2008 жылы Қаратөбе шахристанның солтүстік-шығыс жағында қазба жұмыстары жалғастырылды (Қазба 1).2 Зерттеулер нәтижесінде кезекпен салынған үш құрылыс қабаттары анықталды. Құрылыстар қалдықтарының сақталуы әр бөліктерде әртүрлі.
2007 жылғы 1 стратиграфиялық қимасының батыс шеті бөлме құрылыстарының қалдықтарын, едендердің және сыпалар деңгейлерін қияды, олар қиманың батыс және солтүстік жарқабақтарында жақсы байқалады. Жаңа солтүстік-шығыс бөлігі (қазба 1) стратиграфиялық қиманың солтүстік және батыс аумағын қамтиды. Бұл 260 м2 құрайтын телім қаланың ерте цитаделінің шығыс шетінде орналасқан және ол шығысқа қарай кішкене төмендейді. Батыс шекарасында R1 нүктесі белгіленді, ол R0 нүктесінен (қаланың орталығында орналасқан тригопункттің белгісі) – 281 белгісі бар.
Бұл жерде үстінгі құрылыс қабаты мүлдем шайылып, желмен мүжілген. Екінші құрылыс қабаты (2ҚҚ) жақсырақ сақталған. Қазбада оның қалдықтары көлемі 2.33 х 3,4 м бөлмесімен айқындалады. Оның бірінші едені – 446 см төмендікте, ал екіншісі – 462 см белгіленді. 2 құрылыс қабатын ашқан кезде бірнеше қызықты заттар табылды. Саз балшықтан жасалған етік тәрізді тұмарша (біреуі бүтін, екіншісі қалдығы) (сур. 2-1,2)3, үстіңгі деңгейден кішкентай үйрек бейнеленген халцедоннан жасалған гемма (сур. 2-6) және ферузадан жасалған алқа (сур. 2-5) табылды.
№1 бөлмесі шаршы тәрізді, оның өлшемдері 4.7*4.7 м. Бөлменің ішкі құрылымында үш қабырғалар тұсында әртүрлі сыпалар орнатылған. Еденнің ортасында саз балшықтан жасалған солтүстік жағы домаланып келген төртбұрышты алтарь орналасқан. Оның көлемі 1.1*1,5 м, бірінші еденнің деңгейінен 20-сантиметрлік платформаға тұрғызылған. Алтардан оңтүстікке 0.2 м жерде еденнің үстіне 25 см биіктікке көтерілген төрт бұрышты (0.5*0.5 м) платформа орнатылған.
Бөлменің солтүстік-шығыс бұрышында кіре-беріске қарама қарсы орналасқан ерекше бір құрылыс табылды. Бұл жерде арнайы салынған төртбұрышты бөлік орнатылған, оның көлемі 0.9* 1,2 м. Қабырғалары 1.1 м биіктікке сақталған. Оның іші және еден астына кеткен шұңқыр қоқсыққа толған. Оның тереңдігі анықталмады, өйткені шұңқыр қазірше тазаланбады, бірақ оның үстіңгі жағында қыш ыдыстардың сынықтары, сүйектер және мыс жүзік табылды (сур. 2-4). Құрылыстың бұл бөлігінің үсті кірпіштен қаланған күмбезбен жабылған болуы мүмкін, ал батыс қабырғасында домалақ тәрізді тесік болған, ол арқылы шұңқырға қоқысық тасталғаны мүмкін. Оңтүстік-шығыс қабырғасында домалақ, диаметрі 0,6 м керамикалық тік мұржа орнатылған.
Бөлменің барлық қабырғалары, сыпалары, алтарьлары көп қабатты сылақпен сыланған. Қазба барысында бөлменің өте тиянақты жасалған барлық құрылымдары ашылды. Едендерді ашу барысында алтарьдің батыс қабырғасы жанында бірнеше қыш ыдыстар сынықтары және көлемді темір сауыт тілімі (сур. 3-10, 11), 9 бөлмеде түркеш тиыны табылды.
Егер де бұл бөлмеден басқаларында сыпалар мен ошақтар болмаса онда осы тұрғын бөлмесі құрбандық шалатын орын деуге болады. Әлде ол үй арнайы табынушылық міндеттерін атқарған. Бөлмені тазалау барысында үйде орнатылған ғибадатхана өз міндетін орындап болғаннан кейін осы бөлмеге апаратын кіре беріс кірпіштермен қаланғаны анықталды. Бірақта бұл болжамдарды үй құрылысы толық ашылғаннан кейін анықталады.
Екінші құрылыс қабат құрылыстарының қалдықтары 350 см төмендікте, яғни жер бетінің деңгейінен 70 см төмендікте анықталды. Олар тастардан қаланған іргетас қалдықтарымен аңғарылады, жұмыс барысында іргетас бетінде шіріген ағаш тазаланды, олар қабырғаларды тұздардан сақтандыру үшін пайдалануы мүмкін. Екінші құрылыс қабаты алынған соң үшінші құрылыс қабатына жататын бөлме ашыла бастады (1 сурет).
№2 бөлменің көлемі 4.5*5.25 м. Кәзір ше бұл бөлмеде екі кезең белгіленді, олар ішкі құрылымның қайта құруымен байланысты. Бұл бөлмеде қабырғалар бойында орналасқан сыпалары мен еден ортасында саз балшықтан соғылған домалақ тәрізді алтарь болды. Яғни, №2 бөлмеде табынушылық бөлмелер қатарына жатады деуге болады, ол бөлмеде 1 бөлмемен қатар бір үй құрылысына жатуы мүмкін.
№2 бөлмесінде бірнеше еден қабаттары байқалады. Еденнің ең үстіңгі деңгейінде саз балшықтан жасалған таға тәрізді алтарь ашылды, оның диаметрі 75 см, қабырғалар биіктігі 11 см, ортасында диаметрі 12 см, тереңдігі 9 см дөңгелек ойығы бар. Алтарьдің қарама-қарсысында солтүстік сыпаға диаметрі 67 см тандыр орнатылған. Бір тандырдың ішіне екінші тандыр орнатылған.
2 бөлмесін қазу барысында мыстан жасалған белдіктің тоғасы, зергерлік бұйымдар жасайтын тас қалып, сүйектен жасалған пышақтың сабы және темір сауыт қабыршасы табылды.
Екінші құрылыс қабат (төменнен бірінші) және 2 бөлме сегізінші және тоғызыншы ярустарға жатады. Бөлме квадрат тәрізді болып келген, оның көлемі оңтүстік жағында 4,35*4,45 м, ал солтүстік жағында батыс қабырғасының арқасында солтүстік-батысқа 85 см ұзарады. Сыпалар барлық қабырғалар тұсында орналасып тек бөлмеге кіре-берісінде үзіледі. Бөлменің солтүстік-шығыс бұрышында хум тазаланды, ол ташнауға пайдаланған. Бөлме ортасында саз балшықтан жасалған домалақ алтарь орналасқан, оның диаметрі 85 см, ортасында диаметрі 12 см, тереңдігі 10 см ойығы бар. Оның астында 10 см тереңдікте тағы бір домалақ диаметрі 50 см алтарь орналасқан, оның ойық диаметрі 14-15 см, тереңдігі 8 см. Алтарь астында көлемі 104*38 см ошақ дақтары байқалды. Сонымен, осы бөлмеде үш саз балшықтан жасалған еден үстіне орнатылған алтарьлар тазаланды, ең соңғы үстіңгі еденде – керамикалық алтарь.
Қосылған бөлігінің солтүстік жағында екінші құрылыс қабаттың құрылыс қалдықтары ашылды. Екі бөлме толық ашылмағандықтан оның көлемі және ішкі құрылымы анықталмады. 376 төмендікте 2 құрылыс қабатының қабырғалар табаны анықталды. Одан төмен 3 құрылыс қабаттың бөлмелері басталады, олардың құрымдары үстіңгі қабаттағы құрымдарынан әлде қайта өзгеше. Осы құрылыс қабатында бетінде руникалық жазуы сызылған қара түсті ыдысының сынықтары табылды.
№4 құрылыс қабатының бөлмелер қабырғалары 1,3 до 1,4 м биіктікке сақталған. Бөлме шаршы тәрізді, көлемі 4,65*4,65 м. Кіреберісі шығыс қабырғасында орналасқан, оның ені 0,9 м. Сыпа периметр бойынша орналасқан, олардың ені 0,95 м, сыпаның оңтүстік-шығыс бұрышы домаланып келген, батыс қабырғаның тұсында ол 0,77 м дейін тарылады, оған аузының диаметрі 0,3 м, биіктігі 0,3 м тандыр орнатылған. Бөлменің батыс, солтүстік және оңтүстік қабырғаларында ойықтар орнатылған, олар жапсырылмалармен безендірілген. Бөлменің оңтүстік бұрышында төртбұрышты оюланған фризді тіреп тұрған екі бағана орналасқан (4-2 сур). Барлық композиция саз балшықтың үстінен ойуы және жабыстыру әдісімен, үстінен жіңішке қабатпен сыланған.
Еденнің ортасында реперден 590 см төмендікте таға тәрізді алтарь орнатылған, оның қабырға биіктігі 15 см. Оның астында шаршы тәрізді, батыс жағы домаланып келген, орталық ойығының диаметрі 18 см алтарь ашылды.
4 бөлмені тазалау барысында еденнің 8 қабаты байқалды, олардың сылақтары жақсы, қалыңдығы 25 см дейін. Толық ашылмаған 3,8,9,6,7 бөлмелер басқа бөлмелерге қарағанда қызметтік міндеттер атқарған, толық ашылған соң олар үш тұрғын құрылысқа бірігуі мүмкін, олардың әр қайсысының орталық тұрғын бөлмелері құрбандық міндеттерін атқаруы мүмкін.
Бөлмелердің архитектуралық әдістеріне және сәндігіне аса назар аударуы қажет. Бүл жерде саз балшық үстіндегі полихромды сызба, алебастрлы жапсырма, қабырғаларды және архитектуралық бөлшектерді қызыл түске бойяулар, саз балшық бетіндегі ойма, қабырғадағы ойықтар, фриздер кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда осыған ұқсас алтарьлар VІІІ-Х ғғ. Алтынтөбе, Құйрықтөбе, Түркістандағы Күлтөбе сияқты ескерткіштерінің бай тұрғын үй бөлмелерінде кездеседі. Бұл жерде біз бірінші рет стратиграфиялық жағдайды қадағалап, еден бетіндегі саз алтарьлардың керамикалық алтарьлармен ауысу уақытын мезгілдеуге мүмкіндік алдық. Болашақ зерттеу барысында 1 қазбаның осы бөлігінде батыс және солтүстік бағыттарына кеңейту қажет, нәтижесінде 3 құрылыс қабатының тұрғын үйлерін ашып және шахристан құрылыстары жайлы мәліметтер алуға болады.
Цитаделдің осы бөлігіндегі стратиграфиясының ерекшеліктері бұл жердегі төменгі құрылыс қабаттарының қабырғалары 2 құрылыс қабатына дейін пайдаланған ірі құрылыстың болуы. Құрылыс қабаттар хронологиясын алдын ала: үстіңгі құрылыс қабаты (нашар сақталған, бірнеше қоқысық тастайтын шұңқырлары бар) ХІІ-ХІІІ ғғ.; 3 құрылыс қабаты (керамикалық алтарі бар бөлме) – Х-ХІ ғғ; 3 құрылыс қабаты (бірнеше қабат едендері бар 4,2,9,5 бөлмелері, төменгі қабаттағы ірі құрылыстың жоспарын қайталайды) – VIII-IX ғғ мерзімдеуге болады.
1. Байпаков К.М., Смагулов Е.А. Средневековый город Сауран Алматы 2005, с. 62-66; Смагулов Е., Столярова Н. Городище Каратобе – Древний Сауран // Материалы международной научно-практической конференции «Древний Тараз и тюркская цивилизация». – Тараз. 2007. – с.105-108; Смагулов Е.А Сауранский археологический комплекс: дефиниция, содержание, границы // Известия МОН РК, 1,2007, с.126-136; Смагулов Е.А Некоторые итоги исследования древнего Саурана (городище Каратобе) // Отчет об археологических исследованиях по государственной программе «Культурное наследие» в 2007 г. – Алматы, 2008. 0.284-288.
2. Қаратөбедегі жұмыстар «Өлкетану» ҚҚ (Тараз қ.) қаржылай қолдауымен жүргізілуде, оның құрылтайшыларына біз өз алғысымызды білдіреміз.
3. Осы қазбада 2 ҚҚ ертерек табылған тал бейнеленген «етікшемен» (2-3 сурет) осы олжалар Х-ХІІ ғғ. өте әйгілі болған тұмарлардың түрлерін кеңейтеді.