Солай бола тұрса да, экспедициясының негізгі мақсаты осы ескерткішті Солтүстік Сарыарқаның мейілінше маңызды, әрі бағалы стратиграфиялық мезо-энеолитикалық нысандарының бірі ретінде зерттеу болды (Мерц, 1999,2002). Солтүстік және Орталық Қазақстанның голоценді индустриясын кезеңдіру және хронология проблемасын шешудегі ерекше мәнін ескере отырып, тұрақ «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша арнайы зерттеуге жататын аса маңызды мәдени-тарих нысандарының тізіміне енгізіліп, соған сәйкес 2005 жылы онда ауқымды зерттеулер қайта жасалды. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Археологиялық зерттеулер орталығы ескерткіш зерттеуді жалғастырды.

Шідерті 3 тұрағы аттас өзеннің орта ағысында Екібастұз қаласының батыс бағытында 50 км жерде орналасқан. Ол өзеннің солтүстік жағасында Шідерті теміржол станциясынан оңтүстікте қарай 7 км жерде 1 суармалы террасаға (надпойменная терраса) тұстасқан. Мұнда терраса өзен мен түбірлі жарқабақтың (коренным склоном) арасында 30-40 метр жолақ болып созылып, қолайлы тұрғын үй алаңын құрайды. Террасаның бұндай жағдайы боржылдық шөгінділердің тез жиналуына және мәдени қалдықтарының көміліп қалуына эсер етті, тереңдігі 1,5 м-ге дейін бартын қуатты мәдени қабаттың түзілуіне соқтырған. Мәдени қабаттарын ғана емес, осында бұрын мекендеген ертедегі адамның палеоэкологиялық үрдісіне және тұрақтың археологиялық кешендерінің хронологиясын анықтауға түсінік беретін терраса үйіндісінің бүкіл массасын зерделеу ескерткішті зерттеудің маңызды бөлігі болды.

Сондықтан Шідерті III тұрағында 2005 жылы жүргізілген зерттеулердің міндетіне кейінгі мезолит -ерте неолит дәуірінің 3-неоилитикалык және 4-қабатын зерделеуді терең ғылыми сипатта өткізу, стратеграфиялық шурф қалау, палинологиялық және радиокөміртекті талдауға топырақ үлгілерін алу, планиграфиялық және стратеграфиялық қадағалау жүргізу, ескерткіштің қалған бөлігін консервациялау енді. Жұмыс қазбаның оңтүстік-шығыс секторында жүргізілді, ескерткіштің солтүстік-батыс және орталық-апатты бөлігін қамтитын үштен екісінде қазбаның тек оңтүстік-шығыс секторы толық зерттелмей қалды, межеленген қазба мен бұрын басталған жұмыстар шегінде 240 шаршы метр алқапта 3-6 мәдени қабаттардың қалдықтарын зерделеу қажет болатын. Мәдени қабатты таңдау шаршылы, кейін топырақты елеумен, планиграфиялық және стратиграфиялық қадағалаулар өткізумен жүргізілді.

Геологиялық зерттеулерге базалды көкжиекке дейін өне бойымен өтетін 3 шурф бойынша террасаның құрылысын зерделеу енді. Осы өңірдің палеогеографиялық жағдайын көрсететін құрылымның табылуы, плейстоценнің аяғы ерте голоценде климатын қайта жасауға, ертедегі адамның мекендеуінің негізгі кезеңдері мен интервалдарын, ескерткіштің мәдени қабаттарының жасын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында терраса үйіндісінің кейінгі плейстоценнен голоценге дейін құрылған 4 фазасын анықтау мүмкін болды. Олар ағысты және суармалы аллювий, үйіндінің өтпелі фазасы мен субаэралды бөлігі түрінде көрінді, бұлар ерте голоценнен бастап террасаның үстінде адамның мекеніне қолайлы жағдай болды. Бұл жалпы қуаты 130-150 см. террасаның жоғарғы бөлігінің аллювиалды-делювиалды үйінділерімен аралас кейде стерилденген қатпармен және қазылған топырақ кезектесіп отыратын 6-мәдени қабат пен көкжиекте болатын ескерткіш материалынан көрінеді.

Сөйтіп, тұрақтың ғылыми мәні стратиграфиясының голоцен дәуірінің палеоклиматтық жағдайын көрсетуінде емес. Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағында мезолит-энеолит дәуірінде тас индустриясы мен мәдениетінің дамуының сабақтастығы ескерткіштің мәдени қабатынан алынған археологиялық кешендер. Тұрақты зерттеу нәтижесінде тас қарулар мен керамиканың, сүйек заттар мен фауна қалдықтарының аса бай коллекциялары жиналды. Олар энеомит дәуірінде ертістің Павлодар өңірінде жылқылар мен ірі қара малдардың қолға үйретілуіне байланысты өндіруші шаруашылықтың қалыптасуының алғашқы формаларын дәлелдейді. Бұл жаңа археологиялық мәдениет тым ертедегі немесе бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар солтүстік Қазақстанның ботай-терсек кешендеріне синхронды. Мұнда Қазақстанда тым көнеде жерленген адам неолит-энеолит дәуірінің шеңберіне, біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың ортасы-аяғы мен III ғасырдың басына жатады. Алайда ескерткішті зерттеу әлі аяқталған жоқ, қазір бұл тұрақ осы өңірдегі тұрпатты жалғыз нысан болып табылады, сондықтан голоценді индустрияның кезеңденуі мен хронологиясын жасау мен жаңа археологиялық мәдениеттерді бөлу үшін айырықша мәнге ие эталонды нысан ретінде оны одан әрі зерттеу керек.

Тұрақта бірнеше стационарлық тұрғын үйдің ішінара сақталған қалдықтары қалды. алайда керамика өте аз, бұл неолит тік қабатпен байланысты тас қаруларының кешенін мәдени анықтауды күрделендіреді. Мұндай жағдай Сарыарқа ескерткіштерінің көпшілігіне тән, сондықтан мұнда молынан жиналған тас индустриясының қалдықтары неолиттік тайпалардың материалдық мәдениетін зерделеу үшін негізгі көз болып табылады. Алайда бұзылған мәдени қабатты ескерткіштерде немесе үстіңгі шөгінділерден жиналған коллекцияда, түрлі индустрияның бейнесін, кезеңдері мен хронологиясын анықтауды қиындатады.

Яғни, стратиграфиялық мен керамика материалдарының болмауы тас қарулардың кейбір кезеңдері мен көнеру мерзімдерін қоюда зерттеушілердің қисық, қате қорытынды жасауына жиі себеп болған. Шідерті 3 тұрағының шегінде жақсы стратиграфияланған кешендердің біртіндеп жатуы мүмкіндігіне ие болдық. Мәселен, бейнесі өте көне, Шығыс Европаның мезолиттік индустриясын еске түсіретін, біздің дәуірімізге дейінгі VI мыңжылдықта өткен. голоцен дәуірінің атлантикалық кезеңінің басында жасақталған көму топырағына ұштастырылған 3 мәдени қабаттың материалдары ерте неолит дәуіріне жатады. Ол қарашірік бойынша радиокөміртекті мерзім сериясы алынған топырақтың жасымен дәлелденеді. Сондай-ақ индустрияның өзінің неолиттік жасы, онда бүгінгі күнде қазақстандық кешендердегі ең ертедегі керамиканың болуымен дәлелденеді.

2005 жылы өткізілген қабатты зерттеу нәтижесінде керамиканың бірнеше ондаған фрагменттерінің жиынын тауып алдық. Ол екі түрде түбі дөңгелек формада балшыққа ағаштың үгіндісі мен құм қосылған қара немесе қоңыр түсте, жиегі сәл сыртқа шығыңқы тік қабырғалы құмыралар болып кездесті. Сыртқы бетінде сирек айырылымдар мен созылыңқы майысқандық бар, әлдебір аяқталған өрнек элементтері байқалмады. Құмыраның ішкі беті. үсті дөңестеу сұр-қара түсті. Органика қосылған фрагменттер қатты үгітілген, оның аз кездесуін нашар сақталғанымен түсіндіруге болады, сондықтан оған ұқсастар әзірге табылған жоқ.

Осы қабаттан шыққан индустрияның қалдықтары шикізаттық негізін сүр және қоңыр палеогендік микро-кварцит құрайтын пластинадан және қабыршақтардан жасалған қарулар кешені түрінде көрінеді. Кешеннің типологиялық айырмашылығын жалпы конус, призма және сирегірек сына іспетті нуклеустер, соның ішінді қосарлы доңбекшелер танытады. Гоби типті кең тарақты ірі ядро, дөңбекті және құрмалы нуклеус-қырғыш бар.

Қарудың негізгі бөлігі микролиттілігімен ерекшеленбейтін тегіс пышақ тәрізді пластиналардың медиальды сегменттерінен жасалған. Қайталама өңдеу сипатты бір немесе екі қыры бойынша ретушь, тік немесе дөңбегі кең ретуштелген ойық түрінде көрінді. Олар сына, пышақ немесе бүйірлі қырғыштар, басы шығып, тұратын пластина қырғыштар және тағы басқаларын жасау үшін пайдаланды. Жиегі мен дөңбегі қайырылған сыналардың түрлері көп. Тік бұрышты, жоғары формалары ассиметриялары трапециямен кесілген үш, симметриялы төмен трапеция, жиегі қайырылып мұқалған ассимметриялы параллелограмм, мұқалған арқалы үш және дөңбек түріндегі геометриялық формалар санаулы.

Тескіштер, қашаулар, бұрыштық және ортаңғы резецтер өте аз, тартымсыз, жалпы бүл кешенге тән емес. Жасау үшін әдетте қисық формалы ірі немесе орта дайындамалар немесе пластиналы сколдар пайдаланылатын пластиналардағы қырғыштар сирек кездеседі. Түрлі нұсқадағы қырғыштар басым. Ең ірілерінде жалпақ көлденең жүзді қырғыштар, қырлары кайта өңделмеген жұмыс ретушьті пышақтар, сондай-ақ құрамалы құралдар бар.

Бүл кешенде бифасты өнімдер, ұшының екі жағы өңделген, соның ішінде пластинадағы жебелер жоқ. Соңғылардың орнына мұнда кесілген ұштар мен ассимметриялы трапецияларды пайдалануы мүмкін, сүйекті ұштардың дайындалуы мүмкін, алайда Әзірше тұрақта олар табылмады. Сондықтан бүл индустрияның шаруашылығы туралы мәселе әрі зерделеуді талап етеді.

Жалпы осы кешеннің кремдік құралдарының типологиялық жиынтығы, онша үлкен де, стандартты да емес, Солтүстік және Орталық Қазақстанның ерте неолиттік индустриясының және өңірдегі голоценді индустрия, эволюцияның бүкіл үрдісінің бейнесіне қатысты белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұрынғылардан айырмашылығы, бүл кешен ең алдымен өңделмеген тастан, көбіне алевролит пен порфириттен жасалынған макролитті құралдарымен толығып отырады. Солардың ішінен осы кешенде түңғыш табылған және мерзімдік мәні болуы ықтимал құралдың мұндай түрінің барынша ертедегі үлгілері болып табылатын бүйірлері ойық тас кетпенді бөліп айту қажет. Олардың шығуын мүмкін 4 және 3 қабаттың индустриясын жасаушылар әкелген, Орта Азияның оңтүстігінің жер өңдеу дәстүрлерімен байланысты шығар.

Жарты шеңберлі симметриялы жүзді қара алевролиттен жасалған кәдімгі екі қыры өңделген балта мен соғыс қаруы тегінде қолданылуы мүмкін, үш бұрышты формалы жалпақ бифас түріндегі шабу құралдары макролиттер арасында ерекше орын алады. Жалпақ бетінде ұзынша науалы сегмент формалы ашық-сүр және қоңыр құмнан жасалған абразивтер ерекше көрінеді. Мұндай заттар түрлі өңірлердің көптеген неолиттік ескерткіштерінде де кездеседі, алайда осы маңдағы аумақтарда белгісіз.

Осы кешеннің мәдени айырмашылығы шығу мәселесіне келер болсақ, онда ескерткіштің мезолиттік қабаттарында жоқ жалпақ нуклеустердің ерекше орын алатынын атап айту маңызды. Нуклеустердің бүл типі оңтүстік неолит үшін негізгі болып табылатындықтан ол, сірә, мезолит және неолит дәуіріндегі орта азиялық тайпалардың этнографиялық нышаны болып есептелуі (Виноградов, 1981, с. 60, 62). Алайда. бізде олар неолитте ғана шығады, сондықтан нуклеустердің осындай типтеріне ұқсас барлық кешендер сол уақытқа келер.

Кешенде табылған сына іспетті нуклеустер келімсек жұрттың жергілікті тайпалармен тығыз байланыста болғанын дәлелдейді, сына іспетті нуклеустер дайындау дәстүрін ұстанған жергілікті эпипалеолитиялық текті аборигендердің эсері мен мәдениетіне кейбір өзгерістер енген, мәдениеті Сарыарқаның шығыс бөлігінің аумағында параллельді өмір сүрген. Бұл проблемалық мәселе де арнайы зерттеуді қажет етеді, өйткені бізге осында сына іспетті нуклеустермен голоцендік неолитикалық кешендер белгілі.

Көне бейнесі, керамиканың болуы және барлық көрсеткіштері бойынша айырықша ерекшеленетін эпипалеолит-мезолит индустриясының қалдықтарымен, саздақты құрамның ерте голоцендік қабатына жататын ең қуатты көму топырағы шегінде стратиграфиялық орналасуы 3-қабат индустриясын ерте неолитке жатқызуға итермелейді. Жалпы бұл индустрия біздің ойымызша VII,VIII, IX, XIV Тельман және басқа (В.Ф. Зайберт бойынша) және Оңтүстік Орал (Г.Н. Матюшин бойынша) тұрақтарынан Солтүстік Қазақстанның тельмандық шағын ауданының мезолиттік ескерткіштермен ұқсас. Қазақстандық Притоболь тұрақтарымен және Оңтүстік Орал, Арал өңірі мен Дала Алтайы (Крижевская, 1968; Зайберт, Потемкина, 1981, с. 119; Виноградов, 1981, с. 71-74; Матюшин, 1976; Логвин, 1991, с. 6-8; Кирюшин, Кунгурова, 1984, с.29, Кунгуров, 1993, с.53, 63; Мосин, 2003, с. 65-77), сол сияқты Монғолияның оңтүстік батысындағы Чихэн үңгірінің жоғары қабатының кейбір формаларымен (Деревянко, Гладышев, Нохрина, 2004, с. 289, 5, 1-2, 9-11, 15 суреттер) ұқсастығы байқалады. В.Ф. Зайберт мезолитке жатқызып, одан атбасарлық мәдениетті генетикалық тұрғыдан шығарған 3 шідертілік қабатқа ұқсас материалдары бар ескерткіштер оның ерте кезеңін, не дербес мәдениетін көрсетуі тиіс.

Бұл кешеннің шығу тегіне келер болсақ, оның мәдениет тұрғысынан материалдарында әлі де жебелердің ассимметриялы ұштары жоқ Хорезм мен Орта Азия Қосөзен аралығының ерте неолитіне жақындығын атап өттік. Олар -Жанбас 31 (төменгі қабат), Қабат 5, Қонақ 1. 131 Үшащы және басқалары (Виноградов, 1981, с. 67-70), бұл да осы ескерткіштерді жебелердің ұштары жоқ 3 шідерті қабаты мен тельмандық ескерткіштер индустриясына жақындата түседі (Мерц, 2004, с. 29). Пластиналардағы солтүстік қазақстандық симметриялықтар сияқты оңтүстіктегі кельтеминарлық типті ассиметриялық ұштар дамыған және неолиттің келесі барынша кейінгі кезеңінде пайда болған (Виноградов, 1981,с.69).

Байтақ аймақты алып жаткан индустрияның осы типіне сандаған параллельдер осы жерде неолит дәуірінде белсенді мекенденуі атланттық дәуірдің тууымен байланысты, біздің дәуірге дейінгі VI мыңжылдықта басталған Орта Азияның аңшылары мен балықшыларының ерте неолиттік тайпалары құрған ауқымды мәдени-тарихи қауымдастықтың өмір сүргені туралы айтуымызға мүмкіндік береді.

Хронологиялық жақын, тура мағынасында түрлі оңтүстік-батыс аудандардан кезектесіп келетін 3 қабаттың жамылғы материалдарынан айырықша ерекшеленетін, ақ-қоңыр саздақтың үстіңгі бетімен ұштасатын төмен жатқан 4 қабаттың индустриялық; қалдықтары зерттелді. Алайда олардың типологиясы мен сырт бейнесінде елеулі өзгешеліктер бар. 4 қабат индустриясы өкілдері шикізаттың өзге түрлерін, ең алдымен сары және шие түсті яшма-кварциттер тұтынған кейінгі мезолиттің немесе ең ерте неолиттің мүлден өзге мәдени кешенін танытады.

Мұнда нуклеус негізінен фасетиртелген екпінді алаңды конус және қарындаш түрлі. биіктігі 3-4 см-ден аспайды, бұл оның көп пайдаланылғанын көрсетеді, өйткені қабатта биіктігі нуклеустерден едәуір асып түсетін пластиндер көптеп кездесті. Ортасы негізінен микропластиндер алу үшін пайдаланылғанымен, қайта сирек өңделген, көбінесе бүйірдегі вентралдық и дорзалдық ретушь түрінде ірі немесе қисық пластиндердің қиылысында кездеседі, бүйірлі қырғыш ретінде қолданылған тәрізді. Қырлары бойынша бүйірлі ретушті пластиндерді аяқ және қырғыштар, тескіш-бұрағыштар, нуклеусті кескіштер, соғу құралдары, тырнауыштар сан жағынан басым. Геометриялық микролиттер симметриялы жалпақ, аласа трапециялармен танылады.

Осы қабаттың индустриясы үшін ғана емес, аналогы Әзірше белгісіз тұтас ескерткіштің бәрі үшін, бірегей болып табылатын нуклеус тұрпатты тескіштер сияқты барынша ірі құралдар осы кешеннің айырықша ерекшелігі болып табылады. Мұнда Пластиналардағы санаулы бұрышты кескіштер 3 қабатқа қарағанда біршама жиі кездеседі. Вентральды шабылған ірі сынықтар мен жаңқалардан жасалған санаулы қырғыштар кездеседі, оларды сүйек немесе ағаш саптарға бекітіп пайдаланған сияқты.

Мүліктің молдығына, кремді өнімдердің номенклатурасының алуандығы мен кеңдігіне, кейбір типтердің және жалпы индустрияның өзінің бірегейлілегіне қарамастан коллекциясында бифасты өнімдер, соның ішінде жебенің ұштары мен найзалар жоқ. Бұл индустрияда ретушьтерден өзге макролиттер, абразивтер, сүйек құралдары табылмады, фауналық қалдықтар аз, ғимараттар мен шұңқырлардың қалдықтары жоқ. Жалпы таза күйінде Солтүстік және Орталық Қазақстанның бізге белгілі кешендерінің арасында Әзірше индустрияның аналогы жоқ. Маңайдағы кешендердің арасынан Әзірше оған аналог табылмады.      

Тек қатар орналасқан Шідерті 2 және 5 тұрақтарында және жақын жердегі Қарабұдыр 3 бұтақты тұрағында ұқсас материалдар, соның ішінде нуклеус тұрпатты кескіштер бар (Мерц, 1998, с. 51-54). Мүмкін В.Ф. Зайберт Обаған III, V, Жоғарғы Алабұға, Қамысты I тұрақтарынан мезолитке жатқызған тобыл маңындағы ескерткіштердің бөлігі осы кешенмен байланысты болар (Зайберт, Потемкина, 1981, с. 110-119).

Орал сырты ескерткіштеріне сыртқы реңі, нуклеустердің, пластиналық дайын өнімдердің параметрлері және оны өңдеу мәнері жағынан бүл кешенге барынша жақындауы, біздің ойымызша, Ташқово IV, Юрюзан I және мүмкін Шұбаркөл XVII болар. Алайда, оларда геометриялық микролиттер жоқ (Древняя история Среднего Зауралья, с. 63-66, 70,72).

Сондай-ақ трапециялар мен басқа сыналардың типі мен өңдеу мәнері жағынан бүл индустрия, Солтүстік Каспий маңайы ескерткіштеріне тартады және жалпы батыстан келуі мүмкін. Нуклеустер мен тұтас қисық пластиналарды өңдеу және пайдалану, сипаты жағынан индустрия бүйірі ретушьті ойық пластиналар скобельдерінің көптігімен көзге түскен джейтун мәдениетінің өнімдерін еске түсіреді (Масон, 1971, с. 30, таб. 9-10). Сондай-ақ Шығыс Каспий маңайы ескерткіштеріне, соның ішінде Дам-Дам-Чешме үңгіріне ұқсас (Масон, 1971, с. 76).

Осы қабаттан алынған кермдельді материалдың іріктелгені, ескерткіштің мезолиттік кешендерінің арасында саны көбі болып табылады. Тұрақтың басқа кешендерінде жоқ және мезолиттен неолитке өту кезеңінің эталоны сынауға және сол типті индустрияның мәдени- хронологиялық анықтамасын жасауға мүмкіндік беретін, бірегей типтердің санының жеткілікті көптігімен танылады. Кейінгі мезолит пен ерте неолит шеңберіндегі жағдайының бұлыңғырлығын ескеріп, осы кешеннің хронологиясын біздің дәуірге дейінгі VII ғасырдың аяғы - VI ғасырдың басымен алдын ала анықтауды өтпелі ретінде қарауды ұсынамыз. Бірегейлігінің және өңірдің басқа аймақтарында толық аналогының жоқтығын ескеріп, оны дербес мәдениеті танытатын индустрияның типі ретінде қарауға да болады. Егер мезолиттік кешен шеңберінде қарастырылса, онда бүгінгі күні Орта Сарыарқа аумағында белгілі мезолиттік индустрия туралы түсінік осымен бітеді, Неолиттің жаңа формасын танытуы да ғажап емес. Ертістің Павлодар өңірінде мезолит-энеолит дәуірінде, алғашқы адамның тіршілік жағдайының жан-жақты көрінісін жасау және жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану арқылы жаңа ғылыми ақпарат іздеудің шексіз мүмкіншіліктерін ашатын «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша биыл тұрақта өткізілген зерттеулердің негізгі нәтижелері осындай.

Келесі жылға Шідерті 3 тұрағын қазуды аяқтау, Шідерті2,5, Шолпан 1-2 тұрақтары мен басқа ескерткіштерде жұмысты жалғастыру, археологиялық зерттеулердің одан арғы мүмкіндіктерін анықтау үшін жаңа тұрақтарды барлау және қорғау шараларын қажет ететін кейбір, соның ішінде апатты нысандарда қазба жүргізу жобаланып отыр.