Оның алдындағы барлық ашу жұмыстары мәдени қабаттың оң жақ жағалау массивінің периметрі бойынша жүргізілді1. Яғни, ескерткіштің сыртқы аймағы зерттелді. 243 ш.м көлемді қазба жұмысы жағалаудағы тоғай желісінің бойындағы 6 қазбадан 120 м сол жаққа қарай және қазақша тас қыстаулардың қираған орындарынан оңға қарай орналасқан. Ол 9*10 м көлемімен тұрғын үй ойпатының үстінен белгіленген. Қыртыстың астында біршама болымсыз (0,2-0,4 м) күл қабаты астын көлбеп жатты. Шығыс желінің шаршысында күл қабаты астында арагідік 0,1-0,15 м қалыңдығымен жерлеу топырағы белгіленген. Материк – қиыршық тас қосылған сазды қайраң. Материк деңгейінде ОБ-СШ желісімен созылған ені 7,8-8 м болатын тұрғын үй котлованы нобайланды. Котлован ұзындығын анықтау оның солтүстік-шығыс қабырғасы қазба жұмысы аумағына енбегендіктен өнген жоқ. Қазба барысында ол 16 м ұзындыққа бақыланған. Қазбаны шілденің үш апта бойы саулап жауған жаңбырының жуып кету салдарынан котлован ашуы жүзеге асырылмады. Әйтседе, форс-мажорлы жағдайға қарамастан, 2006 жылы қазба жұмысынан қызықты заттар мен Кент тұрағының планиграфиясы (жобасы) бойынша фактілер алуға мүмкіндік туды. Тұрақтың орталық бөлігінде мәдени қабаттың қуаттылығы оның солтүстік немесе оңтүстік бөліктерінен гөрі төмен екендігі айқындалды. Онда мәдени қатпарлардың тереңдігі 0,8-1 м жеткен. Ескерткіш ортасындағы тұрғын үйдің айналасында мәдени қатпарлардың тереңдігі орта есеппен 0,3-0,4 м аспайды. Бәлкім бұл жағдай Кенттің шеткі алаңдарының хронологиялық орнығу басымдылығын көрсететін шығар. Тұрақ шеңбер бойынша орныққан. Ал орталық бөлімі ұзақ уақыттар бойы тұрғын және шаруа құрылысымен орын алмаған. Мүмкін, ішкі бос кеңістік қоғамдық жиналыстарға, түңгі мал асырау алаңы ретінде және т.б. қызмет еткен болар. Өкінішке орай, салыстырмалы шағын ауқымды қазба жұмыстары (осы уақытқа дейін, 1985 ж бастал, ескерткіштің оңтүстік жағалау бөлімінің 1% аумағы ғана ашылған) ішкі алаңның көлемін бағалауда мүмкіндік тудырмайды. Шеңберлі жобалы құрылыс кезінде Шортанды-Бұлақ тұрағынан ашылған2.
Кент тұрағының 2006 ж қазба жұмысының қыш сауыт кешенінің негізін білік типтес қыштар құрайды. Бұл – мойнында жарық білік, қабатталған енгізулер, шыбық шетінің оттискілері, тырнақ шымшулары сынды өрнегі бар құмыра формалас сауыттардың сынықтары. Білік қыш сауытымен катар шапшаң айналатын шеңберде дайындалған біршама сауыттардың фрагменттері кездеседі. Қыш сауыттың бұл екі тобын Батыс Сібір андроноид мәдениетінің қыш сауыт жасау дәстүрлерімен ұқсас тарамдалып өрнектелген қыш қамтамасыз етеді.
Құрал-жабдықтар: тас пест, диірмен, тас қайрақ, өңделген диск, қайрақ, қыш иірмелер, жұмыртқа тәріздес тас және қыш заттар, сүйек жүн түткіштер, конек, мүйіз қиықтары. Мәдени қабатта гематит кесегі, гипс және мыс кені слюдасы кездескен. Бет жағы ою-өрнекпен безендірілген мүйізден жасалған диск сүйек кесу жұмысының жоғары деңгейін көрсетеді. Мүйіздің кесегінен белбеуге арналған ұзын ойығы бар түйме жасалған. Осындай бұйымдар Кентте ертеректе де кездескен. Олар Тобылдағы Алексей тұрағынан табылған түймеге ұқсас3.
Жұмыртқа тәріздес заттардың қызметі тылсым болып қалуда. 2006 жылы далалық мерзімде мұндай үш зат табылған болатын. Оның біреуі серпентиниттен қайралған және эллипсоид айналуымен формалас. Екінші зат тау хрусталы кристалынан жасалған. Ол өзінің формасы және көлемімен көгершін жұмыртқасын еске түсіреді. Үшінші табылған зат – күйдірілген саздан жасалған жұмыртқа тәріздес нәрсе. Ертеректе Кентте граниттен, серпентиниттен және күйдірілген саздан жасалған жұмыртқа тәріздес заттар кездескен. Олар Мыржық және Шортанды-Бұлақ беғазы- дәндібай тұрақтарының табылған заттарынан белгілі4. Ежелгі Жерорта теңізінің халықтары лақтыру ядросы ретінде эллипсоид айналуы формалас саз немесе тас заттар қолданған5. Бәлкім, Кент заттары да ұқсас қолданылған болар. Овоид формалы заттар салт-жоралар саласында қолданылуы мүмкін. Біршама жұмыртқа тәріздес заттардың қара түске боялуы бұған жанама дәлел бола алады.
Қола заттар – жебе ұштары, найза (қанжар) ұштары және пластинаның шағын сынықтары. Жебе ұшы (фото базистік типке жатады) соңғыларынан шығыңқыраған төлкесімен ерекшеленеді. Мұндай типтес ұштар білік қыш мәдениеті қауымдастығының батыс аймағында кең тараған6.
Сына сабының басына бастырылып қойылған айшығы бар қола қанжар маңызды табылған зат боп көрінеді. Жақын типтес қанжар Мыржық тұрағынан табылған7. Олар Кент және Мыржық тұрақтарын берік үйлестіреді. Кент және Мыржық қанжарлары Беғазы тамдарының қанжарымен қалыпты ұқсас .
Жалпы айтқанда, Кент тұрағының қазба материалдары көпжылдық археологиялық жұмыстар нәтижесінде айтулы болған беғазы-дәндібай мәдениетінің мәдени және әлеуметтік сипаттамасын елеулі толықтырады.
1. Алдыңғы жылғы есептерді қара, сонымен қатар Варфоломеев В.В. Кент и его округа (некоторые итоги социокультурного анализа памятников Восточной Сарыарки) И Степная цивилизация Восточной Евразии. Т. 1. Астана, «Күлтегін»: 2003 . – С.88-99.
2. Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата. 1979. – С. 198. рис.149.
3. Кривцова-Гракова О.А. Алексеевское поселение и могильник. Труды ГИМ. 1948. Вып. XVII. – С.87. рис. 22,3.
4. Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сарыарки. – Алма-Ата, 1992. – С. 132. рис. 99.
5. Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата. 1979. – С.208. рис. 159,1,2. Скобелев Д. А. Праща: снаряды и способы метания в античности // «PARABELLUM» http:www.tgorod.go.ru/parabellum
6. Аванесова Н.А. Культура пастушеских племен эпохи бронзы Азиатской части СССР. – Ташкент: «Фан», 1991.
7. Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сарыарки. – Алма-Ата, 1992. – С. 59. рис.30.
8. МаргуланА.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1979. – С.78. рис. 47.