Іле ауданындағы археологиялық ескерткіштер ішінде Қаялық көлемі жағынан ең үлкен калашық болып табылады. Солтүстік - шығыс қабырғасының ұзындығы 1200 м, оңтүстік батыс қабырғасы - 750 м, биіктігі 3,5-4 м. Ащы бұлақ өзені қалашықтың ортасынан ағаш жатыр, оңтүстік - батыс шекарасы Жоңғар Алатау етегіне дейін жетеді. Қабырға бойында әр 30-45 м сайын мұнаралар орналасқан. Қала территориясына солтүстік - батыс, солтүстік - шығыс және оңтүстік - шығыс жақтарынан кіруге болады. Ескерткіштің аумағының барлығынан бұрынғы құрылыс іздері байқалады: шұңқырлар, үлкен емес төбешіктер жән т.б.

XI-XIII ғғ. деректерде Қаялық Қарахан қағанатының құрамындағы қарлұқ мемлекетінің астанасы ретінде беріледі, ал XIII ғ. ортасында қала Моңғол империясының құрамында болды.

Археологиялық зерттеулер негізінде қаланың XIV ғ. дейін өмір сүргені дәлелденді.

2009 ж. маусымында үш қазба салынды.

Бірінші қазба шахристанның солтүстік бөлігіндегі төрткүл орнында салынды - болжам бойынша бұл ерте кезде цитадель болуы мүмкін. Қазба 40 мм көлем жерді алып, екі құрылыс қабаты зерттелді. Бірінші құрылыс қабатында тұрғын жай қалдықтары, ал екінші құрылыс қабағында қоғамдық ғимарат аршылды. Тұрғын жай, көлемі 38*22*7 см болатын шикі кесектен қаланған. Кейбір қабырғалар ерте кезеңге жататын құрылыс қалдықтарын ірге тас ретінде пайдаланып, үстіне салынған. Тұрғын жайдың аумағы 12*16 м, бірнеше тұрғын бөлмелер мен шаруашылық бөлмеден тұрған. Айван есігі шығыс жағында орналасқан. Бұл құрылыс қабырға қаландысымен ерекшеленеді. Тұрғын жайдың қабырғалары алдымен ағаштан жасалған жәшік құрастырып оның ішіне 42*21-22*10 см болатын кесекпен қалаған. Осындай екі қатар қаланып, ортасы балшықпен толтырылған. Қабырғаның қалыңдығы 60-90 см болған. Одан кейін қабырға сыланып, қызыл түске боялған. Төбесі де ағаш бөренелерден құрастырылып қамыспен жабылып, сылақпен сыланған болатын. Барлығы екі құрылыс қабатынан 13 бөлме аршылды. Кейбір бөлмелерде таға тәрізді керамикалық алтарьлар табылған. Беткі жағында тереңдетіліп салынған оюлар бар. Алтарьдың алдында ағаш күліне толған үлкен емес шұңқыр бар. Қазба барысында табылған қыш сынықтарын сараптау негізінде бұл тұрғын жайды XII-XIII ғғ. жатқызуға болады.

Осылай, 2009 ж. маусымында Қаялық қалашығының тағы да бір бөлігінің архитектуралық кешені анықталды. Құрылысшылар жаңа тұрғын жай салу үшін, ескі тұрғын жайдың фундаментін қолдануға тырысты. Тұрғын жайлар 40-42*21-22*9-10 см болатын кесектен қаланған. Қабырға қаландысының өзінің ерекшелігі бар: алдымен кесектерден қабырғаны қалап, одан кейін қабырғаның төзімділігін күшейту үшін екі жағынан бөренелермен немесе жалпақтақтайлармен жан-жағына жапсырған. Нәтижесінде қабырға ені 0,6-1 м дейін жететін болған. Архитекторлардың болжауы бойынша, орта ғасырда қабырғаны мұндай тәсілмен қалау жер сілкінісіне төзімді болған. Осындай тәсіл ХІ-ХІІ ғғ. Ходжент және Мерв қалаларында қолданылған.

Сол кездегі құрылысшылардың көздеген мақсаты, бірнеше бөлмелердің ортақ бір бөлменің айналасында орналасуы. Мұндай бөлме, көлемі 3*4 м болатын төртінші бөлме болып табылады. Бөлмелердің осындай тәсілмен орналасуы Орта Азияда кең таралған. Пенджикент ғибадатханаларында, Самарканд қаласында және Қырғызстандағы кейбір қалашықтарда кездестіруге болады. Кейбір жерлерде жасырын бөлмелер кездеседі.

Үлкен бөлмелерде киелі немесе алтарь тұрған қасиетті кішкентай бөлмелер болған. Олардың көлемі 9 мм аспайды. Бөлме ішінде ошақ болған, шырақтарда әр қашан от жанып тұрған, күлді көбінесе сол күйінде қалдырған. Деректерде мұндай отқа табынушылық «Вара» деп аталған. От арқылы адамның жанын мәңгі бақи сақтағанына сенген. «Вара» ежелден бері келе жатқан бейне.

Зерттелген тұрғын жайды, оның ішінде табылған заттарды сараптай отырын, бұл құрылысты «от мекені» немесе «от үйі» (дом огня) деп айтуға болады. Құрылыс бірнеше ғасыр бойы өмір сүрген, табиғи апаттарға ұшырап қайта жөнделген болатын. Ақырында қатты өртке ұшырап бұл құрылыс жойылады.

Екінші қазба Қаялық қалашығының ортағасырлық кварталында салынған. Жалпы көлемі 20*20 м. Қазба жұмыстарының бастапқы кезінде екінші қазба бірінші қазбаға жақын орналасқандықтан екеуін қосу туралы шешім қабылданды. Барлығы бұл қазбада төрт құрылыс қабаты аршылды. Бірінші құрылыс қабатынан архитектуралық құрылыс қалдықтары анықталған жоқ. Тек қыш ыдыстар сынықтары шамалы мөлшерде кездесті. Екінші құрылыс қабатынан төрт бөлме анықталды. Үшінші құрылыс қабаты бес бөлмеден тұрған. Одан басқа, айтылған құрылыс қабатында «кан» жылыту жүйесі табылды. Төртінші құрылыс қабатын қазу барысында сыртқы қамал қабырғасының қалыңдығы 4,50-4,80 м екені анықталды. Бұл қабаттан торт тұрғын бөлме аршылды. Бірінші және төртінші құрылыс қабаттарынан тандыр ошақтар орындары табылды. Қамал қабырғасына параллель қазбаның ортасынан тағы да бір қабырға өтіп жатыр. Аршылған ұзындығы 17,70 м, биіктігі 1,30-1,50 м, ені 70-75 см.

Үшінші қазба цитадель аумағында, бұдан бұрын қазылған ортағасырлық мешіттен 60 м қашықтықта орналасқан. Қазбаның көлемі 10*10 м құрайды, бұрыштарымен әлемнің торт жағына қаратылған. Жоғарғы қабатта қалың шөп өскен, орта тұсының жер бедерінде ойық байқалады. Батыс және солтүстік жағында жал орны байқалады, шамасы кұланды қабырға мен су құбырын қазу барысында үйілген топырақ болуы мүмкін. Шым қабатын аршу барысында 25 см дейін жететін өсімдік тамырлары мен қарашірік топырақ қабаты аршылды.

Сипатталып отырған қазбадан үш құрылыс қабаты анықталды. Жоғарғы екі құрылыс қабаты, табылған қыш ыдыс сынықтарына сүйенсек, ғғ. жатқызуға болады.

Үшінші құрылыс қабатында табылған қыш ыдыс сыныктары бұл қабатты XII-XIII ғғ. жатқызады. Жалпы, бұл қазба аумағында 30-60 жж. су құбырларын немесе басқа коммуникациялар жүргізу барысында орта ғасырлық құрылыс қалдықтары жойылғаны байқалады.

Керамика жиынтығы қазбаның әр жерінде табылған қалың және жұқа ыдыс бүйірлерімен ұсынылған. Одан басқа қыштан жасалған өңеш, тұтқа және шыңылтырланған жасыл түсті сынықтар кездеседі. ІІІарықта жасалған, ілмек тәрізді тұтқасы бар ыдыстардың бүйірлері, бастырылған саусақ іздері қалған құмның үстіңгі ернеуі және т.б. кездеседі. Табылған ыдыс сынықтар ішінде крест тәрізді белгімен өрнектелген бөлігі кездеседі. Керамика жиынтығын сараптау нәтижесінде оны XIII - XIV ғғ. жатқызуға болады.