Мұнда мәдени мұраның көрікті ескерткіштері қайталанбас табиғатымен қосыла отырып, бірегей кешенді құрайды.
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ жүргізіп отырған тарихи- мәдени мұраны сақтау және қолдану жоспарлы жұмыстары, әрине, археологиялық зерттеулерді де қамтиды. Осы зерттеулердің арқасында еліміздің мәдени мұрасының жарқын ескерткіштерін сақтауға және таныстыру мүмкіндігі пайда болды.
Ата-бабамыздың тарихы мен мәдениетінің жарқын кезеңдерін ашуда археологиялық зерттеулердің маңыздылығын көрсету үшін өз уақытындағы сарматтар ғибадатханасының ашылымын келтірген жеткілікті болар.
Келісім шарт бойынша археологиялық зерттеулер алдын-ала зерттеулер бойынша Байте және Қызылұйық1 типтес сармат кезеңінің табынушылық ғимараты ретінде түсіндірілген Тасбас ескерткішінде жүргізілетін болды.
Нысан Жетібай ауылынан қырық шақырымда, Тасбас фермасынан 4 шақырым оңтүстікте, Жетібай-Үштаған жолынан 3 шақырым батыста биіктігі басым қыраттың үстінде орналасқан. Ескерткіш бір қорғаннан және одан 10м шығысқа қарай орналасқан 2006 ж. Ақтау археолог мамандарымен зерттелген тас қоршаудан тұрады. Қорған мен қоршауды жағалай тас қаланған. Қазба жұмыстарына дейін қорған ор белгілерінсіз, биіктігі қазіргі заман қабатынан 4 м болатын ғимартқа ұқсас болған. Ғимарат жобасында сопақтау болып келген. Оның өлшемдері (негізінен бастап) 27 м (С-О) - 28 м (Б-Ш) құрайды. Үйіндінің едендері қазіргі күнгі қабатқа ауысқан, оңтүстік беткейі тайқылау келген, айқын қазылған орындар бекітілмеген, әр жерлерде дұрыс қаланған тастар байқалды.
Ғимараттың ортасында жайылып кеткен апан - шұңқыр іздері белгіленген.
2008ж дала маусымының негізгі мақсаты нысанның қызметін анықтау болды. Сонымен қатар, осы нысанды тазалау жұмыстары бойынша негізгі көлемін атқару ісі сәтті аяқталды. Әсіресе, нысанның ортасындағы тасты басып қалған бөлігі 3-3,7 м тереңдікке дейін тазаланып, оның негізгі өлшемдері және конструкциясы анықталып, тасты басып қалған үйіндінің негізгі бөлігі тазаланды. Нәтижесінде нысанның негізгі бөлігі реттеліп қаланғандығы, қорған үйіндісінің қираған бөлігі еместігі байқалып, оның едәуір өлшемді әжептәуір күрделі архитектуралық құрылыстың қираған қалдықтары екендігі анықталды.
Орталық және сырттағы бөліктерінің зерттеу жұмыстары үйінді қабатын жік- жіктей алу арқылы, тасты тосапты қабаттан, тас конструкция мен қалауларды тазалау және үйінді басып қалғандығы айқын тастарды алып тастау арқылы жүргізілген. Нысан ортасынан солтүстік-оңтүстік бағытта жарқабақ қалдырылды. Жұмыс барысында орталық бөлік бірнеше басқыншылық қазбаларының зонасы екендігі анықталды.
Ғимараттың жоғарғы қабатындағы үйінділерді көзбен шолып зерттеу және алу қазба жұмыстарының одан арғы желісін анықтады. Бұл үйіндінің жоғарғы периметрі бойынша қабырғаның жоғарғы бөлігі нобайланып, ғимарат қазбасын ішкі және сыртқы бөліктерге бөліп тастады. Жарқабақты жағалай жалпы стратиграфиясын сақтай отырып, біз ғимараттың ішкі кеңістігін жеке тазалап, құлап қалған үйіндіні сыртынан зерттедік.
Орталық бөлікті тазалау барысындағы стратиграфиялық байқаулар бойынша, тас үйінділер іс жүзінде тек тығыздығымен ғана ерекшеленіп, ортаңғы кеңістіктің барлық алаңында байқалды. Ең тығыз орналасқан тас жиынтығы орталық бөлігі болды. Ішкі кеңістік тас блоктары мен плиталардан, араласқан борпылдақ саз бен құмнан тұратын тау жынысынан (тосқынды қабат), сонымен қатар, жекеленген мал сүйектерінен, бөлек және шағын көмір қалдықтарынан, өртелген мал сүйектернен және өрт орындарынан құралған.
Сыртқы жағынан ғимарат, бәлкім, сыртқы диаметрі 15 м, орталық диаметрі 10 м болатын екі сатыдан құрылуы мүмкін. Екінші сатының ені 1 м үш-төрт қатарға тізілген тастан құралып, біріншіден 0,3*0,4 м биіктікте орналасқан. Орталық бөлігі, жоба бойынша диаметрі 5 м домалақ ғимаратқа келетін, өлшемдері 0,5*0,1-ден 1*0,5 дейін жететін добал өңделген жалпақ тастардан тұрады. Тереңдігі қазба жұмыстары аяқталғанда белгілі болады. Ғимараттың жоғары бөлігі төменгіден қысаңдау болып келген. Қабырғаның жоғарғы бөлік қалауының бөліктерін зерттеу арқылы ғимараттың жоғарғы бөлігі тарылған, күмбез құрылысы деген болжам бар.
Қабырғаның оңтүстік жағында ені 0,7 м болатын сыртқа қарай кеңейтілген өтетін жер бар. Ғимараттың ішіне қарай, көрсетілген өту жері арқылы сыртқы жағынан жоғарыдан төменге қарай тас саты жүргізілген. Тек қана төрт баспалдақ сақталған екен, төменгі баспалдақ ішкі қабырғаның, ал жоғарғы баспалдақ сыртқы қабырғаның бір бөлігі болып табылады. Саты адымының ұзындығы 2,7 м, ені 0,7 м, жоғарғы тастың жалпы биіктігі 1,9 м құрайды. Екі орталық баспалдақтар бір-біріне қаланған, қалыңдығы 3-12 см және ұзындығы 50 см болатын үш жалпақ тастардан тұрады.
Орталықтан өтетін солтүстік-оңтүстік бағыттағы жарқабақты құлату барысында 2,9 м тереңдікте бір-бірімен түйісетін тікбұрышты тастан жасалған құрбандықтың (жан-жағы қайқыланған) екі сынығы табылған. Ол әк монолитінен қашалып алынған және жоғарғы (жұмыс) бөлігінен және құрбандықтың жұмыс қырын қайталайтын подиумнан (негізінен) тұрады. Сақталып қалған құрбандықтың өлшемдері 0,5*0,55 м, жалпы биіктігі 0,25 м дейін жетеді. Құрбандықтың жұмыс бедерін құрбандықтың қарасын қайталайтын аласалау борт нобайлайды. Борттың ені құрбандықтың қысаң бөлігінде 5 см кең бөлігіне қарай 1 см дейін ауытқып отырады. Құрбандықтың ортасында жебелер жабдықталған садақ суреті кесіп салынған, сурет өлшемдері 20*20 см, жебе ұшының ағаш негізінен борт жағына қарай ұзындығы 7 см болатын үш сызық кетіп жатыр.
Тазалаудан кейін орталық бөлікте 3,7 м тереңдікте ғимараттың ішкі бөлмесінің барлық ауданы бойынша қалыңдығы 0,3 м болатын адам сүйектерінен тұратын қабат белгіленді. Сүйектері бар қабатта батыс қабырғаға тік қалыпта таяу қабысқан дөйекі өңделген тас плиталар тазаланды. Ұзын жағымен солтүстіктен оңтүстікке бағытталған өлшемдері 0,9*0,6 м болатын, ортасында тас плитасы бар тік бұрышты жәшік плиталарға келеді. Адам сүйектері қабатында жұмыс аяқталды.
Ғимарат бөлмесінің ортаңғы бөлігіндегі қабатты тазалау барысында 0,1 м-3,7 м деңгейдегі тереңдікте келесідей заттар мен фрагменттер табылған:
1. Қола сауыттың фрагменттері – барлығы 5 дана. Ернеу бөліктерімен қабырғалары. Бөлшектер өлшемдері 5 см-ден 10 см дейін профиль қалыңдығы, 7 см ернеу алды, 0,5 см қабырға алды.
2. Үшқалақты төлкелі қоладан жасалған төлкесінде тесігі бар жебе ұшы; жалпы ұзындығы 4 см, қаламұш ұзындығы 1 см, төлке ұзындығы 1 см, төлке диаметрі 0,6 см.
3. Үшқалақты төлкелі қоладан жасалған төлкесінде тесігі баржебеұшы; жалпы ұзындығы 4 см, қаламұш ұзындығы 2,8 см, төлке ұзындығы 1,2 см, төлке диаметрі 0,7 см. Жебе ұшында ұшталған іздер байқалады.
4. Оқ тәріздес формалы төрт параллельді бороздалары бар қола бұйымның сынықтары. Жырығында крест формалы, қысаң ұшы ертеде сынып қалған, сақталып қалған бөлігінің ұзындығы 3,3 см, ені 0,8 см.
5. Сыртқы жағынан екі паралельді көлденең сызық жүргізілген ішкі жағынан өңделген іздері бар, өлшемдері 2,2*3*0,5 см болатын тас бұйымның сынықтары.
6. Иленген сауттың сынықтары – барлығы 50 фрагмент. Сынықтардан сауыт профилін қайта жасау (көптеген фрагменттер жоғалған) сәтсіз аяқталғандықтан сауыттың биіктігі анықталусыз қалды. Қабырға қалыңдығы 0,5-0,8 мм, сыртқы бетінің түсі қара. Ал ішкісі қызыл түсті.
7. Станокты сауыттардың фрагменттері – 50 дана. Көптеген бөліктердің жоқтығынан сауыттың толық профилін анықтау мүмкіндігі болмады. Сауыттың ішкі және сыртқы жақтары қызғылт-сары түстес. Ернеу, қабырға, caп және түп фрагменттері кездеседі.
8. Станокты сауыттардың фрагменттері – 45 дана. Сынықтардан сауыт профилін қайта жасау (көптеген фрагменттер жоғалған) сәтсіз аяқталғандықтан сауыттың биіктігі анықталусыз қалды. Ернеу, қабырға, caп және түп фрагменттері кездеседі. Ернеу қалыңдығы 1,3 см, қабырға қалыңдығы 1,7 см, түбінің қалыңдығы 1,8 см. Сақталып қалған caп бөлігінің ұзындығы 5 см, ені 1 см, сыртқы және ішкі беттерінің түсі сұр, омырылым жері де сондай түстес.
9. Кремень жаңқасы, өлшемдері 5,6*7,7 см.
Бұйымдардан басқа мал (қой) сүйектері кездеседі. Олардың кейбіреулері қасақана жарылған. Үйіндіні тазалау барысында бытыраңқы адам сүйектері, төрт төменгі жақ сүйектері, жанбас, сан сүйектері табылған.
Жұмыс барысында зерттелу үстіндегі нысанның мерзімдеу және мәдениетке қатыстылығын алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін заттар кешені табылды. Барлық табылған археологиялық материал 5 категорияға бөлінеді: керамикалық және темір ыдыстың қалдықтары, қару-жарақ, табынушылық заттары, адам және мал сүйектерінің фрагменттері.
Керамикалық кешен станокты және илемелі ыдыстарға бөлінеді. Станокты керамикадан жолақтармен безендірілген сабы бар құмыралар бар. Бұған ұқсас керамика Хорезм көнеліктерінде кездеседі. Бұл оның импорттық тектес екендігін көрсетеді. Ол б.з.д. IV-ІІІ ғғ. мерзімделеді.
Илемелі керамика құмыра формалы сауыттардан тұрады, олар сармат көнеліктеріне ұқсас келеді. Қару-жарақ үшқалақты төлкелі қоладан жасалған жебе ұштарынан тұрады. Мұндай бұйымдар сармат кезеңінде кең тараған б.з.д. V-IV ғғ жатады.
Табынушылық бұйымдары монолитті әк блоктан жасалған тас құрбандықтың екі фрагментінен тұрады. Бұған ұқсас, тек формасы мен өлшемдеріндегі сындарлы айырмашылықтарымен ғана ерекшеленетін жәдігер Бәйте (Маңғыстау облысы) кешенінің басты табынушылық ғимаратынан табылған. Нысанның конструкциясы Бәйте (Маңғыстау облысы) және Қызылұйық (Ақтөбе облысы) ескерткіштеріне ұқсас. Бұл ескерткіштерде де сыртқы жағынан мұқият өңцелген тастары бар, кіру оңтүстікте орналасқан жобада тастан жасалған домалақ құрылыс. Тасбас басқа ескерткіштерден сыртқы қоршауы және адам жерлеулерімен ерекшеленеді. Бәйте және Қызылұйық ғимараттары храм- ғибадатхана ретінде түсіндіріледі. Зерттелу үстіндегі Тасбас ескерткіші, осы ескерткіштер шеңберіне енеді, бірақ, жерлеу белгілері бойынша бірнеше күрделі сипатқа ие.
1. См. В С. Ольховский, ЛЛ.Галкин Культовый комплекс на Устюрте. СА 1990, № 4, С.196-206 ; В С. Ольховский Л.Л. Галкин К изучению памятников северо-восточного Прикаспия эпохи раннего железа РА, 1997. №4. – С. 141-155; Самашев З.С., Онгар А.