Жұмыс барысында №1 бөлмесінің көлемі анықталды (2007  жылы ол толық ашылмаған), оның ені 2,85м, ұзындығы 3,3  м.

Бөлменің солтүстік-шығыс бұрышында диаметрі 0,4*0,47 м ошақ қалдықтары тазаланды. Бөлмені тазалау барысында еденнің екі деңгейі анықталды, үстінгі еден сынық кірпіштерден, ал астыңғысы бүтін кірпіштерімен төселген. Едендер арасында 16-18 см деңгейінде керамикалық ыдыс сынықтары, күл, мал сүйектері кездеседі.

6-бөлме ғимараттың оңтүстік-батыс бұрышында орналасқан. Оның көлемі 6,2*4,15 м. Оның оңтүстік-батыс қабырғасының тұсында бүтін кірпішпен төселген еден сақталған, осы жерде қабырға 1,3 м биіктікке сақталған, ені 0,87 м. Бөлменің кіре-берісі солтүстік-батыс бұрышында орналасқан, ені 1 м жуық.

7-бөлме 6 бөлменің солтүстігіне қабысқан. Сақталуы өте нашар. Бұл бөлменің тек сыртқы қабырғасы сақталған. Еден тек кей жерде ғана сақталған. Бөлмелер арасындағы қабырғада іздер сирек кездеседі. Бөлменің кіреберісінің ені 0,95 м, оның оң жақтағы қабырғасы 1,2 м биіктікке сақталған. Бөлменің сол жағында сандал-ошағы сақталған.

Келесі 8-бөлме 7 бөлменің оңтүстік-батыс қабырғасымен қабысқан. Оның ауданы 2,85*3,25 м. Ерте кезеңге жататын едені ғана кейбір жерде сақталған.

Барлық бөлмелер ұзын дәлізге шығады. Бұл дәлізді ашу барысында екі құрылыс қабат байқалды. Үстіңгі қабаты ені 1,5 м-ден 4 м-ге дейін кірпіштер сынықтарымен, ал астыңғысы ені 3,35 м бүтін кірпіштермен төселген. Осы дәлізден солтүстік-батысқа қарай ені 20-30 см ұзын жіңішке қабырға ашылды. Жұмыстар барысында бұл қабырға барлық бөлмелердің тұсында орналасқан, оның ұзындығы 16,5 м. Биіктігі 0,5-0,6 м сақталып, оның астыңғы қабаты күлден, пасхадан, қоқсықтан, ал үстіңгі қабаты сынық кірпіштерден тұрғызылған. Бұл құрылым ғимараттың кейінгі құрылыс қабатына жататыны түсінікті. Одан солтүстік-батысқа қарай 1,3 м жерде тағы бір ұзындығы 1,5 м қабырға ашылды. Ал ол қабырғадан 0,5 м жерде тағы бір қабырға орналасқан екен, оның ұзындығы 10,0 м, солтүстік-батысында ол солтүстік-шығысқа қарай бұрылған. Бөлмелер алдында орналасқан дәліздің ені 1,1 м қабырғасымен қабысқан.

Бұл қабырға дәліз еденінің деңгейінен 0,4 м төмен орналасқаны анықталды. Ол қабырға үстінде колонналар орналастыру үшін күшейтілуі мүмкін.

Ғимараттың оңтүстік-шығыс жағында, 9 бөлмеге қарама-қарсы төрт бұрышты бір құрылыс ашылды. Оның оңтүстік-шығыс сақталған қабырғасының биіктігі 12-17 см, ұзындығы – 2,35 м, ал солтүстік-шығыс сақталған қабырғасының биіктігі 18 см, ұзындығы 3,05 м. Бұл бөлмеде де екі құрылыс қабаты байқалады.

Осы құрылыстың солтүстік-батысында ені 2,5 м, үлкен тастардан төселген құрылыс ашылды. Оның беткі жағының ені 75-78 см. Бұл ғимарат басқа ғимараттар сияқты бұзылған, сонда да қалған бөлімдер арқасында біздің ашқан оңтүстік-батыс бөлігінің жобасын анықтауға болады. Бұл күйдірілген кірпіштен көтерілген ғимарат үлгісін, көлемін және де бағытын сақтаған.

Сонымен, есеп беру жылы ғимараттың 6, 7, 8, 9 бөлмелері ашылды. 7-ші бөлмеден басқа барлық бөлмелердің өлшемдері және архитектуралық құрылымдары бірдей. Көлемдері 2,8*3,2 м, кіреберіс ені 0,95 м, оның алдында ұзындығы 1,5 м, ені 2,90 м айвандары бар. Бөлмелер нашар сақталған. Жұмыстар барысында 2 құрылыс қабаты анықталды. Үстіңгі құрылыс қабатының құрылымдары кірпіш сынықтарынан көтерілсе, төменгі қабатында бүтін кірпіштер пайдаланылған. Ғимарат қабырғалары іргетассыз көтерілген.