Барлық үш ескерткіш енді бір аз жылға судың астында қалды. Фонтандар жұмыс істеп, бір кездері бос қалған жерлерге адамдар қайтып орала бастады.
Қошқорған 1 және 2 тұрағында жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Бұл жылы біз маңында құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан жойылып кету қаупі бар Қошқорған 1 ескерткішіне назар аудардық. Түрақ өзі аттас Қошқорған ауылының ішінде, ал Қошқорған 2 ескерткіші ауылдан тысқары орналасқан. Бірінші кезекте Қошқорған 1 ескі қоныстан, тұрмыстық, қалдықтардан және қамыстан тазартылды. Соңғысы жер асты суларының жақын болуына байланысты өскен. Нөлдік белгіден 5 м тереңдікпен 65 шаршы метр аумақта, грифонның ішкі бөлігінің ортасынан бастап травертиндік сақинаның шетіне дейін қазба салын- ды. Қазбаның қиындығы тек күрек-қайланың көмегімен ғана ашылмайтын травертиндік шөгінділер ғана емес, сонымен қатар жер асты суларының биік деңгейінен де болды. Себебі, артефактілер мен жануар қалдықтары сақталған құмдақ, линза су іріккіш қабат болып табылады.
Жергілікті кремнилі материалдардан жекелеген құралдар алынды. Олар – қырғыштар, пышақтар, сонымен қатар бастапқы шикізат ретіндегі ұсақ жұмыр тастар. Алынған тас материалдардың бұрынғылардан өзгешелігі жок,, тек остеологиялық, (сүйек) материалдарда тана айырмашылық бар. Қазып алынған жануарлардың сүйек қалдықтары өңделген соң қай түрге жататындығын анықтау үшін мамандарға беріледі. Б.С. Қожамқұлова жасаған анықтамалар табылған сүйек қалдықтары Мосбах жылқысына, Сібір эласмотерия, керік және ірі түйеге тиесілі екендігін көрсетті.
Алғашқы жаңқалау өзектас түрдегі бұйымдармен, бөлінділер, бел шектермен сипатталады. Орта көлемді леваллуалық өзектастар жақсы ұсынылған, олардан ірі құмтастардан кендеу қысқа жаңқалар шағып алынған. Түрі үшбұрышты болып келген жаңқа шағылған жеке дара бір өзектас бар. Шағу принципін анықтау өте күрделі болып табылатын көптеген қысқа жаңқалардың шағу іздері бар өзектас турдегі бөлінділер баршылық. Шағындылардың жалпы өзі өте кішкентай көлемді болып келген, олардың ұзындығы тіпті 2 см-ден аспайды және олар табылған тас бұйымдарының үлкен тобын қурайды. Біра аз шағындылардың бұзылған жерлері бар. Қарулар пайызы жоғары емес. Негізінен бүл кішігірім көлемді дөңгелек түрдегі жаңқалардан жасалған кіші қырғыштар. Екінші рет өңдеу тас бұйымын шеңбер бойымен өңдеп жасалып, үру алаңы одан тыс қалған. Жүзі сыртқы бет жағынан жартылай кішігірім тік ретушьпен өңделген. Біраз аяқ, жағы өңделген кіші қырғыштар бар. Қырлары өнделген және кішкентай ретушьпен түзетілген орта көлемді кіші қырғыштарға ұқсас заттар да бар. Бірнеше пластиналар мен ретуші бар пластиналық, бөлінділер де табылған. Қарулардың ішінен бүйірлі- ойықты атап өтуге болады, ойықтары тас бұйымдардың тік қырларында орналасқан. Жер асты сулары жақын болғандықтан одан ары қазба жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады.
Қошқорған-шоқтас кешенін зерттеу нәтижелерінің алғашқы қорытындылары мынадай болды:
• Шикізаттық, материалдың және тұщы судың болуы бұл ауданда алғашқы тұрмыстық адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар ту- дырды.
• Леваллуаздық, алғашқы ыдырау өзіндік «леваллуаның қошқорғандық нұсқасы» деп сипатталады.
• Негізгі құралдар түрі – қырғыштар, тісті-оймалы формалар.