінен тас тақта салынғандығы кездеседі. Айнала тас үйінділермен қоршалған.
2007 жылы маусым айында қорымның батыс бөлігінде орналасқан жерлеу құрылымы ашып, зерттеген. Жартылай батыс жағына қарай өтетін құрылымдардың жол бойына орналасуына байланысты бұзылған, соның нәтижесінде осы бөлік үйінді үлкен бұзушылықта әкеп соқтырды. Үйінді көлемі – 11*16 метр. Б-Ш бағыты бойынша бағытталған.
Бұл ақпарат арқылы ескерткіштер тікбұрышты пішінде 4*4 әдісін қолдана отыра ашып, нысанға зерттеу жасалынады. Қорғанның айналысы аймағында жалпы көлемі 192 метр.
Қоршау №1 (Диаметрі – 4,1 м) (сурет 3,1,4; фото 3) Үйіндінің құрылымына жартылай орналасқан. Сақиналы тас қоршаудың бетінде өлшемі 0,2-0,3*0,05-0,1*0,4-0,8 метр тас үйінділері табылды. Соңғы кезеңде 30-40° ішке қарай белгіленген. Қоршау ұсақ-тасты тегістеленіп қоршалған.
30 см тереңдікте №1 қабір шұңқырының сұлбасы анықталды. Шұңқыр жоспар бойынша оның өлшемі 12*19,5 батыс-шығысқа қарай бағытталған. Қабір шұңқырының сұлба бойынша шіріген ағаш, кейбір жерлерде қалған бөренелер тіркелген. Шұңқырдың шығыс жартылай бөлігінде өрнектелмеген банка тәріздес ыдыс табылды. Орталығында батыс және солтүстік шұңқырдың кесінділерінде сүйек үйінділері табылды. Барлық батыс жарты сынның үсті бойы тереңдігі 60-70 см қабір шұңқырында ағаш күлінің қалдықтары белгіленді. Батыс жартылай төңірінде қола моншақтар және екі алқа табылды.
Солтүстік №1 қоршаудың 20 см шамасында құмыра шыны ыдыс табылды. (сурет 4, 14; фото 10) Қасында жіңішке сүйектер, мүмкін бас сүйектерінің сынықтары болар.
Солтүстік-шығыс бөлігі шамасында 20 см тереңдікте N22 қорым шұңқырының сұлбасы анықталды, СБ-ОШ қарай бағытталған. Шұңқырдың өлшемі – 0,9*0,5 м, тереңдігі – 0,4 метр. Шұңқырдан екі өрнектелмеген шыны ыдыс табылып, кейбір ыдыстар ОБ-СШ бағыты бойынша орналасқан (кесте 1.4, 1.5) Осы жерде қой сүйегінің үйінділері табылды. (жақтың төменгі жағы, тұяқтары) Шұңқырдың қабырға қатарында сүргіленген жұқа тақтай ағаш қалдықтары тіркелді. Шұңқырдың түбінде нашар сақталған кішкентай баланың сүйегі анықталды. Ол баспен ОШ қарай, сол жаққа қырындап, қолдары кеудесіне салынған, аяғы алға және тізесі аздап бүгілген. Бас сүйек сынықтармен, оның өзінде төменгі жағы сақталған.
№1 және N22 қоршаудың арасында 50 см тереңдікте қара түсті қиыршық тастарға толтырылған сұлба анықталды. СШ-ОБ қарай бағытталған. Өлшемі – 1,7*2,5*0,2 метр. Ешқандай артефактылар анықталмаған. Мүмкін бұл от жағатын жер шығар. Сұлба орны 120 тереңдікте анықталды.
N22 қоршау үйінді шығысқа қарай орналасқан. Қоршау сегіз қырлы пішінде және СШ-ОБ бағыты бойынша бағытталған. Оның өлшемі – 6*3 метр.
Қоршаудың солтүстік-шығыс бұрышы оңтүстік-батысқа қарай 50 см тереңдікте N21 қорым шұңқырының сұлбасы анықталды. Шұңқыр СШ- ОБ бағыты бойынша бағытталған, оның өлшемі 1,2*0,5*0,6 метр. Оның үстіңгі бөлігінде адам сүйектерінің үйінділері анықталды, оның арасынан бүтін шыны ыдыс табылды (1.3 кесте) және екі ыдыстың сынықтары табылды. Осы жерден он шақты моншақ табылды, үш қоладан жасалған крест тәрізді алқа табылды. (2.7 кесте), қола білезіктің екі шетінде спираль түрінде бұралған (2.8 кесте), қола сыға сынықтары (2.2 кесте). Орталықта 90 см тереңдікте оңтүстік-батысқа қарай сақинада тастан қаланған дөңгелек өлшемі 5-7*10-20 см. Қаланған тас жарты сақина пішінде, батыс және оңтүстік-батысқа қарай қайырылған. Қалаудың сыртқы – 65 см, ішкі диаметрі 25 см.
90 см тереңдікте төселген ағаш қалдықтары анықталды. Шығыс жағының шұңқыры, арасында бөренелердің арасының жабылуы 100 см тереңдікте тіркелініп, жамбас және жамбас сүйегі тіркелінген. Түпкірінде және шығыс бетінде шыны ыдыс фрагменттері табылған (кесте 1.7)
Ағаштан жасалған төсеніш өлшемі 2,0*1,6 метр. Құрылым БОБ-ШСШ бағытта бағытталған. Оң жағына ені бойынша және биіктігі бойынша екі қабат салынған. Сонымен қатар тақтай ек: қабатта биіктігіне қарай салынған. Үстіңгі көлденен тақтай салынған.
Қоршаудың дөңгелек солтүстік-шығыс бұрышына қарай жақын жерде, 50 см тереңдікте №2 қабір шұңқыры тіркелінді, сұлба бойынша айналадағы топырақ бір-бірінен түрі қарай толтырылған және ағаш қалдықтарының белгісі. Күл бағандардың күйгеннен кейін пайда болған құрылым, ішінде екі адамның сүйек іздерінің қалдықтары табылған. Қабір күрең балшық күлмен араласқан шұңқыр. Шұңқыр БОБ-ШСШ бағыты бойынша бағытталған, оның өлшемі 2*1 метр, тереңдігі 0,5 метр. Батыс қатарының қабырғасында екі өрнектелген және біреуі өрнектелмеген шыны ыдыс анықталды. (1.8 кесте) Барлық үш шыны ыдыс ССБ-ООШ сызығы қатарында орналасқан. 70 см тереңдікте адам қаңқасының төменгі бөлігі табылды. Бас сүйегі, жоғарғы мүшелері, қолдары мен аяқтары табылмады. Шұңқырдың ортасында сүйектің күйгені қалған (жоғарғы омыртқасы мен қабырға омыртқасы, барлығы нашар сақталған). Шығыс бөлігінде екі сүйек қаңқасының төменгі жаты табылды. Олар бір-біріне қатар салынған, солтүстік қаңқа оңға қарай қырындап, оңтүстік- солтүстікке қарай, басы батысқа қарай салынған. Аяғы мен тізесі аздап бүгілген. Сирақ сүйегінде қола моншақ табылды (2.4 кесте).
№2 қабір шұңқырының оңтүстік-батысқа қарай, 60-70 см тереңдікте қоладан жасалған алқа сынықтары табылды. (2.5 кесте)
№2 қоршаудың 80 см тереңдігінде батыс солтүстік-шығысына қарай №3 қабір шұңқырының сұлбасы тіркелді. Онын, шеті ағаш жұқа тақтайларының ағаш қалдықтарымен белгіленген. Шұңқыр БСБ-ШОШ бағыты бойынша бағытталған. Оның өлшемі 2,5*1,5 метр, тереңдігі 0,4 метр. Шұңқырдың оңтүстік бөлігінде 100 см тереңдікте адам сүйегі анықталды. Бас сүйегі оңтүстік-батыс бұрышында, ал аяқ сүйектері - солтүстік-батысқа жақын жатыр. Саусақ сүйектері шығыс қарай жатқаны кездеседі. Сондай-ақ шұңқырдан батыс және орталық бөлігінде 22 қола моншақ дөңгелектері табылды (2.1 кесте), қола білезік сынықтары (2.6 кесте), тескіш және екі қола шеге табылды (2.3 кесте). Осы жерде шыны ыдыстың сынықтары және жануарлардың азу тісінен жасалған алқа табылды. 90-110 см тереңдікте барлық аумақта ағаш күлі аз көлемде кездеседі. Ағаш кесектері қаңқа сүйектерінің арасында кездеседі, олар терең жерде орналасқан. Жабылған бөрене жатқаны немесе қойылған түбі түсініксіз. Бірінші адам басының үсті тақтайдан жасалған, оның өлшемін айту қиын. Көлденең тақтайлар арасында жатыр. Биіктігі бойынша 2 адам салынған. Ағаш бөренелердің өлшемі 10-15*15-20*100 см көлденең салынған.
Қоршаудың солтүстік бөлігінде 20-30 см терендікте арамен кесілген көлденен түтікше тәріздес сүйек бұйым табылды.
№2 қоршаудың 60 см тереңдікте солтүстік-шығыс жақ шамасында №4 қабір шұңқыры табылып, одан №1 шыны ыдыс табылды және кішкентай баланың сүйегі табылды. Шұңқыр СБ-ОШ бағыты бойынша бағытталған. Оның өлшемі 1,4*0,4 метр, тереңдігі 0,4 метр. Сүйек СБ-ЮШ қарай баспен салынған. Екінші сүйек біріншіден терең 20 см тереңдікте жерленген. Әрбір қабірдің бас жағынан шыны ыдыс өрнектелген табылды (кесте 1.1,1.2). Сүйек нашар сақталған. Басылған сүйектің қасынан ракушкадан жасалған моншақ табылды. Екінші сүйек сол қырымен, қолдары қайрылған және кеудеге салынған, аяғы тізеге қайрылып бүгілген. Сүйек нашар сақталған.
Жерлеу ғимаратының ерекше құрылысы алакөл мәдениетінің жерлеу рәсімі туралы айтады (дөңгелек және жер топырағының және сегіз қырлы пішінді тас қоршау). Ол туралы жерлеу рәсімі туралы айтады (басы батысқа қарай бағытталған, сүйектің орналасқаны жерлеу рәсімі бойынша бай адамның жабдығы екіннің байқаймыз). Осы жерлеу сүйек бөліктері арқылы федоров мәдиенитіне жатады. Қыш ыдыс сараптамасы арқылы алакөл және петров элементтерінің көптігін көрсетеді. Сонымен қатар біз ескерткіш арқылы миграциялық ағымдар жайлы Солтүстік Қазақстанның 15-17 ғғ. біздің дәуіріміздің қазіргі дәуірге дейінгі бастан өткен кезеңдер.