Археологиялық зерттеулер екі зиратта – 1 және 2 Қырықобада басталды.
Патшалық 1 Қырықоба зираты жерден үйілген үлкен үш қорғаннан тұрады. Ең үлкен №1 қорған биіктігі 12,5 м, диаметрі – 100 м. Қазіргі тереңдегі 1,3-1,5 м келген қорған етегін қоршап жатқан кең орды есептесек, онда құрылысты бүкіл аумағы 160 м, нобайы шаршы тәріздес келген деп есептеуге болады. Бұл қорған, басқалары секілді, көне замандарда-ақ тоналған. Мұны қорған төбесіндегі үлкен шұңқыр (аумағы 24 м) орны дәлелдейді1. Бүл қорғандар тобы Орал – Ақсай трассасының 77-ші шақырымынан оңтүстікке қарай 9 шақырым, немесе Данилялыкөл поселкесінен оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Координаттары: 51°14’804” с.е., 52° 32’895” ш.б.
Қорғанның оңтүстігіне таман 50 м жерде С-О бағытымен созылған, кең орлармен қоршалған үймек түріндегі топырақтан үйілген екі құрылыс орналасқан. Үлкен үймектің ұзындығы 100 м, етегіндегі ені 25-30 м, ор түбінен есептегендегі биіктігі 6,2 м, ал үймек етегінен есептегендегі биіктігі 4,8 м. Екінші үйінді бірінші үймекке қатар, батысқа қарай 35-40 м жерде орналасқан. Ұзындығы 65 м және биіктігі 1,8-1,7 м.
Осыған ұқсас, «үймек тәріздес», «батон» түріндегі құрылыстар 1 Қырықоба зиратының №2 қорғанының оңтүстігінде де орналасқан. Мұндай құрылыстар Орал – Қазақстан далаларындағы обалардыңда бірқатарында байқалған. Әдетте С-0 бағытымен созылып жатқан «ұзын үйінділер» ғұн-сармат кезеңінің зираттарында кездеседі. Бірақ олардың ауқымы қырықобалық құрылыстармен өлшеуге тұрмайды. Өлшенген биіктігі 10-17 м, биіктігі 1,5 м дейін. С.Г. Баталовтың аймақтың шолуы бойынша мұндай құрылыстар арнайы археологиялық зерттеуден өтпеген . Олардың атқарған міндеті белгісіз және Үлкен қорғанмен байланысы түсініксіз. Олардың бүкіл жерлеу кешеніндегі құрылыстық және планиграфилық рөлі, сондай-ақ, сол кездердегі (б.з.д. I мың жылдықтың ортасы-екінші жартысы) қоғамдардың жетекшілеріне тән жерлеу әдет-ғұрыптардағы рөлі де түсініксіз. Бұл «созыңқы шоқылар» қорғанмен біртүтас жерлеу кешенін құраған және «рәсімдер мен жоралар атқарылатын жерлеу ғибадатханасы» болған деген пікір бар. Әлбетте, осы «үймек тәрізді үйінділердің» тым болмаса бір бөлігі археологиялық тұрғыда зерттемейінше мұндай гипотезалардың бәрі алғыр ой-пікір түрінде қала бермек. №1 қорғанның кіші батонының магниттік барлануы үйінді астындағы құрылықта қазынды орындары барлығын ғана көрсетті .
Осыны ескере отырып, ОКАЭ Қырықоба отряды № 1 қорғанға қараған үлкен үйіндінің солтүстік шетінде қазба жұмысын бастады (1 фото). Үйіндінің бұл жердегі биіктігі 4,4 м, солтүстік баурайы үйіндінің оңтүстік шетіндегі баурайына қарағанда ылдилау келеді. Қазбаның бастапқы аумағы 12*25 м құрады. Бастапқыда, тереңге түскен сайын қазба аумағы ұлғайып, жер бетіндегі деңгейге жеткен тұста оның көлемі 30*25 м құрайды деп ұйғарылды. Қазба (және үйіндінің) ортасында С-0 бағытымен тексеру жиегі қалдырылды, Б-Ш бағытындағы қырын қазбаның оңтүстік шетімен қадағалап отырдық. С-0 бойымен салынған жиек қорғанды шығыс және батыс бөліктеріне бөлді . Rо нүктесіне осы екі жиектің қиылысқан жері алынды.
Жұмыс барысында қазба аумағымен 2,0-2,15 м тереңдікке түсуге мүмкін болды. Қабат-қабатпен жүргізілген тазарту жұмыстары үйінді ішінен қандайда болсын құрылыс іздерін таппады. Сиырдың (жылқының?) ірі үш сүйегінен басқа бірде-бір заттай айғақ шықпады.
Аршылған топырақ негізінен біртекті нығыздалған сары сазды массадан тұратын. Қазбаның беті мен қырынан линза түрінде және көкжиекке ылдиланып, кішігірім қабаттармен орналасқан сүр түсті топырақ кездесті. Сиыр сүйектері осы сұр түсті қабаттан шықты.
Сонымен, бастапқы жұмыстар үлкен үймектің төбесінде ешқандай құрылыс жоқ екендігін, ал оның өзі осы үйіндіні қоршап жатқан орды қазғанда шыққан біртекті түйір топырақтан үйілгендігі анықталды. Олжалар мен тіршілік іздері, сірә, қазіргі таңда үйінді басып жатқан ежелгі деңгейден шыға бастайтын шығар. Бірақ оған жету үшін үйінді түбіне әлі де 2,5-3,0 м түсу керек.
Аталмыш 1 Қырықоба нысанындағы жұмыстармен қатар 2а Қырықоба зиратының үш қорғанында да қазбалар жүргізілді. Бұл оба Орал – Ақсай трассасының екі жағымен 5 шақырымға созылған отызға жуық үлкен және орта қорғандар тізбегінен тұрады. Тізбектің батыс жағында, шартты түрде 2а Қырықоба обасы деп аталған 19 қорған есепке алынды. Бұл ескерткіште осыған дейінгі жылдарда оннан астам үлкен және орта қорғандар зерттелген болатын (Ж.Қ. Құрманқұлов, С.Ю. Гуцалов жұмыстары). Кезінде тоналғандығына қарамастан қорғандардан жерлеу құрылыстарының құрылымын анықтауға және кешенді б.з.д. V жатқызуға мүмкіндік берген бірегей олжалар шықты. Бүл материалдардың бір бөлігі басылымдарда жарияланған.
Зираттың солтүстік (негізгі) бөлігінде қазуға жарамды орта қорғандардың қалмағандығынан, біздер зерттеу үшін трассадан оңтүстікке қарай тізбектеліп созылып жатқан кішігірім үш қорған таңдап алдық. Олар Орал – Ақсай трассасының 77 және 78 шақырымдары арасындағы орман алқабында орналасқан. Қорғандардың бастапқы келбеттері орман алқабын өткізу барысында бұзылған. Олардың үстінен бірталай рет жер өңдеуші машиналар жүріп өткендіктен олар қатты жайылған, биіктігі 1 м, диаметрі 15-19 м жағдайда. Қорғандардың баурайларын ағаш пен бұтақтар басып кеткендіктен жерлеу құрылыстарының бүкіл аумағында тазалау жұмыстарын жүргізу қиын. Соған қарамастан, біздер №1 қорғанның мәйіт жаткан шұңқырды толығымен, №3 қорғанның орнын анықтап тазалауды бастауға қол жеткіздік. №2 қорғанда мәйіт құрылысының оңтүстік-шығыс бөлігі тазаланды. Мәйіт шұңқырын бұталар басып кеткендіктен, оның орнын анықтау мен тазалау ағаштар түгелімен шабылмай мүмкін болмады.
Бүкіл қорғандардан өткен жылдардағы осы обада істелген жұмыстар нәтижелері бойынша алғашқы қалпы анықталатын жерлеу құрылыстарының орны байқалды. Бүл қазіргі күнде аласа (30-40 см), кішігірім үймек күйінде байқалатын бөліктер. Сонымен қатар үсті ағаш жабылған, ал оның төбесі ағаш қабығы мен шөппен төселген мәйіт орындары да көрінеді.
№1 қорған (№15?). Қорғанның мәйіт шұңқыры көлемі 3,8*4,1 м, ежелдегі күндізгі қабаттан есептегендегі тереңдігі 2 м. Мәйіт толығымен тоналып кеткен. Тонаушылардың шұңқыры мәйіттің бүкіл аумағын алып жатыр. Шұңқыр шеттерінен ағаш шатырдың қалдықтары бар. Бөренелер шұңқыр шетінің жер бетін ғана алып жатпаған, оның астынан шұңқыр қабырғасымен қаланған қатар байқалады (2 фото). Мәйіт шұңқыры мен сыртқы қабырғаның арасы ағаш қабығы мен шөппен төселген екен. Мәйіт шұңқырының еденіндегі қабаттан керамикалық ыдыстардың үш бөлігі, еденде шашылып бөлек жаткан адам қаңқасының сүйектері, жүгеннің қоладан істелген грифон басының мүсіні бар шанышқысы, қатты тотыққан екі пышақтың бөліктері, жекелеген моншақтар мен шыныдан істелген алқалар және әшекейдің шыныпасталары шықты.
Керамикалық ыдыстар ішінде кішкентай екі ыдыстың бөліктері (екі дана, біреуі қолмен жапсырылған, ал біреуі көземен) мен көземен жасалған кішігірім құмша бар (1 сурет, 1-3).
Орал маңы аймағындағы сармат қорғандарынан шыққан олжалар ішінде көземен жасалған импорттық керамиканың кездесуі сирек құбылыс емес. Ертесармат уақытының (Прохоров мәдениеті, әсіресе IV ғ. соңы мен III ғ.) кешендерінде хорезмдік қолөнер орталықтарының керамикасы кездессе, кейінгісармат қорғандарының керамикасында оның кездесуі күнделікті . Ортасармат кезеңінде оның біршама азаюы байқалса, онда кейінгі кезеңдегіден (II-IV ғғ.) Орал төңірегіндегі аймақтан 11 жерден шыққан 35 ыдыс есепке алынған. Бұл керуендік саудаға салынбаған күнделікті керамиканың олжалары деп есептеледі. Олар көшпелі тайпалардың жылда көшіп-қонып жүрген жылдық циклының шекарасын белгілейді.
Бірақ сармат қорғандарынан хорезмдік керамика жататын ерте түрлерінің ыдыстары әлі шыққан жоқ секілді. Хорезмнің архаикалық кезеңге (б.з.д. VI-V ғғ.) жататын керамикасына «...ернеуі кең цилиндр пішіндес. Қабырғасы ортасында сыртқа немесе ішке шығыңқы келеді. Түбіне қарай азғана кеңейетін, және кішкентай жалпақ түбіне қарай тұлғасының төменгі үштен бірінде бірден ылдиланған болатын»14 құм мен құмшалар тән келеді. Мұндай пішіндегі керамика архаикалық кезеңге тән. Бұл ыдыстар бітімі мен көлеміне қарай ажыратылады да, Хорезмнің солжағаулық және оңжағалаулық керамика жиынтықтарында кең таралған. Мұндай ыдыстардың дәстүрлі түрлері мен нақты уақыты анықталған жиынтықтары Кюзели-Гырдың төменгі қабаттары мен Дингильдже қоныс-жайын қазу барысында алынды. Екі басқа ыдыс ежелгі Хорезмнің архаикалық кезеңінің жиынтықтарында кездесетін «нәзік ыдыстар» қатарына жатады. Жапсырмалы ыдысқа ұқсас уақыты дәл осындай – VI-V ғғ. жататын, Орынбор облысының оңтүстігінде кездесіп, шартты түрде «савромат» керамикасы аталатын жиынтығынан табуға болады.
Тоғадағы басы грифон түріндегі қола шанышқыда иілген мықты тұмсығы бейнеленген; көздері айналдыра бедерленген нүкте түрінде берілген. Аумағы 22*12 мм. Тесігі – 8x8 мм. Жүген жиынтығының осыған ұқсас бөліктері, грифон басының сәл басқаша сарындағы сипатымен жасалынған үлгілері ортаскиф уақытындағы (VI-V ғғ.) Еуразия далаларында кең тараған болатын.
Сонымен, 2 Қырықоба обасының бір бөлігінің уақытын зерттеліп отырған қорғандардың негізінде б.з.д. V ғ. жатқызуға толық негіз бар.
1. Бұл жәйтті қорғанның магниттік әдіспен зерттелуі де дәлелдеген. Қараңыз: Алексеев А.О., Борисов А.В. и др. Палеопочвенные и магнитные исследования археологического комплекса «Кырык-оба» в западно-Казахстанской области// Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Уральск,2003, 223-6.
2. Баталов С.Г., Гуцалов С.Ю. Гунно-сарматы Урало-Казахстанских степей. Челябинск,2000, 124-6.
3. Большекараганский обасының 5 қорғанын «үймек тәріздес қорғандар» қатарына қосу, сірә, қате болса керек. 8—2 суреттердегі жоба бойынша ол ондайлар қатарына жатпайды (Баталөв С.Г., Гуцалов С.Ю. Гунно-сарматы., 37-6. 8-2 суреттер), сондай-ақ 13 суреттегі Друженский обасының қорғаны да ондай емес.
4. Курманкулов Ж., Ишангали С., Райимкулов Б. Исследования курганного отряда №2 УКАЗ в 2001г. на могильнике Кыркоба 2//Вопросы истории и археолгии Западного Казахстана. В. 1,Уральск, 2002, 87-6; Сдыков М.Н., Гуцалов С.Ю., Бисембаев А.А. Сокровища скифов Западного Казахстана. Уральск, 2003, 122-6.
5. Байпаков К.М., Танабаева С.И.,Сдыков М.Н. Древ¬ние сокровища Западного Казахстана. Алматы,2001, 32-6.
6. Қазба жұмыстары біткеннен кейін, біздің ойымызда тарихи ландшафты бұзбай, оның бастапқы қалпын келтіру үшін «батонды» рекультивациялау бар.
7. Алексеев А.О, Борисов А. В. и др. Палеапочвенные и магнитные исследования.., 223-6.
8. Экспедиция жетекшісінің кеңесімен, қазбаның ба¬тыс бөлігі 1,7 м тереңдікке жеткізілген соң қайта көміліп, учаске шым төселіп қалпына келтірілді.
9. Мошкова М.Г. Происхождение раннесарматской (прохоровской) культуры. М.,1974,43-6.
10. Археология СССР. Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время. М., 1989, 175, 194-6.
11. Мошкова М.Г. Среднеазиатская керамика из поздне¬сарматских комплексов//Прошлое Средней Азии. Душанбе,
12. Бұл қорғандар 2 Қырықоба обасының жарияланған жобасына енгізілмеген. Біз қазып жатқан қорғандар (№1, 2, 3), сірә, осы обаның жалпы нөмірленуіндегі №15, 16, 14 қорғандарына сәйкес келсе керек.(Курманкулов Ж., Ишангали С., Райимкулов Б. Исследования курганного отряда №2, 91-6, 1 сурет). 1987. 105-6.
13. Мошкова М.Г. Среднеазиатская керамика из поздне-сарматских комплексов, 111-112 б.
14. Воробьева М.Г. Керамика Хорезма античного перио- да/ДХААЭ, т. IV, Керамика Хорезма. М., 1959, 69-6.
15. Воробьева М.Г. Дингильдже. Усадьба I тысячеле¬тия до н.э. в древнем Хорезме. М., 1973, 122 б, 35 сурет.
16. Воробьева М.Г. Дингильдже, 132 б, 39 сурет; 136 б, 41-сурет.
17. ’Курганы левобережья Илека. Вып.З, М., 1995, 57, 61 суреттер.
18. Ковпаненко Г.Т.,Бессонова С.С., Скорый С.А. Памятники скифской эпохи днепровского лесостепного правобережья. Киев, 1989, 96 б, 28-6, 7 суреттер.