Ғибадатхана Жамбыл облысының, Мерке ауданының территориясында және жалпы алғанда Шу өзенінің алқабында орналасқан. Алқаптағы географиялық ықшам аудандарды ландшафты-топографиялық негізде аудандастыру, әрбір ғұрыптық кешеннің: Мерке және Жайсан орналасуындағы ерекшелігін көрсетеді. Мерке ғибадатханасы Мерке өзенінің жоғарғы ағысындағы биік таулы альпілік шабындықта орналасса, Жайсан ғибадатханасы Мерке ғибадатханасының солтүстігіңде 120-140 км қашықтықта. Шу-Іле тауының солтүстік баурайының далалық бөлігінде орналасқан.
Екі эталонды түркі кешендерін аудандастыруда ландшафты-топографиялық ерекшеліктері және тас мүсін, тас бағандар қойылған мемориалды ескерткіштердің негізгі дифференциацияларына негізделді. Осы ғұрыптық объектілермен бір кеңістікте орналасқан петроглифтер, таңбалар, құрбандық шалу орындары және руникалық жазуларда да айырмашылықтар байқалады.
Батыс түрік қағанатының орталығы болған Шу өзенінің алқабында таралған Жайсан ғибадатханасындағы көне түркілердің ғұрыптық-мемориалды кешендерінің ашылып зерттелуі, осы кеңістікте тараған әр түрлі жобамен салынған ғұрыптық ескерткіштердің арақатынасын анықтауда маңызды. Шу өзені алқабында ғұрыптық құрылымдар-қоршаулармен қатар, типі және мазмұны бойынша соларға сәйкес келетін тас мүсіндері бар қорғандар орналасқан. Басқа эталондағы кешен ретінде Мерке ғибадатханасындағы ескерткіштерді атаймыз, оның құрамына қазірге дейін сақталған жүздеген мемориалды құрылымдар кіреді және бүгінде онда in situ 70 тас мүсін тұр.
Мерке ғибадатханасындағы тас мүсіні бар қорғандар кешенін типологиялық топтастыру нәтижесі, ғұрыптық ескерткіштер негізін қорған үйіндісінде немесе қорғанның жанында жұптасып және жеке орнатылған әйел және ер адам мүсіндері құрайды. Ғибадатханадағы тас мүсіндердің иконографиялық ерекшелігі, кіндік тұсында екі қолымен ыдысты ұстап тұрғанын бейнелеуі болып тұрады (1 фото). Мерке ғибадатханасындағы ғұрыптық құрылымдарды Жайсан ғибадатханасындағы мемориалды ескерткіштермен салыстыра отырып талдау, Шу өзені алқабында орналасқан түркілердің бірегей және эталонды ғұрыптық- мемориалды кешендерінің түбірлі өзгешеліктері барын көрсетеді. Ескерткіштерді бірегей және эталонды деп анықтау кездейсоқ емес, термин ескерткіштің ғұрыптық мазмұнын анықтайды, мемориалды құрылыстың сақталу деңгейі, барлық типтегі ғұрыптық құрылымдардың сандық және сапалық келбеті: әр бір кешенде ондаған ғұрыптық және жүздеген жерлеу ескерткіштер мен қатар петроглифтер, руникалық жазулар, рулық таңбалар және тас алтарьлар болып табылады.
Тоғансай өзенінің террасасында, мүсінді ескерткіштер және петроглифтер орналасқан кеңістікте тас алтарьлар көп мөлшерде табыл- ды. Тас алтарьлар үлкен кесек болып келеді және бетінде кеседей-кеседей ойықтар көптеп салынған. Олардың кейбіреуінде ойықтармен қатар, тастың ортасында немесе шетінде таңба салынған. Ірі көлемдегі домалақтау болып кел- ген диаметрі 3 м шамасындағы, өзеннің сол жақ жағалауына қарайтын бөлігі 1 м шамасында биіктеп және сол жағы жерге қарай еңістелген тас алтар назар аударарлықтай қызықты. Тастың беті тегістелген, тастың қақортасында диаметрі 0,5 м және тереңдігі 0,1 м болып ойылған шұңқыр жасалған. Шұңқырдың іші қара түсті, кілейленген май тәріздес затпен боялған.
Кеседей шұңқырлар тастың негізгі бетіне және барлық периметрлеріне салынған. Шұңқырлардың көбісі орталық шұңқырдың жанында орналасқан, цементтелінген конгломераттарда салынған.
Тоғансай өзенінің жағалауында орналасқан ғұрыптық ескерткіштерді жобасына және топографиясына назар аудар қарасақ, мұнда ескерткіштердің көптеп шоғырлануы бұл жер- де ғұрыптық дәстүрлер және қызметтер атқаратын орталық орналасқан болуы мүмкін деген ойға әкеледі. Өзеннің қайнар көзінде, жартастың ең биік шыңында сондай-ақ сол жағалаудағы жартастарда петроглифтер бейнеленген. Өзеннің екі жақ террасасында да таңбалары және ойықтары бар тас алтарлар табылған. Оларға таяу жерде тас мүсіндері бар түркі қорғандары орналасқан. Ер және әйел мүсіндерінің негізгі иконографиялық ерекшелігі екі қолын жартылай бүгіп, кіндік тұсында ыдысты ұстап тұруы болып табылады. Ыдыс абыздың атрибуты болған. Ескерткіштердің абыздық сипаты, қазақ даласында кең тараған мүсіндеу өнерінің ерекшелігі. Осыған ұқсас, қолына тек ғұрыптық ыдыс ұстаған мүсіні бар ғұрыптық мемориалды кешендер Сарыарқа даласында да табылған. Түркі руларының ежелгі дүниетанымдық дәстүрлерді ғасырлар бойы және өздері мекендеген кеңістікте жалғастырып ұстағандықтары ерекше байқалады. Мысалы, IX ғ. аяғын- да оңтүстік орыс даласын, Волгадан Дон және Днепрге дейінгі даланың батыс бөлігін мекен- деген көшпенділер түріктер (оғыздар), печенег және қыпшақтарда аруақтарға арнап мүсіні бар храмдар салған. Ғұрыптық құрылымдар қорған типтес құрылым болды. Батыс түркілердің мүсіндерінің ерекшелігі ыдыс болды. Екі қолын сәл бүгіп кіндік тұсында ыдысты ұстау манерасы Мерке ғибадатханасында суреттелген ескерткішке ұқсас.
Мерке ғибадатханасындағы ескерткіштер негізінен батыстық мүсіндеу өнеріне ұқсас болса, Жайсан даласын мекендеген көшпенділердің мемориалдық ескерткіштері, түркі көшпенділерінің шығыс ареалы территориясында мекендеген руларының ғұрыптық- мемориалды ескерткіштеріне ұқсас болып келеді. Айтпай кетуге болмайтын нәрсе, екі түркі ғибадатханаларындағы типтік ерекшелік екі түркі әлемінің: шығыс және батыс ареал- дағы түркі мәдениетінің идеологиялық ұстанымдарындағы ерекшеліктері байқатады. Басқа жағынан қарағанда, ғибадатханадағы ескерткіштер түркі руларының тарихи-мәдени қарым-қатынасын байқауға мүмкіндік береді. Мерке ғибадатханасындағы қорғанды құрылымдар арасында тас мүсін және стела қойылған ғұрыптық қоршауларда табылды. Жайсандағы ер адам мүсінімен қатар әйел мүсіндері де қойылған. Алтай, Тыва және Монғолия жеріндегі осы ескерткіштерге ұқсас ескерткіштерде әйел мүсіндері кездеспейді (Күлтегін храмдық кешенін қоса алғанда).
Мерке және Жайсан ғибадатханаларын- дағы жартас суреттерін зерттеу жұмыстары, бұндағы петроглифтердің тақырыптық және бейнелеу өнеріндегі стиліндегі басты ерекшеліктерін байқатады. Мерке ғибадатханасындағы жартастарда негізінен тау текелер және Жайсан ғибадатханасының жартастарында кездеспейтін күн тәріздес дөңгелек таңбалар бейнеленген. Тау текелерді салу стилі қаған таңбасындағы тау ешкінің бейнеленуіне ұқсас. Мерке ғибадатханасында тау ешкілерге аңшылық жасау көрінісі кездеспейді. Орта- сында нүктесі және шеті сәулеленген, дөңгелек келген таңба Меркеде екі жерде кездессе, ал үш бұрышты таңба бір жерде кездеседі. Екі ғибадатханада да рулық және петроглифтерді зерттеу, осындағы тас мүсіні және стеласы бар мемориалдардан алынған материалдармен салыстырып қатар жүргізілуде. Кешенді зерттеу жұмыстарына ғылыми ізденістермен қатар ғибадатханалар орналасқан жердегі тұрғылықты халықтың этнографиясын зерттеу қосыла жүргізілді.
Археологиялық зерттеулердің қысқаша қорытындысы Жайсан және Мерке кешендеріндегі түркілердің эталонды ғұрыптық-мемориалды ескерткіштерінде алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын көрсетеді. Ең негізгі маңыздылығы қазақ даласында түркі мәдениетінің қалыптасу және даму мәселелерін қалпына келтіруде, Мерке ғибадатханасынан алынған материалдардың Сарыарқа кешеніне ұқсастығы және этнографиялық деректер құнды мәлімет береді. Қазақ халқының негізі болған түркі көшпенділерінің этногенезінің тарихи-мәдени процессін көрсетуде, түркі дәуірі ескерткіштерін зерттеу өзекті әрі маңызды болып табылады.