8-қорғанның жерлеу орнын зерттеу аяқталып, 9-қорғанның тас конструкциясына кесік түсірілді және жоспары сызылды.
Маусым бойына екітас қоршаудан тұратын ежелгі түріктік кешен зерттелді. Оларда басында ер адам бейнесіндегі тас мүсіндер болды.
8-қорғанның астындағы жерлеу орнын зерттеу обаның тонаушылар кесірінен толықтай жойылғанын, тоналғанын көрсетті. Қорғанның тас сақинасы толықтай бұзылып, жекелеген тастар мен тас үйінділері ретінде ғана қалған. Обаның солтүстік-батыс жағындағы тастар тонаушылар алып тастап, бұл жақтан обаға тонау жолы салынған. Адам қаңқасы тонаушылар әсерінен толықтай жойылған. Онда тіпті бас сүйекте сақталмаған. Жинақталған жәдігерлер есебінде керамикалық ыдыстар қалдықтарын көрсете аламыз. Ескерткішті нақты кезендеуге мүмкіндік беретін негіз жоқ.
9-оба диаметрі 5,2-5,3, биіктігі 0,6 болатын тас қалау түрінде болған. Қалаудың оңтүстік-батыс бөлігінен орталыққа қарай тастармен толтырылмаған өзіндік «дәліз» байқалады. Обаның ірі тастардан құралған жамылғысы бұзылмай сақталған. Жерлеу орнынан басы солтүстік-солтүстік-шығысқа бағытталып, шалқасынан созылып жерленген жасөспірімнің сүйегі табылды. Оның бас сүйегінің жанынан құстың бас сүйегі аршылды. Обаның шығыс қабырғасын бойлай жерленген сүйектің сол жақ шынтағының түбінен вертикалды ұстағышы бар керамикалық ыдыс қойылған ниша табылды, сондай- ақ бұл жерде темір пышағы бар қойдың төменгі омыртқасының бөлігі және құс сүйегінің қалдықтары табылды (?).
Жерлеу ғұрпының символикалық жағы жақсы көрінген: тас жамылғының беткі қабатынан құмнан жасалған қызыл-күлгін түсті қайрақ, тас жамылғының тастары арасынан қызыл-күлгін түсті доғал құм, тақта секілденіп істелген тас алтарь және тас жамылғының солтүстік секторында қорған тастарының астында, топырақ қабатына сұғылған қола біз табылды. Қорған алаңынан мойыны жіңішке ыдыстың тас кақпағы, тастардың арасында немесе астына қойылған керамика кешені табылды. Обаның толтырылуы арасынан бор жиынтықтары байқалады.
Қорғаннан солтүстік-батысқа қарай 11,2 м қашықтыкда құрбандықтың 7-тас шеңбері табылды. Ескерткіш жақсы сақталған, оның мәдени - хронологиялық атрибуциясы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Далалық материалдарды өңдеу және мәдени - хронологиялық атрибуциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 9 - қорғанның жерлеу ғұрыптары және жерлеуден кейінгі өзгерістер туралы кейбір мәселелер анықталды.
Антрополог А.Исмагулова дайындаған антропологиялық анықтамалар жерленген индивидтің антропологиялық түрін анықтауға мүмкіндік берді; жасы 15-16-да, жыныстық белгілері анық байқалмайды, антропологиялық белгілері – европалық және монғолоидтық нәсілдердің араласқан түріне жатады.
Қаңқаның екі қолының буындарының және оң аяғының тізе ұршығының жоқ екендігі анықталды.
Жоспарда тіркелген қорған жамылғысының оңтүстік-батыс шетінен орталыққа қарай бағытталған дәліз тектес құрылыстың болуы, сондай-ақ обаны тазалау жұмыстары барысында еденге себілген бордың қалдығының табылуы және обаға кіретін «ойықтың» 24 салынуы - белгілі бір өлген адам зияншылығын жою мақсатында жасалғанын көрсетеді. Мүмкін осындай әрекеттердің әсерінен оң қолының сүйек асты сүйектері шамамен 1 метр оңтүстікке қарай қашықтықтан, ал тас алтарь мен қайрақ болса қорғанның бетінен табылды.
9-қорғаннан табылған жәдігерлер арасынан жерлеу камерасының шығыс қабырғасынан табылған керамикалық ыдыс үлкен қызығушылық тудырады.
Керамикалық ыдыс түбі дөңгелек, тұлғасы да дөңгелене біткен қысқа мойынды және сыртқа қайырылған жақтаулы. Ыдыс биіктігі 11,1 -11,3 см., диаметрі – 13,5 см. Ыдыстың жоғарғы бөлігінде вертикальды орнатылған ұстағышы бар ыдыс қолмен жасалған, ернеуінің кейбір түзу емес жерлері құмыра денесінің жақсы оюланған жоғарғы бөлігінің айшықтылығымен аса көп көзге түспейді, оюлар белдеу түрінде салынған.
Жалпы белгілері бойынша бұл ыдыс үйсін дәуірінің ыдыстарына ұқсайды. Дегенмен талдап зерттеу бұл ойдың негізсіздігін байқатады. Дөңгелек денесі мен вертикальды ұстағышының болуы үйсін саптыаяқтарына тән белгілер, бірақ олардың ернеулері болмайды және оларға бетіне салынған оюлар тән емес.
Бүгінгі таңда осындай оюлы ыдыстың толық аналоты кездеспеді, ал жекелеген элементтерінің ұқсастығын кездестіруге болады. Оюлары бар керамикалық ыдыстар Жетісудың жерлеу кешенінде, сақ, үйсін дәуірі қорғандарында да кең таралмаған. Белдеу түріндегі оюлар ІІІұбарат 1 және Каменка обаларының қорғанындағы жерлеу орындарынан кездескен.
Қорғанды кешеннің мәдени-хронологиялық атрибуциясы бойынша жүргізілген жұмыстар мұнда бірнеше мәдени дәстүрлердің элементтері байқалатынын көрсетеді. Кешендегі зерттеулер жалғасуда.
Балбал тастары бар тас қоршаулардың жаңа кешенінде зерттеулер басталды. Кепіен жайлаудың оңтүстік беткейінде орналасқан және 23 номерімен жайлаудың археологиялық картасына енді.
Қазба жұмысы барысында екі қоршау тазаланды, олар шаршы түрінде солтүстіктен оңтүстікке қарай түзу бойымен орналасқан олардың кабырғалары арасындағы қашыктық 1,2 м болады. Екі қоршауда тонаушылар әсерінен қирағаны анықталды.
Солтүсгік қоршау қабырғасымен жерге көмілген 1-2 плиталардан тұратын вертикальды қабырғалары бар тас жәшік түрінде сақталған. Қабырғалардың ұзындығы 2,2-2,4 м. Қоршауды толтырған тастар толықтай сыртқа лақтырылып тасталған.
Балбал тас қоршаудан шығысқалақтырылып тасталған, онымен қатар шығыс қабырға құлаған. Тонаушылар қоршауларды қабырға негіздеріне дейін қазып тастаған.
Екінші оңтүстік қоршау біріншіге параметрлері бойынша ұқсас болып келгенмен, оған қарағанда қатты қираған. Қабырғалары кезінде тігінен қойылған 1-2 плиталардан тұрғызылған. Олардың қазір тек солтүстік және батыс қабырғалары ғана вертикальды формада қалғандары сындырылған және құлатылған. Балбал тасы да құлап жатыр. Қоршау негізделген тонауға ұшыраған: қоршаудың ішкі бөлігі қазылған, бірақ толтырылған тастар сыртқа шығарылмаған, тек орындары ауыстырылған. Зертгелген кешен балбал тастардың қоршаудың ортасына, беті шығысқа қарап орнатылғанын байқатады.
Балбал тастардың ұзындықтары 225 см және 243 см арнайы таңдап алынған тастардан жасалған. Тастардың бас жағында бейнесі салынған. Солтүстік қоршаудың кейіпкері көздері бір-біріне жақын орналасқан, ұзын мұрынды, мұрты және сақалы бар ер адам бейнесінде, оңтүстік балбал таста оған қарағанда жастау, шашақ сақалды, басында қалпақ секілді бас киімі бар кейіпкер бейнеленген.
Аталған жерлеу кешені біз бір жыл бұрын зерттеген Ой-Жайлау - 8 обасындағы 25 жерлеу кешенімен мәдени және хронологиялық байланыста екені анықталды. Екеуінде де ер адам бейнеленген балбал тастары бар, және екеуінің де оңтүстіктегісі қалпақпен. Ерте түріктік кезеңнің балбал тастары арасында мұндай бейнелер белгілі болған емес. Осылайша Ой-Жайлау жайлауында жүргізілген соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша әзіріпе белгісіз культті бейнелерді көрсететін жаңа иконографиялық түрдегі балбал тастар анықталды. Шамалауымызша, Ой-Жайлау балбал тастары Ой-Жайлау мен Тамғалы тасқа салынған кейіпкерлер арасынан өз ұқсастықтарын табуы мүмкін.