Казба ауданы кеңейтіліп, 261 ш.м. құрады. Мәдени қабат құрлыққа дейін бүкіл тереңдікте зерттелген. Соңғысы ірі өзен құмы мен ұсақтастан құралады. Қазбаның тереңдігі үй шұңқырының тысқары жағынан 0,4-0,5 метрден ішкі жағында 1,3 м-ге дейін созылып жатыр. Қазбада құрлық деңгейінде Солтүстік Батыс-Оңтүстік Шығыс бағыты бойында №1 және №2 тұрақтардың бекітілмеген кескіндері байқалған. №1 құрылыстың солтүстік шығыс және жартылай, солтүстік батыс қабырғалары зерттелді. Оңтүстік батыс қабырғасы кешірек орнатылған құрылыспен (№2) бұзылған, ал оңтүстік шығыстағы қабырға қазбаның сыртқы жағында қалған. №2 құрылыс шұңқырының солтүстік шығыс қабырғасының ұзындығы қазбаның оңтүстік межесінен солтүстік батыс қабырғасына дейін – 14,5 м құрайды. Солтүстік батыс қабырғасының сақталып қалған бөлігі шұңқырдың түбіне қаланған кішкентай гранит тақталардан тұрады. Тас қалауының ені – 25-30 см. Мүмкін ол топырақтың түсуін болдырмау үшін қаланған болар. Шұңқырдың тереңдігі құрлық деңгейінен 0,5 м дейін және күндізгі қабаттан 1 м жуық ауданды алып жатыр.

№2 тұрақ кешірек салынған және, бұрын айтылып кеткендей, ертерек қаланған №1 тұрақты кесіп өткен. Шамасымен 5 м жуық ені бар, ол құрлық деңгейінен 0,7-0,8 м және ескі жер бетінен 0,9 м жуық тереңдікке ие болған. Шеткі солтүстік батыс қабырғасы қазбадан тыс қалған. Үйдің оңтүстік шығыс бөлігінде кіреберістің жартысы қазылған. Ол оңтүстік батысқа қарай орнатылып, пандусы еденнен сыртқа қарай шығарылған.

№2 тұрақтың еденінде оңтүстік батыс қабырғасының бойында ағаш көмірдің ірі кесектері сақталып қалған. Жанып кеткен ағаш құрылыстың орта бөлігінде де кездеседі. N22 тұрақтың ішінде ірі және бүтін бұйымдар мен заттардың кездеспеуіне қарағанда, қоныс тұрғындары тұрақтан ұйымдасқан түрде кеткендері байқалады. Өрт тұрғындар кеткен соң, біраз уақыттан кейін басталғанға ұқсайды.

№1 және №2 тұрақтардың едендерінде бағаналық шұңқырлар мен шаруашылық қажеті бар апандар жасалған.

2006 және 2007 жж. табылған заттар коллекциясы (керамика, сүйек, мүйіз, тас, қоладан жасалған бүтін бұйымдар немесе олардың сынықтары) жануарлар сүйектерін санамағанда, 2757 бірлікті құрайды. 1 ш. м. жерде керамика мен артефакттардың орта саны – 10,6. Кенттегі екі жылдық жұмыс барысында 11 қазбада қола қанжар-найза, 7 төлкелік жебе ұштары, дөңгелек қаптырмалар, шегелер, трубка, екі біз, бес қаптырмадан тұратын құйма – барлығы 40 қола заты, оның ішінде металл бұйымдары, сынықтары табылды.

11 қазбада 1 ш.м-ге 0,15 қола затынан келеді. Осыған орай бұндағы қола заттарды археологиялық тұрғыдан бірдей және Кентке мәдени жағынан жақын Сарғары қонысында табылған қола заттарының санымен салыстырған жөн болады. «Сарғары қонысында 6500 ш.м. ауданда тамшыларды бірге қосқанда, тек 40-қа жуық қола бұйымдары табылған...». Яғни Кенттегі 261 ш.м. ауданы бар бір ғана қазба орнын- да табылған қола заттарының саны бүкіл Сарғарыда табылған қола бұйымдардың санына тең келеді. Сарғарыдағы қола бұйымдардың орта тығыздығы – 1 ш.м.-ге 0,006 бірліктен келеді. Кенттегі аудан бірлігіне (11 қазба) қайта санағанда, Сарғарымен салыстырсақ, қола 25 (!) марте жиі кездеседі.

Сарғары деректеріне сүйене отырып, қола дәуірінің аяғында металл өндірісінде дағдарыс кезеңі болған деген тұжырым жасалады. Кенттегі жасалған зерттеу нәтижелері бүл тұжырымды жоққа шығарып, беғазы-дәндібай мәдениетінің халқы әлеуметтік-мүліктік көрсеткіш бойынша ажыратылатындығын дәлелдейді. Металл өндірісі мен оны үлестіруді қадағалап, жеке иемденген өте бай және беделді тайпалар мен металл көздеріне еркін қол жеткізе алатын қауымдар болған. Біріншілеріне кесенелік жерлеу түріндегі ескерткіштерді қалдырған (Дәндібай, Беғазы, Бұғылы 3, Айбас-Дарасы, Сангру 1, Сангру 3 және басқа) ұжымдар мен Кент сияқты қоныстарды (Кент, Мыржық, Шортанды-Бұлақ, Бұғылы және басқа) жатқызуға болады. Металл бұйымдары көп кездеспейтін, қатардағы қоныстар санатына Айдарлы, Жүкей, Ақтопырақ қорымдары, Ұлытау, Сарғары, Қопа 1, Усть-Кенетай және басқа қоныстарды қалдырған халықтар тобы жатады.

II қазбада табылған сүйек пен мүйізден жасалған бұйымдар (122 бірлік) ойып жасалған дисктер мен қаптырмалар, түймелер, ілгек, шегелер, бұйым пішіндері түрінде кездеседі.

Сонымен қатар тас құралдары да көптеп кездеседі: келсаптар, дән үккіштер, шел дисктер, қайрақ тастар, жылтыратқыш аспаптар. Алдын ала сақпан ядросы деп белгіленген керамикалық және тас жұмыртқа тектес заттар табылған. Сол ядролардың бірі тау хрусталінің кристалынан жасалған. Қазба орнында сонымен қатар гипс, гематит, охра, азурит слюдаларының кесектері кездеседі.

Коллекцияда 6 керамикалық, бұйым - кермелер және жұмыртқа тектес заттар да бар.

11 қазба орнында табылған керамикалық, кешен 2498 сынықтан ұрады. Қазіргі кезде керамикалық коллекция стастикалық өңдеуден өткізілуде. Бірақ, қазірдің өзінде сауыт мойнының сынықтарынан, өрнектерден, қабырға қалыңдығынан, сыртын өңдеу ерекшеліктері мен басқа белгілер бойынша сауыттар үш топқа бөлінеді.

Сынықтардың басым бөлігі сарғары-алексеев түрінің ыдыстар тобына жатады (1 топ). Өз кезегінде оның ішінде олар сарғары-алексеев және доңғалы керамикасына бөлінеді. Доңғалы керамикасы көбінесе N92 тұрақтан шыққан.

2-топ. Қыш шеңберінде жасалған немесе қолдан жасалып, шеңбер көмегімен жөнге келтірілген оңтүстіктен шыққан керамика. Бұл топқа Тагискен қорымында кеңінен кездесетін мойнында кішкене белдігі бар жылтыратылған сауыттар жатады. Аталмыш топтағы сынықтар саны отызға жуық.

3-топ. Ирмен ескерткіштерімен Батыс Сібірдің басқа мәдениеттеріне ұқсас келетін андроноид түріндегі керамика, барлығы 100-ге жуық сынық.

Керамиканың 2 және 3 топтары – Кент тұрғындарының қатынас бағыттарын бейнелейтін супертраттық кешен. Керамикалық импортқа жататын мәдениеттер кеш пайда болғаны доңғалы кешендерінің соңғы кезеңін көрсетеді.

Артефакттар мен керамиканың байланысы доңғалы кешендеріне байланысты заттық саланы кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытқа дейін доңғалы кезеңінің бұйымдары туралы көп мәлімет жоқ. Кенттегі қазба жұмыстарын жалғастыру Қазақстанның соңғы қола кешендерінің мазмұның анығырақ көруге мүмкіндік береді.