II Қырық оба қорымы шартты екі топқа бөлінген: Қырық оба II (А), Қырық оба II (Б), өйткені №21 және 22 обалардың арасы 500 м шақырымнан асады. Белгілеп кету керек, қорымның алғашқы зерттеушілерде обалар үймелерінің нақты саны туралы біріңғай пікір жоқ. Бұл моланың көп бөлігі қатты антропогендік ықпалға ілінген. Жерлеу құрылыстардың көбі ғылыми-зерттеу үшін қайтарусыз жоғалған, басқалары қайғылы жағдайда және тез археологиялық зерттеуді талап етеді.

2006 ж. маусым жазында археологиялық зерттеуге №3 (06) оба белгіленген және №1 (05) және 2 (05) обаларды тіркей түсу.

1(05) оба. Обаның қазбасы 2005 жылы дала мезгілінде басталып, 2006 жылы жазда-күзде жалғастырылды. С секторында, 2005 жылы дала мезгілінде табылған №2 катакомдық жерлеу тазаланған. Өкінішке орай №2 жерлеу түгелдей дерлік тоналған. Жерлеудің бірнеше рет тоналғаны нәтижесінде катакомбаның күмбезі құлап қалған. Көмбенің толтыруын тазалаған кезде, оның оңтүстік бөлігінде әртүрлі ирек сызықтармен әшекейленген шыны ыдыстың фрагменттері табылған. Қабірдің солтүстік-батыс бұрышында адамның бас сүйегі тазаланған, одан батысқа қарай 0,06 м жылқының темір ауыздығы және псалий табылған. Қабырдың түбінде жылқының сүйектері (омыртқалар, қабырғалар, жауырын) шашылып жатқан. Нақ осы секторда көне жер бетінде ағаш конструкцияның сыртында 2 ғұрыптық құрбандық орны тазаланған. Жылқының сүйектері арнайы анатомиялық ретте қойылғаны қызығушылық тудырды.

Көне жер бетінде күйген қиын шатырлы конструкциялық ағаш құрылыс тазаланған. Құрылыс орта бөлігінде тонау қазбасымен бүлдірілген, конструкцияның сақталған бөлігі өзімен центрлeс құрылыс болып белгіленген, бұл бөренеден және бұтақшадан жасалған дөңгелек қалау елесі болып көрінеді. Бірақ, конструкцияның бүлінген орта бөлігіне қарамай, А және Д секторларында, құрылыстың ортасынан радиалды айырылған бірнеше in situ сақталған бөрене тазаланған. Сонымен қатар жақсы сақталған шеттерімен бір-екі бөрене айқындалған. Бөренелердің шеттері үшкірленген, бүл олардың жерге соғылғанын көрсетеді. Сонымен, біздің алдымызда шатырлық конструкция. Ағаш құрылыстың сыртында А секторда жарты щеңбер формалы сазбалшықты үймек айқындалған. Үйменің ішкі қабырғасына №5 көмбе жалғасқан. Қабір қыртыс тақтайлы, екі бөрененің үстіне, қабірдің үстінен көлденең қойылған және үйменің төбесіне тірелген, төсеме төбемен жабылған. Қабір тікбұрышты формалы бұрыштары дөңгелектелген, ұзын қабырғаларымен СБ-ОШ шегі бойынша бағытталған. Қабырдың өлшемі 2,56*0,8 м тереңдігі көне жер бетінен 72 см. Қабырдың қабырғалары түбіне қарай кішкене жіңішкеленеді. Қабірдың түбінде, басымен ОБ бағытталған, ер адамның қаңқа сүйектері табылған. Қаңқа сүйек арқасында жатқан, қолы, шынтағында біраз бүгіліп, денесі бойы қойылған. Шынтақ сүйектің жанында домалақ формалы, қара шыныдан жасалған және ақ сиямен боялған, моншақ табылған. Жамбас сүйектің жанында, ұзындығы 35 см, жүрекше қиылысымен және валюталы басымен, темір қанжар жатқан. Сол жақ жамбас сүйектің жанында 53 қала төлкелі және 1 темір кесінді найза бастары табылған.

Д секторінде ағаш конструкциясының сыртында көне жер бетінде бірнеше тас заттар табылған: I) төрт аяқты зооморфтық және шетінде биік емес шетті домалақ табақпен құрбандық ыдыс. Аяқтары мүсін техникасында жасалып өзімен қасқырдың және аюдың бастарынан селбесу білістіреді. II) үлкен емес өлшемді, домалақты формалы, төртаяқты және ортасында кұрбандық, бірінші құрбандықтың үстінде төңкеріліп жатқан. Фаллостық келсап №1 құрбандықтың үстінде жатқан. III) Тас келсап № 1 құрбандықтың оң жағында жатқан. Осы секторда № 4 қабыр тазаланған. Қорым және төрт бұрышты формалы қабір, 2,7*2,8 м өлшемді және 1,16 м тереңді, қабырғаларымен әлемнің төрт жағына бағытталған. Түбінде қабірдің нақты төртбұрышты, 2,1*2,1 м өлшемді, сұлбасы бар. Қабырғалар бойы, кеңдігімен 0,4 м, тереңдігімен 0,5 м жырашықтар қазылған, сонымен көмілгендер жерленген жер стөл жасалған. Көмілген алаң мол бормен себілген.

Шығыс қаңқа сүйектер (әйел адамның) басымен оңтүстікке бағытталған. Қолы дене бойы қойылған, оң жақ қолынан 0,10 м шақырымда қола дөңгелек және темір пышақ табылған. Оң жақ қолдың буынында темір сымнан жасалған, қимасында дөңгелек формалы, білезік табылған. Білезіктің жанында сүйектен жасалған моншақ жатқан. Қаңқа сүйектің сол жақ қол буынының сүйектері жоқ болған. Көмілгеннің оң жақ табанының жанында 2 тас заттар жатқан.

Батыс қаңқа сүйектер (ер адамның?) басымен оңтүстікке бағытталған. Қолы біраз жан жаққа қойылған, оң жақ қолы шығыс қаңқа сүйектің жанында жатқан. Қаңқа сүйектің аяғының фалангылары жоқ. Омыртқалардың жанында сүйектен, шыныдан жасалған моншақтар табылған. Көмілгеннің сол жақ иығының жанында фрагменттік жағдайда қола айна, қыш зат және ананың футлярынан қалған металдық оқсауыт табылған. Сол жақ аяғының жанында қыш ыдыстың сынығы, сүйек, қола және тас заттары, бордың кесектері, реальгара, күкірт және қазынды бақалшық табылған.

№2(05) оба. Жерлеу құрылыстың зерттелуі 2005 жылы басталды. 2006 жылы маусымдық жұмыстары кезінде қазынды алаңы үлкейтілген. Көне жер бетінде, көмбе құрылыс айналасында көп ғұрыптық құрбандар тазаланған. Ғұрыптық құрбандар аяқ сүйектерінен, қабырғалардан, жылқының жағынан құрылған.

3(06) оба. Оба II Қырық-оба қабырының шығыс жағында №25 және 27 обалардың арасында орналасқан. Обаның формасы жартылай сфералық, жайылған және жылсайын жыртылады. Үйменің оңтүстіқ беткейі жайпақ, солтүстік тік жарлар. Үйменің солтүстік бөлігінде көзбен шолып байқағанда үлкен емес адыр бейнеленген, көрінісіне қарағанда тонаушылардың іс нәтижесі. Үйменің диаметрі 55 м, биіктігі 3 м жуық. Обаның үймесін бүкілінен қазу деген шешім шығарылды. Обаның үймесі екі СО-БШ тегі бойынша қиылыс жиекпен 4 секторға бөлінген. Секторлар әріп индекстермен аталған. Обаның үймесі 0,2 м жалпақты көлденең қабаттармен алынған, әр бір қабаттан соң ұқыпты көлденең тазалау жасалынды. Нақты жұмыстар кезінде С сектрінде, 0,85 м тереңдікте тас зат табылған. Үйме 1,6 м тереңдікке қазылды, содан кейін келесі жылы археологиялық зерттеулерін жалғастыру үшін қазба жұмыстары тоқтатылған.