Негізгі ауқымды жұмыстар Ой-Жайлау 8 және 8а обаларында жүргізілді. Далалық маусым материалдарын талдау ұзақ уақытты қажет ететіндіктен, әзірше, тек бірнеше қорытындылар туралы айта аламыз.

Ой-Жайлау 8 және Ой-Жайлау 8а обаларының жерлеу құрылыстары толықтай зерттелінді.  Бұл жұмыстарды жүргізу барысында Жетісудың ертетүріктік кезеңін зерттеуде маңызды орны бар нәтижелерге қол жетті. Ой-Жайлау 8 – бұл оңтүстіктен солтүстікке шынжыр секілді созыла орналасқан үш шаршы қоршаудан тұратын кешен. Екі қоршауда алғашында тас мүсіндер орнатылған. Анықталғандай, тас мүсіндер қоршаудың батыс шығыс жағында емес, орталығында орналасқан. Кешенді зерттеу барысында керамикалық кесе қалдығы, металл әшекейлер жабыстырылған тас курант (монарағ орнатылған сағат) қалдығы табылды. Ой-Жайлау 8 обасында ертетүріктік кезеңнің ескерткіштерін зерттеу мақсатында әр түрлі тас құрылымды қорғандар сериясын зерттеу жұмысы жалғастырылды. Ой-Жайлау 8 қорғады обалар тобына енетін қабіртасы бар ритуалды қоршауда зерттеу жұмыстары жалғастырылды. Қоршауды толықтай зерттеу оба және ондағы объектілердің саны мен кезеңделуі туралы толық қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Бүгінгі уақытта бұл обаның 25 объектісі: 24 қорған және қабіртасы бар 1 қоршау зерттелді. Қорғандар былтыр зерттелген шынжыр бойынан шығысқа қарай орналасқан. Қоршаудан табылған жүрек тәріздес, вертикальды шығыңқы жері бар күміс әшекейлер Таулы Алтайдағы бірнеше ертетүріктік қорымдардан мысалы VІІ-VІІ ғғ. кезеңделетін I Аққоба обасының немесе Джолин 1 обасының 9-қорғанының1 жерлеу инвентары арасынан табылған заттарға ұқсас болып келеді. Сәйкесінше зерттеліп отырған Ой-Жайлау 8 обасының қорғандары да осы кезеңге сай келеді.

Осылайша, Ой-Жайлау 8а обасын құрайтын тас қорғандардың жасы анықталды. Обаны зерттеу барысында ертетүріктік оба анықталды және бізге кездескен ерекше жерлеу орнына хранологиялық анықтама жасалды. Бұл жерде адам сүйектерінің жартысы діни мақсатта моладан шығарылған. Кейбір жағынан бұл көрініспен біз Бұтақты 1-дегі жерлеу салтын зерттеу барысында кездескен едік: сыртқы көрінісі жағынан қаңқаны бұзатын тонау: «тонау» өте мұқият жүргізілген, тіпті кейбір сүйектерге «тонаушылар» тимеген де. Бұл жерде «тонау» туралы айту орынсыз. Бұл обаларды қалдырған ерте ортағасырдың малшыларының фологиялық көзқарастары бұрын анықталғаннан гөрі күрделі жүйеге ие болған. Ой-Жайлау 8а обасының қоршауларын зерттеу нәтижелері жерлеу қоршауларының ортасына қабіртастар мен тас мүсіндер орнату Жетісуда түрік кезеңінде өзіне тән белгі болғаны туралы қорытындыға келуге мүмкіндік берді.

1.      Кубарев Г.Б., 2005. табл. 91,5; 62,14.