Жаңа қазба жұмысы қала қабырғасының солтүстік-батыс бөлігінен оңға қарай, стратиграфиялық шурфтан шығысқа қарай орналасқан төбешікте жүргізілуде. Жоғарғы қабаты тазаланғаннан кейін ғимарат қабырғасы мен оның екі бөлмесі көрінді. Бұдан кейінгі жұмыстар бұл жерде тұрғынжайдың болғандығын көрсетті. Ол көлемі 37-38*21-22*6-7 см кесекпен тұрғызылған. Көлемі 12*16 см болатын ғимарат 6 бөлмеден тұрады. Оның қабырғалары төбенің тегістелген бөлігіне фундаментсіз тұрғызылған. Сабан-сазбен сыланып, әктелген. Үйде қабырға және сыпа бойымен өткен еден асты жылу жүйелері бар. Негізгі кіреберіс есігі шығыс бөлігінде орналасып айванмен ерекшеленген. Айван арқылы басқа да бөлмелерге енетін орталық бөлмеге кірген. Солтүстік бөлігінде екі шаруашылық бөлме және оңтүстік бөлігінде екі тұрғын бөлме, ал үйдің батыс бөлігінде ешкім кірмейтін бір бөлме болған.
Керамикалық материалдарға сүйенсек аталған ғимаратты XIII-XIV ғасырларға жатқызуға болады.
Ғимараттың екінші бөлігін табу қиын болды, өйткені кешен бұзылған және қабырғалары басқа жаққа бағытталған. Кесектен тұрғызылған ғимараттың көлемі 21*21 см, кесегінің көлемі 40-42*21-22*9-10 см. Қабырғаның беті қалың сазбен сыланған, қызыл түсті әкпен әктелген. Осы жұмыстар барысында бір орталыққа топтастырылған он үш бөлме табылды. Ішкі қабырғаларының көлемі 3,2*3,7 м. Бөлмеге оң жақтан кіруге болады. Бөлменің едені сұйық сазбен қалыпқа келтірілген. Кепкеннен кейін әктелген.
Орталық бөлменің солтүстік бойымен коридор бар №1а. Ол арқылы №1, №2 бөлмелерге енуге болады. Ені 1,4 м болатын коридордың бас жағының шығыс бөлігінде есік болған. Қазір бұл есіктің төменгі тақтайы ғана сақталған. Оң жағында №1 бөлменің есігіне баратын жол бар. Жанған есіктен қабырғаның шеттері қатты күйген. №1 бөлменің солтүстік бөлігі қазба сызығынан асып кеткендіктен толыққанды зерттелген жоқ. №1 бөлменің оңтүстік қабырғалары бойымен биіктігі 0,3 м болатын борд анықталды. Ол көлемі 1*4*0,3 м болатын сыпаның үстінде тұр. Оған қабырға алтарі қойылған. Ал оның алдында көлемі 45*45*10 см болатын керамикалық тұғыр бар. Алтарь таға тәріздес көлемі 0,45*0,45*0,25 м беті бедерленген. Сыпаның ортасында кезінде алтарь болғандығы анық, өйткені күйдірілген саз іздерін көруге болады. №1 бөлменің батыс және шығыс қабырғалары кесекпен нығыз қаланып, құрама екі каркастан тұрған. Коридордан батысқа қарай 2,5*5 м болатын №2 бөлме орналасқан. Оң жақ қабырғасында батыс коридорға өту жолы бар. Ол орталық бөлмені батыс жағынан бөліп тұрған және есікпен жабылған. Батыс коридормен оңға өтуге болады, бірақ бұл бөлік есікпен жабылған. Оңтүстік қабырғалары батысқа қараған. Ол арқылы орталық бөлме мен №7 бөлмеге енуге болады. Осы өтетін жер орталық бөлмені батыс және шығыс бөлмелер тобынан бөліп тұр.
№7 бөлме орталық бөлменің шығыс жағында орналасқан. Көлемі 4,3*3,3 м. Бөлменің солтүстік және оңтүстік бөлігі арқылы №8, №9 бөлмелерге өтуге болады.
№8 бөлме тік төртбұрышты. Көлемі 4,4*4,4 м. Солтүстік батыс бұрышы анықталмаған. Бұл жер ғимараттан шығатын есік болуы мүмкін.
№7 және №8 бөлмелерді тазалау барысында әр түрлі көлемдегі шегемен біріктірілген үлкенді-кішілі балкалар табылды.
№9 бөлменің көлемі 4,5*2,5 м. №7 бөлмеден оңтүстікке қарай орналасқан. Оның батыс қабырғасына пеш тұрғызылған. Ол арқылы шығысқа қарай Кан жылу жүйесі таралған. Кан №9 бөлменің оңтүстік жартысында орналасқан сыпа бойымен орналасқан және №10 бөлменің шығысына қарай жалғасын табады. Кан батысқа қарай №6 бөлменің сыпаларын ысытқан. Осы жылу каналдарының ені 0,2 м. Кірпішпен қырынан қаланып, сазбен сыланған. Жоғарғы беті сондай кірпішпен жабылып, ұзынынан қаланған.
№6 бөлменің көлемі 5*4,5 м. Бұл бөлмеге тек батыс коридордің оңтүстік жағынан кіруге болады. Оңтүстік бөлігі есікпен жабылатын болған. №6 бөлмеге ерекше мән берілді. Солтүстік және шығыс қабырғалары бойымен сыпа орналасқан. Ол сазбен сыланған. Оңтүстік қабырға бойымен батыс қабырға мен шығыс сыпа ортасында биіктігі 0,6 м болатын борд қойылған. Ал олардың ортасы сазбен бекітілген. Бұрыштарында төмпешіктері бар. Осы қуыс сазбен бедерленіп қызыл түсті алебастрмен сыланған. Геометриялық өрімдермен, төрт жапырақты гүлдермен штапмталған қуыстың бөлігіндегі бардюр қуысқа сән беріп тұр. Көлденең тұрған бардюрдің ортасында көлемі 55*25 см болатын өрнектелген плитаны көруге болады. Әртүрлі төртбұрыштың ішінде 2 сызықты крестер салынған жоғарғы жағы бітісіп, сызықтар әр жаққа бағытталып, ортасында тік төртбұрыш салынған. Бос жерлеріне үлкен екі жапырақты гүлдер салынған. Олардың соңғы жағы квадраттың ортасынан біріктірілген екі еселенген көлденеңнен тұрған крестің соңғы квадратпен байланысқан, екі жапырақтың соңы осы квадраттың ортасымен байланысқан. Жоғарыда аталған бардюр көлеміне қарай бірнеше түрлі фрагменттерге бөлінген. Олардың кейбірі отқа қатты күйгендіктен қызыл түске айналған. Қуыстың ортасында шырақ болған. Қуыстың жанындағы еденде көлемі 0,45*0,5*0,3 м болатын алтарь орналасқан. Ол таға тәріздес, бірақ қас бетінде өрнегі бар екі бөліктен тұрады. Өрнек – өңделмеген саздан кескінделіп бір-бірін қайталаған сегіздік үлгісінде жасалған.
Кіре берістің сол жағы қабырғаның батыс бөлігінде жеке сыпаның үстінде шығысқа бағытталған тағы да бір алтарь қойылған. Ол таға тәріздес екі бөліктен тұрады. Қас бетінде жапырақты бұтақ беті терең кескінделген өрнек салынған. Алтарь күйдірілген кірпішке қойылған және тік төртбұрышты кірпіштермен жабылған. Аптарьдің төменгі бөлігі рельефті сызықпен өрнектелген. Соңғы жағы екі еселенген алтарьдің еденіне күлге арналған тұғыл тазаланған. Саздан жасалған тұғыр ганчпен сылақ жағылған, қызыл түспен әктелген. Ол сұр күл қалдығымен толтырылған. Осынша көп күл алтарьдің ұзақ уақыт қызмет атқарғанын көрсетеді.
Коридордың батыс бөлігінен №3 бөлмеге болады. Көлемі 3,5*3,5м балканың төменгі бөлігі сақталған. Бөлменің оңтүстік-шығыс бұрышына үлкен пеш орналастырылған. Ол арқылы жылу №5 бөлмеге дейін барған. Батыс қабырға бойымен ені 1 м сыпа орналастырылған. №3 бөлменің батыс қабырғасы страграфиялық шурфтан бөлініп кетеді.
№5 бөлменің көлемі 7*5,7 м батыс коридордың оңтүстік бөлігінен батысына қарай және №3 бөлмеден оңға қарай орналасқан. Бөлме екіге бөлінген. Солтүстік және оңтүстік коридор. Онда квадрат көлемі 5,7 м, диаметрі 3,8 м. Жоғарғы жағы жылу жүйесіне байланысты анықталмаған. Ғимараттың солтүстік батыс бөлігінде, солтүстік қабырғасы бойымен 3 м-ден кейін оңға қарай барьерлі сыпа орналастырылған. Сыпа сазбен сыланып ақталған.
Коридор бөлігі тосқауыл (барьері) биіктігіне дейін топырақпен көмілген. Сыпадан оңға қарай ұзындығы 2 м болатын жаңа тосқауыл көрінеді. Сыпаның барлық жері сұйық сазбен сыланған. Сыпаның жоғарғы беті ганч сылағы жағылып, оның тосқауылдары керамикалық сазбен сыланған. Сыпаның биіктігі 0,6 м. Оның шығыс бөлігінде жылу жүйесі орналасқан. Оған №3 бөлмедегі пештен ыстық ауа келген. Батыс сызығымен жоғары жағы 65*38 см, төменгі жағы 1*0,6*0,6 м болатын баспалдақты сыпа болған. Оған таға тәріздес алтарь қойылған. Қас бетіндегі өрнегі бар көлемі 0,2*0,4 м болатын екі бөліктен тұрған. Терең кескінделіп, сегіздік тоқымамен өрнектелген. Ол күйдірілген кірпіштің үстінде орналастырылған. Ортасында көлемі 25*25*4 см болатын төрт бұрышты кірпіш және төменгі жағында көлемі 29*19*4 см болатын тік төртбұрышты майда кірпіштен жасалған. Алтарь тік бұрышпен кірпіштен жабылған. Ортасында шырақ орналастырылған. Төменгі сыпада борты 9 см арка тәрізді бедерлі көлемі 0,58*0,65 м болатын керамикалық тұғыр қойылған.
№10 бөлме №9 бөлмеге ұқсас. Көлемі де кең, сыпасы да бар. Бұл бөлмеден екі темір пышақ табылды. Біреуі сабымен, екіншісі сапсыз.
№11 бөлме жартылай зерттелді. Өйткені оның жарты бөлігі №5 бөлмеден батысқа қарай орналасқан шурфқа тірелген. Оның ені 2,44 м. Еденнің беті жақсы сыланып, ортасына қарай еңіс келген. Осыған қарай ол шығыс кешенмен байланыстырушы қызмет атқарғанға ұқсайды.
№12 бөлменің көлемі 5,5*5,5 м екінші бөлмеден солтүстікке қарай бірінші бөлмеден батысқа қарай орналасқан. Оған №1 бөлме арқылы кірген. Батыс қабырғалары бадарлі қуыстармен сәнделген. Оның орталық бөлігі өңделмеген сазбен ойылып жасалған. Солтүстік батыс бұрышында екі бөліктен тұратын таға тәріздес алтарь орналастырылған. Оң жағы 38*20*35 см, сол жағының көлемі 38*20*25 см. Бет жағының ені 7 см, кескіннің тереңдігі 1,2 см.
№7 бөлмеден шығысқа қарай және №10 бөлмеден солтүстікке қарай, №13 бөлме орналасқан. Оның ішкі бөлігінде басқа бөлмедегілердей емес. Ішінде ештеңе жоқ.
Зерттеліп жатқан жердегі археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады. Зерттелген үй көпшілікке арналған ғимарат болған. Өйткені ол бірнеше рет қайта тұрғызылып жөнделген. Жоспарлану жүйесі ортағасырлық архитектуралық Пиянджикент және Самарқандтағы кешендерге тән. Сол кешендерде отқа табынатын алтарьлар да болған. Ғимаратты зерттеу барысында табылған керамикалық заттарды екінші құрылыс кешеніне жатқызамыз. Формасына, техникасына қарай бұл ыдыстарды VIII-IX ғасырлардағы соғды ыдыстарына ұқсастыруға болады.