Қорым шығыстан батысқа тізбектеле орналасқан 30-ға тарта обалардан тұрады. Қорымды шартты түрде екіге бөлуге болады. Шығысы бір-біріне жақын орналасқан 8 обадан, ал батыс бөлігі аралары 10-нан 180 м-ге дейін жететін 21 обадан құралған.

Обалардың үйіндісі біртекті. Пішіні дөңгелек болып келетін бұл обалардың оңтүстік жағы, әдетте жайылыңқы келеді.

Үйіндінің құрылымы барлық, зерттелген обаларда біркелкі. Олардың барлығы топырақтан тұрғызылған. Жер бетіндегі жерлеу қырылыстары, көптеген жағдайда, түрлі пішіндегі құрлықтық, саздан соғылған үйінді-дөңбектерге сүйенген шатырлы және қиюластырылған күрделі ағаш құрылымдарынан тұрады.

Оба 2 (05) қорымның шығыс бөлігінде орналасқан. Топырақ, үйіндісінің диаметрі 40 м, ал қазіргі биіктігі 1 м болады. 2005ж.далалык, маусымында қима-тор тәріздес келген қабір үсті құрылыстарының барлық, көлемі зерттелді. Шаршы тәріздес қима (сруб) көне күндізгі қабаттың деңгейінде орналасқан, қабырғалар ішкі жағынан бағаналармен нығайтылған. Қиманың сыртынан бұтақтардан құралған дөңгелек қаланды аршылды. Қаландының сыртқы шетіне, жұқа қабық пен қамыс буындыларынан құралған төсенді кірігеді. Өкінішке орай ішіндегі қабір тоналып кеткен. Қазба барысында металлдан, сүйектен және тастан жасалған бұйымдар көптеп табылды. Құрылыстың сыртынан әртүрлі кезеңдерге жататын бірнеше қабір орындары анықталды. Бұған дейінгі далалық маусымда 1 және 2 қабірлер зерттелген болатын (Қырықоба II қорымындағы 2005 ж. археологиялық зерттеулердің есебін қараңыз).

Қабір 3. Жобасында ауыз шұқыры қисынсыз кең сопақ, түрде келген. Өлшемі: 320*250 м. Ол ось ұзындығы бойынша СШ-ОБ бойынша бағытталған. Шұңқырдың оңтүстік қабырғасы 85 см тереңдікте ұзына  бойы созылып жатқан, ені 75 см болатын жиек қалдырылған. Одан әрі қабырға түбіне қарай біртіндеп төмендеген. Шұңқырдың түбі 220 см тереңдікте орналасқан. Түбі теп-тегіс. Жандатпасы ауыз шұқырының солтүстік жағынан ойылған. Жобасында ол пішіні жағынан, өлшемі 335-220 см болатын тікбұрышқа жақын. Жандатпа ұзын қабырғасымен Ш-Б бойынша бағытталған. Жандатпаның төбесі көне кезде бірнеше рет құлаған. Сол себепті оның биіктігі мен пішінін қалпына келтірудің еш мүмкіндігі болмады ( фото 1).

Жандатпаның түбінен екі қаңқа тазаланды. Қаңқа сүйектері әйел адам мен баланыкі болса керек. Мүрделер бастарымен батысқа бағытталып, шалқасынан жатқызылған. Қолдары дененің бойымен созыла қойылған. Мүрделердің қастарынан о дүниелік керек-жарақтарының көптеген заттары ұшырасты.

Жандатпаның аузында бұланның мүйізінен дайындалған кішігірім аяқ (астау) жатты. Оның қасында сары металлдан жасалған қаптама орналасқан. Қаптама самұрықтың басы түрінде орындалған. Әйелдің бас сүйегінің қасынан охра мен қиыршық, тастың бөліктері табылды. Оның оң аяғының тұсында үлкен қола айна жатты. Айнаның басы, зооморфті мәнерде орындалған сүйек сапқа екі темір шегемен бекітілген. Айнаның дәл жанынан күлгін түсті шыны құты, шыны және тас моншақтар табылды. Тізе тұсынан да пасталық, моншақтар аршып алынды. Мүрденің аяғында, шығыс қабырға тұсында шошақ тұғырға бекітілген қола қазанша табылды. Қазаншаның бойында ернеуге бекітілген, ортасында тесіктері бар екі құлақша және шүмек орналасқан (фото 2). Қыш станоктік ыдыс, өңделген ғұрыптық, тас, қауашақтар және жүгеннің көптеген бөлшектері солтүстік қабырғаға жақындастырыла қойылған.

Баланың сол қолының қасында бүйірінде сабы бар дөңгелекше қола айна орналасқан. Айнаның астынан, зооморфті ұшы бар сүйек қасық табылды. Мүрделердің бас жақтарына жылқының қабырғалары қойылған. Олардың арасынан темір пышақ, табылды.

Қабір 4. Ауыз шұқыры жобасында дөңгелекше пішінде келген. Оның диаметрі 230 см (сурет 1). Батыс қабырғада 60 және 170 см тереңдікте орналасқан екі саты бар. Сатылар қабырғаның бойымен созылып жатыр. Бұл жиекшілердің ені шамамен 80 см. Шұңқырдың түбі 220 см тереңдікте орналасқан. Ауыз шұқырының шығыс қабырғасынан пішіні сопақша келген жандатпа ойылған. Ол ұзын қабырғасы арқылы С-0 белдеуі бойынша бағытталған. Түбі тегіс. Жандатпаның түбінен, жобалауымызша жас әйелдің қаңқасы тазаланды. Мүрде басымен оңтүстікке қаратылып, шалқасынан қойылған. Беті сәл шығысқа қараған. Қолы денесінің бойымен созылып жатыр. Бас жағынан, алдыңғы қабірдегі сияқты жылқының сүйектері табылды. Сүйектердің арасынан тағыда темір пышақ, шықты. Мойын омыртқасының тұсынан 3-і қабірдегі сияқты шыны және тас моншақтар аршылды. Әйелдің сол қолынан қола сымнан жасалған дөңгелекше білезік шықса, оң қолынан темір білезік табылды. Оң қолының шынтақ тұсынан, бүйірінде орналасқан сабы бар үлкен дөңгелек қола айна аршылды. Айнаның астынан сүйектен жасалған кішкентай ыдыс табылды. Шығыс қабырғаның маңынан түбі дөңгелек келген екі тостақ аршылды. Біреуінің ішінде темір пышақ жатты.

Қабір 5. Ауыз шұқыры шаршы тәріздес келген және қабырғаларымен төрт тарапқа бағытталған (сурет 2). Шығыс қабырғаның 75 см тереңдікте сатысы орналасқан. Пішіні сопақ келген жандатпа ауыз шұқырының батыс қабырғасынан қазылған. Қабірдің түбі 185 см тереңдіктен анықталды. Жандатпаның түбінен әйел адамның сүйегі аршылды. Мүрде басымен оңтүстікке қаратылып, шалқасынан қойылған. Қолдары шеткері қойылып, шынтақ, тұстарында бүгілген. Бас сүйегінің қасынан аң дабы мәнерінде орындалған, алтын қапсырмалар тазаланды. Жандатпаның кіреберіс аузынан сүйек түтікше мен қыштан жасалған ұршық бас табылды. Оңтүстік қабырғаның тұсында жылқының сүйектері мен темір пышақ, жатты. Батыс қабырғаның тұсынан қола айна табылды. Оның маңайында шыны моншақтар және ұңғылы қола жебе ұштары орналасқан. Бұлардан алыс емес жерден қауашақтар мен охраның бөлшектері тазаланды. Мүрденің сол жақ аяғы тұсында сүйек түтікше жатты. Солтүстік қабырғадан ғұрыптық өңделген тас пен охраның үлкен бөлігі шықты.

Жалпы 2007 ж. қазба жұмысы б.д.д. VI-IV ғғ. Батыс Қазақстанның ерте көшпелілерінің заттық, мәдениеті мен жерлеу ғұрыптарының кейбір жақтарын зерттеуге мүмкіндік беретін аса бай материал берді. Бүл басқа да салалардың мамандарымен бірлесе отырып, зерттеуді жоспарлы түрде іске асырып, деректік көздерімізді одан әрі кеңейту міндетін алға қояды.