№ 1 нысан. Өткен жылы басталып, дадалық зерттеу жұмыстарының аяқталуына байланысты уақытша коңсервацияланған бұл нысандағы зерттеу жұмыстары биыл қайтадан жаңғырды. Қазба барысында жер деңгейінен 2,10-2,50 метр, тереңдікте пішіні төртбұрышты болып келетін күрделі түрде салынған қабір құрылысы табылды. Бұл бір-біріне ұқсас батыс және шығыс бөліктерден тұратын катакомбалардан тұрады. Қабірлердің бір-бірінен арақашықтығы 2,5-3 метр. Қабірхана құрылысы, мұнан бұрын бізге белгілі болып келген қабірхана құрылыстарының ешбіріне ұқсамайды. Қабірхананың салыну барысын сөз етер болсақ, мұнда ең алдымен мәйіттің ішкі үйі болып есептелінетін лақат қазылып дайындалған. Мәйіт жерленген соң оңың шығар есігі кесек кірпіштермен қалап жабылған. Шығыс бөлігіндегі лақаттың ұзындығы 2,85 метр, ені 1,75 метр, төбесі дөңестеу, ең биік жері еденінің деңгейінен 1,75 метр. Кесек кірпіштердің көлемдері әртүрлі, шамамен 45*35*15 сантиметр, 30*17*15 сантиметр. Лақатты жапқан қабырғаның биіктігі еден деңгейінен 165 см., ені екі кірпіш қалыңдығымен сәйкес. Лақат ішінен бас жағымен оңтүстікке қарай жатқызылған үш ересек адамның мәйіттері аршылып алынды. Мұнда айта кетерлік жайт: шығыс беттегі екі мәйіт бірінің үстіне бірі қабаттастырыла қойылған. Бұл екі мәйіттің батыс бетінде үшінші мәйіт жерленген. Қабірді аршу барысында мәйіттермен қоса көмілген жеке бұйымдар да табылды. Атап айтар болсақ, батыс беттегі жеке жатқан мәйіттің сол жанынан ұзындығы 1 м асатын семсер мен белінің тұсынан белдіктің қалдықтары табылды. Ұзындығы 20 см келген сабы ағашпен қапталған. Ағаш сапта әсемдік ою өрнек ізі байқалады. Семсердің ромб тәрізді болып келетін жетесі мен коңус тәріздес балдағы қоладан құйылса, ал белдік қола жапсырмалар жене тас түймелермен өрнектелген. Соңымен қатар осы мәйіттің оң жағынан, жамбас сүйегінің тұсынан темір қанжар сынығы табылды. Жоғарыда атап кеткеніміздей бір-біріне қабаттастырыла қойылған шығыс беттегі екі мәйіттін астыңғысының белінен белдік былғарсының қалдықтары мен киімдерге жапсырылып тігілген сары металдан, пастадан жасалған әшекейлік бұйымдары табылды. Мәйіттердің сол жағында құрбандық малының сүйектері, бас жағынан сыртында парфяндық жазу үлгісіне, соңымен қатар Есіктен табылған таңбаларға да ұксас болып келетін жазуы бар қыш құмыра-көнек пен күміспен құрсауланған ағаш тостағанның қалдығы шықса, ал аяқ жағынан қыштан жасалған шамдал ыдысы табылды. Мәйіттердің астын тазалау барысында көптеген алтын жіптер араласқан органикалық заттардың қалдықтары (киіз, мата, кілем сықылды жүн өнімдері) мен ағаш зембілдің қалдықтары кездесті. Батыс лақат көп тоңалған болып шықты. Лақаттың есігін жапқан қабырға бұзылған. Кірпіштері шашылып жатыр. Оңың солтүстік-шығыс бөлігінен қыш-көнек пен құмған терізді сусын ішетін ыдыс табылды. Тоңау барысында оңдағы екі кісінің сүйектері лақаттан сыртқа шығарылып тасталынған. Екі лақат аралығын ұзындығы 120 см, ені 35 см болатын баспалдақты дәліз жалғастырып тұр. Дәліздің солтүстік жене оңтүстік бөлігінде биіктігі 150 см, ені 1 м болатын шикі кесектерден қаланған сандықшалар орналасқан. Негізгі қабір шұңқыры дүрыс емес төртбұрышты қабір екені анықталды.

№2 нысан. 2004 жылы «храм» деп белгіленіп, батыстан шығыска қарай ені 3 м, ұзындығы 20 м, тереңдігі 2 м жуық барлау қазбасы салынған бұл нысандағы қазба жұмысы биыл одан ары шығысқа қарай жене оңтүстік бағыттарда өрбіді. Қазба кезінде оңың оңтүстік бөлігінің бірқатар жері ашылды. Қазбаны 2,5 м тереңдеткен кезде, оңың оңтүстікке бағытталған ені 3 м жуық дромосының шекарасы, соңымен бірге диаметрі 15 м асатын дөңгеленіп келген қабір шүңқырының шекарасы анықталды. Дромос пен қабір шұңқыры 3,5 метрге дейін тереңдетілді. Қазба барысында қабір шұңқырының пішіні көп бұрышты екені анықталды. Шұңқыр ішінен адам, жануар сүйектерінің ұсақ бөлшектері, қыш құмыра сынықтары, темір бұйым бөлшектері табылды, көлемі аса үлкен бұл нысандағы жұмыс келесі жылда жалғастырылады.

№3 нысан. Теңіз деңгейінен 91 м биіктікте жатқан бұл нысан (мавзолей) Шірік Рабат ескерткіштер кешенінен шығысқа қарай, 7 шақырым жердегі төмпешіктің үстінде орналасқан. GPS бойынша нысанның географиялық координаттары: N 40° 6Г 21", Е 063° 00' 11". Пішіні сопақтау, солтүстіктен оңтүстікке қарай ені – 18 метр, батыстан шығысқа қарай – 20 м, сақталған биіктіктері 1,5-2 м жететін, қырын қарағанда (солтүстіктен немесе оңтүстіктен) «аттың еріне» ұқсайтын, яғни екі шеті (батысы мен шығыс жақтары) орта тұсынан біршама биіктеу болып келген бұл нысан, 2004 жылғы барлау жұмыстары барысында ашылып, жартылай қазылып зерттелген болатын. Нысанның солтүстік бөлігіне салынған сол жылғы қазба жұмыстарының барысында солтүстік бөліктің оңтүстік бөліктен саман кірпіштерден тұрғызылып, сырты сылақпен сыланған қабырғалар арқылы бөлінгені, сыртқы қабырғаның шеңбер пішінді болғаны, соңдай-ақ солтүстік бөліктің, батыс және шығыс секторларға ені 1 м жуық, ұзындығы 3-4 м, сақталған биіктігі 30 см жететін сыртқы қабырға сияқты саман кірпіштен өрілген қабырғамен бөлінгендігі анықталып, шығыс жақтағы шеңбер пішінді қабырғадан батысқа қарай 5,4 м қашықтықтан оңтүстік бөлікке өтетін дәліздің ауыз жағы шыққан болатын. Сол жылы соңымен қатар нысанның оңтүстік-шығыс бөлігіне көлемі 2 шаршы метрге жететін барлау қазбасы салынған болатын. 2004 жылғы қазба барысында екі бөлме толықтай аршылып, бірнеше адамның, малдың сүйектері, көптеген қыш ыдыстардың сынықтары, алтыннан істелген сырғаның екі бөлшегі, ертүрлі (шыныдан, пастадан жасалған) моңшақтар, кайрақ тастар, матадан, ағаштан жасалған қандай да бір бұйымдардың бөлшектері табылған болатын.

Биылғы, яғни 2005 жылғы зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – өткен 2004 жылы қазылып зерттеліп, соңынан коңсервацияланған бөліктерді кайтадан ашып тазалау жене нысанның қалған бөліктерінде қазба жұмыстарын жүргізіп, құрылыстың менін анықтау. Есеп беру жылында жүргізілген қазба жұмыстары нысанның оңтүстік бөлігіне өтетін дәліздің аузынан оңтүстік бағытқа карай өрбіді. Дәліздің ішін ғасырлар бойы жиналып қалған шаң топырақтан тазалау барысын да адам сүйектері, қыш ыдыс сынықтары, агаттан жасалған моншақтар табылды. Қыш ыдыстардың көпшілігі көз ішінің шарығында жасалған. Соңдай-ақ жапсырмалы әдіспен жасалғандары да кездеседі. Қазба жұмыстарын одан әрі оңтүстік бағытқа қарай жылжытқан кезде 1,1 м (солтүстік-батыс сектор мен оңтүстік-батыс секторды бөліп тұрған қабырғаның оңтүстік-шығыс бұрышынан есептегенде) солтүстік бөлікті екі секторға бөліп тұрған қабырға ашылды. Ені 1 метрге жуық болатын бұл қабырға да солтүстік бөліктегі қабырға сияқты саман кірпіштерден қаланып, сылақпен сыланған. Қазбаны сылақ төселген еденнің деңгейімен, қабырғаның бойымен, сондай-ақ шығыс және оңтүстік-шығыс, батыс және оңтүстік-батыс бағыттарға өрбіткен кезде адам сүйектері, әртүрлі қыш құмыралардың сынықтары, қола айнаның сынығы, қоладан құйылған үш қанатты , ұңғымасы ішіне кіріп тұрған жебе ұшының 4 данасы, темірден және ағаштан жасалған қандай да бір бұйым сыны қтары, шыныдан істелген моншақ, матаның қалдығы мен ағаштың (сексеуілдің (?) жанған шаласы шықты. Қыш ыдыстардың дені жоғарыда айтып өткеніміздей көзешінің шарығында жасалған қызғылт және қара түсті көзелердің, тостағандардың, кішігірім қазандардың сынықтары. Шығыс жақтағы қазба жұмыстарын, одан шығысқа қарай жылжытқан кезде солтүстік бөліктегі шеңбер пішінді сыртқы қабырғаның жалғасы шықты. Мавзолейден табылған жебе ұштары, қыш ыдыстардың пішіні бұл жерлеу кешенінің шам амен б.з.д. IV-II ғғ. аралығында салынғанын көрсетеді.

№4 нысан. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Шірік Рабат ескерткіштер кешенінде жүргізіліп жатқан археологиялық ізденістердің 2005 жылғы зерттеулерінің бірі ретінде, аталмыш ескерткіштер кешенінің оңтүстік-батыс бөлігінен (екінші бекініс қамалының ішінен) орын тепкен ұзын қабырғалары 130-135 м, қысқа қабырғалары 100 м жуық, сақталған биіктіктері 0,5 м 1,8 м дейін жететін , бұрыштары мен қабырғаларының кейбір жерлерінде мұнаралардың орны сақталған төртбұрышты қамалдың (цитадельдің ) оңтүстік-батыс бұрышына тақау орналасқан дөңестеу жер (үй -жайдың орны ) таңдап алынды. Қазба жұмыстары басталмас бұрын, нысанның үстінде өсіп тұрған сексеуілдер оталып, шашылып жатқан артефактілер жиналып алынды. Содан соң солтүстік-батыстан оңтүс тік-шығысқа карай созылып жатқан биіктігі (ең биік жерінің ) 1 метрге жуық төртбұрышты төбеш іктің бойымен өлшемі 18*19,2 метр болып келетін қазба алаңы белгіленді. Бұл қазба алаңы ені 0,6 метрлік жиекпен (бровка) әрқайсысы 8,7*9,3 метр болатын 4 төртбұрыш алаңына бөлінді. 2005 жылғы археологиялық ізденістер барысында алаңының солтүстік бөлігіндегі 2 төртбұрыш алаңына, яғни 200 м 2 қазба салынды.

Қазба барысында бұл 2 алаңнан әртүрлі көлемдегі 4 бөлме аршылды. Осы 4 бөлмені аршу барысын да күйдірілген кірпіштер мен тұғыр тәрізді қаланған кірпіштер, бірнеше тандыр пештер, ошақтардың алдын да күлдің қалың қабаты мен қызғылт түсті күйген топырақ қабаты, ташнау шықты. Сонымен қатар ұсақ малдың сүйектері, хұмдар, тостағандар, көк түсті өрнегі бар қыш сынықтары , көзелер және қола мен сақина тәрізді темір бұйымдар табылды. Соған қарағанда бұл үй ерте ортағасыр кезеңіне жатады. Далалық зерттеу жұмыстарының аяқталуына байланысты нысандағы биылғы жұмыс тоқталып, келесі жылға дейін консервацияланды.

Шірік Рабат археологиялық экспедициясының «Ескерткіштер жинағымен» айналысатын тобы Қармақшы ауданының 3/2 аумағын аралап шығып, жүзге жуық жекелеген ескерткіштер тобын тізімге алып, жобасын сызып, құралдар арқылы ел орындарын белгілеп, суретке түсірді. Оның ішінде асарлар, көне калалар, қоныс, тұрақ, зират орындарымен бірге ірі-ірі қазақ зираттары, мавзолейлері, әулиелі орындар және білім ошағы болған мешіттер мен медреселер бар.