Некропольдің негізгі бөлігі жеке меншікте және белсенді түрде жыртылуда, ескерткіштің екінші бөлігі Орал-Ақсай автотрассасын салу кезінде бұзылған. Орман алқабында орналасқан бірнеше қорған қорымдар Борлин орман шаруашылығының қызметі нәтижесінде бұзылуда. Некропольдің жанынан арнайы байланыс жүйесі жүргізілуі барысында кейбір қорған үйінділері бүлінген болуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттелініп жатқан ескерткіштің іргесінде орналасқан Қырық-Оба I патша қорғанының тоналу әрекеттерін айта кеткен жөн.
Қорым шығыс-батыс бағыттарда тізбектеліп орналасып, жуық шамамен 30 қорғаннан тұрады. Некропольді шартты түрде екіге бөлуге болады. Шығыс бөлігі бір-біріне тығыз, шағын топ болып орналасқан 8 қорғаннан тұрады. Батыс бөлігі ара қашықтықтары 10 м-ден 180 м дейінгі 21 қорғанды қамтитын үйіндіден тұрады. Қазіргі кезде қорымның батыс бөлігіндегі 17 қорған қазылған. Бұл ескерткіште археологиялық зерттеулерді Ж.К. Кұрманқұлов басшылығымен 2001 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология Институтының экспедициясы бастады. Некропольда кейінгі жылдары институт экспедицияларымен қатар М.Н. Сдыков басшылығымен Батыс-Қазақстан тарих жене археология орталығының археологиялық отрядтары жұмыс жүргізуде. Қорғандарды қазу жұмыстары қолмен жене арнайы техникамен жүргізілді.
Археологиялық зерттеулер некропольдің қорған үйінділерінің бір типті екендігін көрсетті. Дөнгелек пішінді үйінділердің әдетте оңтүстік бөлігі төмен орналасқан.
Зертелген барлық қорған үйінділерінің құрылымы бірдей және топырақтан жасалған. Жерде тұрғызылған жерлеу құрылыстары ағаштан жасалған күрделі шатыр және қима тәрізді конструкциялар, көп жағдайда саздан үйілген түрлі пішінді үйінділер жоғарыда аталған құрылыстың тірегі қызметін атқарады. Қазба жұмыстары көрсеткендей көр шұңқырлары әр түрлілігімен ерекшеленеді. Сол заманға сәйкес танымал көр шұңқырларының түрлерімен қоса, зерттелетін аймаққа тән емес, көп таралмаған көр шұңқырларының түрлері де анықталды.
Археологиялық зерттеулер кезінде алынған ақыреттік заттар (инвентарь) әдеттегі ерте көшпелілердің жергілікті және көршілес синхронды мәдениетінің заттар жиынынан (қару- жарақ, жылқының жүгені), сонымен қоса Көне Шығыс мемлекеттерінен
әкелінген қымбат заттардан тұрды. 2005-2008 жылдардағы дала мауысымдары кезінде 1(05) және 2(05) қорғандары зерттелді. 1 (05) қорған некропольдің шығыс бөлігінде орналасқан, биіктігі 1,1 м және диаметрі 40 м қатты шөгіп қалған топырақ үйіндісі ретінде көрініс тапқан.
Үйіндінің жоғарғы қабаттарын ашу барысында қорғанның табанында көптеген жеке-жеке үйілген жылқының сүйектері, ал әр түрлі тереңдікте оюы бар және оюсыз жабыстырма керамиканың фрагменттері табылды. Табылған олжалардың қорғанға - қорғанды тонау кезінде, үйіндінің шайылуы немесе жабайы жануарлардың алып келуі кезінде т.б. кездейсоқ жиналуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болады. Қорғанның оңтүстік-шығыс секторында, 0,4 м тереңдікте үш зооморфты аяқтары бар тастан жасалған құрбандық табақшасы табылды. Құрбандық табақшасының екі аяқтары бүлінген, ал үшіншісі түгел сынып қалған. Аяқтар мүсін техникасымен жасалып, құрбандық табақшасының ернеуінде барельефте ойылған бейнелер салынған. Сондай-ақ, үйіндінің беткі қабаттарында көптеген қоладан жасалған жылқының жүгені мен найза ұштары табылды.
Кене горизонттың оңтүстік-шығыс секторында ат әбзелдерінің жиынтығы анықталды.
Көне қабат деңгейінде өртелген ағаш құрылыс ашылды. Конструкцияның диаметрі 20 м, ағаш бөренелерінен құрастырылып, ортадан қорғанның шетіне бағыттала орналасқан. Ағаш бөренелерінің орналасуына қарап құрылыстың шатыр тәрізді болған көрінеді. Бөренелердің ұзындығы анықталмаған, себебі, орталық бөлігі тонаушылық қазбалар кезінде құлатылған. Ағаш конструкцияның үстіне ағаш бұталары ағаш бөренелерінің осіне қиғаш орналастырылды (Сурет 1.1).
Негізгі жерлену құрылысының ішінде, көне қабатта жасалып, бірнеше рет тоналған. Жерлеу орнының орталық бөлігінде көптеген қола бұйымдар, керамикалық және шиша ыдыс фрагменттер, ал шығыс бөлігінде темір қанжар табылды. Тонаушылық қазбаның түбін қорғанның оңтүстік-батыс секторында ашқан соң, 1 катакомбалық жерлеу (?) орны анықталды. Катакомбаның кіреберіс шұңқырында жылқы сүйектерінің жиынтығы табылды.
С секторында 2 катакомбалық жерлеу (?) орны ашылды. Өкінішке орай жерлеу орны түгелдей дерлік тоналған. Қайталанған тонаушылықтар нәтижесінде катакомба төбесі құлап түсті. Моладағы іріктеу жұмыстарынан кейін, жерлеу орнының оңтүстік бөлігінде ақ және сарғыш түсті ирек сызығы бар кек шиша ыдыстың фрагменті және солтүстік-батыс бұрышында адамның бас қаңқасы, ал бас қаңқадан 6 см батыста ат әбзелдері табылды. Жылқының ауыздығы екі сақиналы, S- пішінді, сақталу дәрежесі өте нашар. Сулық екі тесікті, ұштары грифтің басы мен құйрығы сияқты (?) мүсінделген.
Жерлеу орнының түбінде жылқы сүйектері (омыртқалар, қабырғалар, жауырындар) шашылған күйде анықталды. Қабырғаның жанынан қола шанышқы табылды.
Бөренеден жасалған конструкцияның сыртқы жағына қамыс пен ағаш қабығынан жасалған, ұзындығы 3 м концентрикалық бөгет жанаса орналасқан.
Қорғанның солтүстік-шығыс бөлігінде бөгет көне қабатта біріңғай сары саздақтан үйілген үйіндінің ішкі беткейін жартылай жауып тұрды. Көмілген қыртыс деңгейінен үйіндінің ұзындығы – 2,3 м, биіктігі – 0,6-0,7 м. Үйіндінің ішкі қабаттары 5 қабірмен жалғасады.
Ұштары дөңестенген, тікбұрышты мола шұңқыры сопақша бөренеден жасалған бөгенмен жабылған. Бөген мола шұңқырының шетіндегі екі арқалыққа ұзыннан орналасқан және бір шетімен үйіндінің төбесіне, екінші шетімен көне қыртысқа тіреліп тұр. Қабірден солтүстік-батыста топырақ қобдишада керамикалық ыдыстың сынықтары тазаланып алынды. Түбі тегіс жабыстырма әдіспен жасалған құмыраның пішіні шар тәрізді, ернеуі тар. Саз тығыз және ұсақ (дресва) тастардың қоспасынан тұрады. Құмыраның түсі сары-қоңыр, күйенің іздері бар. Қабірдің оңтүстік қабырғасынан 0,2 м қашықтықта ұсақ мал сүйектері орналасты.
D секторында ағаш конструкциясынан тыс көне қыртыста тас бұйымдардың комплексі табылды: зооморфты төрт аяғы бар құрбандық табақшасы және дөңгелек пішінді биік ыдыс, аяқтары мүсін техникасында жасалған, сонымен қатар, кішілеу дөңгелек пішінді, төрт аяғы бар құрбандық табақшасы, дәл ортасында тесік ойылған, үлкен құрбандық табақшасының үстінде түбі теріс қаратып орналасты; фаликалық келсап та үлкен құрбандық табақшасының үстінде жатты; тас аса таяқ үлкен құрбандық табақшасының оң жағында табылды.
Осы секторда 4 қабір ашылды. Жерлеу орны тоналмаған, қос жерлену көрініс тауып, көптеген абыз атрибуттары анықталды.
Көне қабаттың деңгейінде қорғанның оңтүстік-батыс секторында жерлеу құрылысын айналдыра жылқы сүйектері көптеп тазаланып шығарылды. Бұлар көп мөлшерде қорғанның оңтүстік бөлігінде шоғырланған (Сурет 1.2). Осы сектордың материк қабатында қалып пішінді сопақ қара дақ табылып, оның ұзын қабырғалары ОШ-СБ-қа бағытталған (Фото 1). Шұңқыр қоңыр саздақпен қаланған. Шұңқырдың жоғарғы қабаттағы толтырылымында ағаш көмір түйірлері, жылқының шашыраңқы орналасқан сүйектері және адамның ұсақ сүйек фрагменттері табылды (?). Шұңқырды түгел ашу барысында бұл шұңқыр жер асты жолы екені және 2-жерлеу орнына бағытталғаны анықталды.
2(05) қорған некропольдің шығыс бөлігінде орналасқан. Топырақ үйіндісінің диаметрі 40 м,
ал қазіргі кездегі биіктігі-1м. 2005 жылғы дала мауысымы кезінде қима-клеть сияқты құрастырылған мола үстіндегі құрылыс түгел дерлік зерттелініп болды. Төртбұрышты қима күндізгі көне қабатта тұрғызылып, қабырғалар ішкі жақтан бағаналармен бекітілді. Қимадан тысқары жақта бұталардан сақиналы қалау тазаланды. Қалаудың сыртқы шекарасы төсенішпен жалғасты, сақина пішіндес ағаш діңінен және қамыстан жасалған. Өкінішке орай құрылыс ішіндегі жерлеу орны тоналған. Қазба – «мыстары барысында көптеген металл, сүйек және тас бұйымдар табылды. Құрылыстың сыртқы «ағында әртүрлі дәуірлерге жататын бірнеше жерлеу орындары табылды. Жерлеу алаңының шеткері аймақтарында көп инвентарі бар тоналмаған подбойлы жерлеу орындары тазаланды.
Орталық жерлеу орнын және екінші дәрежелі барлық жерлеу орындарын тазаланып болған соң, қорғанасты алаңы материк қабатына дейін тереңдетілді. Көне горизонтта қазба жұмыстары нәтижесінде көп мөлшерде жылқы сүйектері бар қазаншұңқыр анықталды. Материк «абатында оңтүстік-батыс секторда беті тамаша өңделген құба түсті құмтастан жасалған жас құрбандық табақшасының фрагменті табылды. 4 - жерлеу орнынан алшақ емес жерден техникасында жасалған жене грифон кейпін сомдап тұрған қола мұрындық табылды.
Жалпы 1(05) және 2(05 қорғандарын қазу нәтижесінде өте құнды материалдар алынды, бұлар б.з.б VI-IV ғғ.-да өмір сүген Батыс Қазақстандағы көшпелілердің материалдық мәдениеті мен жерлеу дәстүрінің кейбір қырларына жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Қазба жұмыстары барысында алынған ақпарат көшпелі қоғамның жерлеу-ғұрыптық дәстүрін, шаруашылық және әлеуметтік құрылысын толығымен қалпына келтіру мәселелері бойынша мүмкіндігімізді кеңейте түсті. Зерттелген қорғандардың материалдық мәдениетінің ортақтығын баса айта отырып, Батыс Қазақстаның көне тұрғындары жерлеу ғұрыптарымен ерекшеленетін бірнеше тайпаларға немесе руларға бөлінген деген жорамал айтуға болады. Сонымен қатар, зерттелініп жатқан аймақта көшпелілердің жерлеу дәстүріндегі ерекшеліктер этникалық емес, әлеуметтік сипатта болуы мүмкіндігін де теріске шығармаймыз. Бұл өз кезегінде жоспарлы жұмыстар нәтижесінде деректік базаны кеңейту мақсатын жүзеге асыруды қажет етеді.