Соның ішінде Шірік-Рабат, Баланды, Бәбіш-мола қалаларында және де Ұйғарақ, Түгіскен молаларында қазба жұмысы жүргізілді. Зерттелген ескерткіштерден алынған материалдардың уақыты мен кезеңдері шамалап анықталды.
Содан бері қырық жыл өтті. Осы уақыттың ішінде археология ғылымында көптеген өзгерістер болды. Жаңа әдістеме енгізілді, далалық зерттеулердің түрлері ұлғайып, жоғары нәтижелі құралдар қолданыла бастады. Осыған байланысты археология Институтының бұйрығы бойынша Қазақстанның ең атақты көне ескерткіштер тізіміне Шірік-Рабат қаласының зерттелуі қосылды. Шірік-Рабат қала жұрты 1946 ж. ашылып, 1948, 1949, 1957-1958 жж. зерттелді.
Шірік-Рабат қала жұрты Қызылорда қаласынан оңтүстік батысқа қарай 300 шақырымда, Жаңақала ауылынан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай 99 шақырым жерде, қазіргі уақытта суы тартылған Жаңадария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Бұл қала жұрты солтүстіктен оңтүстікке қарай 850*600 м созылған табиғи төбе үстінде орналасқан. Қала жұрты мықты әскери жүйемен қоршалған. Төбенің төменгі жағында ені 40 м, тереңдігі 4,5 м ор қазылған. Қазіргі уақытта сақталған биіктігі 3 м, табанындағы ені 8-10 м. Қала жұртында қоныстанудың бірнеше кезеңі болған. Төбенің биік солтүстік жағы ең көне болып есептеледі. Онда екі үлкен қорған және биік қабырғалы дөңгелек пішінді 3 қоршау орналасқан. 2004 ж. анықтаулар бойынша қорғандардың арасы төртбұрышты және дөңгелек мола қоршауларымен толтырылған. Осылайша төбенің биік бір бөлігінде мола пайда болады.
Сонымен қатар, бір уақытта төбенің оңтүстік етегінде тұрғын үй жайлары салынған. Осы уақытта сыртқы топырақ жалда жаңа әрі мықты қабырға құрылған, биіктігі 4 м, ені 4,5 м дейін. Қабырғада ені 1,8 м галерея бар. Бүл қабырға ені төртбұрышты және дөңгелек формалы мұнаралармен күшейтілген.
Бүл қабырға тікбұрышты және көпшілігі сопақшалау формалы болып келетін мұнаралармен күшейтілген. Бұл мұнаралар негізгі қабырғадан 6 м сыртқа шығыңқы және ішкі жағынан атқыштар галереясымен байланыстырылып тұрды. Бекініс қабырғасы мен мұнараларда жебе атуға арналған ойықтар бар. Ор ішкі жағынан топырақ жалмен үйілген. Үйіндінің үстіңгі беті 3 қорғанмен қоршалған.
Ежелден Шірік-Рабат қала жұртының стратиграфиялық маңызы зор болған. Ол Амудария мен Сырдарияның аралығындағы керуен жолдарында орналасып, сақтардың – апасиак тайпаларының оңтүстік шекарасын қорғап тұрған. Оны бекіністің көп жүйелі қорғаныс құрылыстарынан көруге болады.
Қала маңындағы барлау жұмыстарын жүргізу барысында бастауын Жаңадарияның негізгі арнасынан алатын жасанды жер суландыру жүйелері анықталды. Магистралды каналдар мен суармалы егістік алқабының іздері жақсы көрінеді. Негізінен солтүстіктен оңтүстікке созылған каналдарды бойлай, шамамен қашықтығы 40 шақырымдай жерлерге 7-8 үйден тұратын бірнеше елді-мекендер орналасқан. Бір қызығы сондай 2-3 елді-мекеннің ортасында мұнаралары бар. Тікбұрышты формадағы 60*80 м, Төрткөлге ұқсас қорғанысты құрылыстар орналасқан. Олар нақты конфигурациясымен және қабырғаларының биіктігімен (1-1,5 м) дейін ерекшеленеді. Шірік-Рабат маңайынан мұндай үш елді-мекен айқындалған. Елді-мекендердің маңайына 300-500 м дейін шашылған табылымдарға қарағанда елді-мекендер ұзақ уақыт өмір сүрген. Табылған заттардың арасында сақ кезеңіне жататын әр түрлі керамикалар көптеп кездеседі. Сонымен қатар мыс заттардың фрагменттері кейбірінде тас және шыны моншақтар, жазулар бар. Малдың сүйектері аз. Бұның өзі ауыл тұрғындарының жер шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді.
2004 ж. мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Шірік-Рабат қала жұрты мен маңындағы үш ескерткішке археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Бірінші ескерткіш орны Шірік-Рабат қала жұртының солтүстігінің, үшінші бекініс қабырғасының ішкі бөлігінде I және II қорғандарының арасында орналасқан. І-солтүстік қорғанды Хорезм экспедициясы зерттеген. Солтүстік қорғаннан оңтүстікке 20-25 м және батыстағы II қорғаннан шығысқа 5-7 м жерде І-қазба орны салынды.
Жалпы, қазба орны 4*4 м, 16 шаршыдан тұрды. Ол батыстан-шығысқа қарай кириллица әріптерімен, ал оңтүстіктен солтүстікке араб сандарымен белгіленген. Ескерткіш жер бетінен дөңес пішінді, аласа төмпешік күйінде көрінді (1 фото).
Қазба жұмыстарының барысында ескерткіш қабырғалары айқындала бастады. Қабырғаның жалпы қалыңдығы СБ-ОШ 5,50 м, ОБ-СШ 2,75 м, СШ-ОБ 5,25 м, ОШ бұрышында көлемі 4,30 м және С ұзындығы 4,25 м кіреберіс анықталған. Ескерткіш қабырғасы жер бетінен керч тастары қосылған қызғылт топырақпен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстікте анықталған кіреберістер көрші бөлмелермен байланысуы мүмкін.
Төрт шаршыдан тұратын ескерткіштің орталық бөлігі қабырғадан ақшыл шеге құммен ерекшеленеді (Б2, БЗ, В2, ВЗ). Бұндай ерекшелік, бүл құмның әкелініп төгілгенін көрсетеді. Қазба жұмысы тек осы торт шаршыға жүргізілді. Тереңдеген сайын ескерткіш біртіндеп өз көлемін өзгертіп орталыққа қарай, сатылап тарыла түседі. Жалпы тереңдігі 1,5-2 м дейін жетеді. БЗ, Б2, В2 шаршыларында 20-25 см тереңдікте керч тастары араласқан ақшыл-қызғыл топырақ қабаты тепкішек түрінде 95 см тереңдейді. Ал ВЗ шаршысының топырақ қабаты сатылап емес тегіс төмендейді.
Орталық бөлігінің топырағынан сыртқы қабырға тұрғызылғаны тереңдегеннен кейін, анықталды.
120 см тереңдікке дейін майда шлак, күл, металл (темір) түйіндері кездеседі. Ал 120-135 см дейін В2 шаршысының солтүстік батыс бұрышында 7 алтын бұйым, оның ішінде 4 аң стиліндегі бұйымдар мен, 3 ирек тәрізді алтын сым үзінділері, 2 пасталы моншақ, 2 күміс қыстырғыш, 1 күміс шеге, 1 күміс зат, 1 қола қыстырғыш және 6 қола шеге табылды. Бұл табыстардың барлығы В2 шаршысының солтүстік-батыс бөлігінде табылды.
1,80-2 м тереңдікте шаршының жұмсақ қабатын алғаннан соң дөңес немесе дұрыс емес төртбұрыш пішінді қабырға шекаралары анықталды.
Осы тереңдікте жұмыс аяқталып келесі жылға дейін қалдырылды.
ІІ-ескерткіш. Шірік рабат қала жұртының солтүстік-солтүстік-батысында, екінші бекініс қабырғасының ішкі бөлігінде, одан солтүстіктен оңтүстікке 100-150 м, үшінші бекініс қабырғасынан оңтүстіктен-солтүстікке қарай 30 м жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 70-75 м және батыстан шығысқа 75-80 м, қабырғаларының биіктігі 1,5-3 м, қалыңдығы 6-6,5 м дұрыс емес дөңгелек пішінді. Ескерткішінің оңтүстік қабырғасының орталығында, шығыс және солтүстік-батыс қабырғасында 1,5-2 м кіреберіс орны байқалады. Сонымен қоса ескерткіштің ОШ, СШ, СБ, ОБ бөліктері сәл көтеріңкі келеді.
Қазба орны батыстан шығысқа қарай ұзындығы 32 м, ені 3 м траншея түрінде салынған. Тереңдігі 2,10-2,50 м, топырағы өте жұмсақ.
Шығыстан батысқа қарай 6 м, тереңдігі 156 см топырақ қабатының өзгерісі байқалады, 80 см ашық қоңырқай қызыл қатты тас аралас топырақ қабаты, 160 см әр түсті топырақ қабаты кездеседі. Бұл әртүрлі қабаттар қабырғаның жиектері мен түбінде айқын көрінеді. 1,55 м тереңдікте шығыстан батысқа қарай 10 м оңтүстік қабырғаның қасында оңтүстіктен солтүстікке қарай 70*200 см қабір табылды. 30 см тереңдегеннен кейін адам қаңқасы көрінді. Қабірдің ұзындығы 200 см, ені 70 см. Қабір даты қызғылт, қатты топырақ қабатынан сұр, борпылдақ қабатымен ерекшеленеді. Қаңқаның тек қана бас сүйегі мен жілік сүйектері сақталған. Қаңқаның ұзындығы 130 см қабірдің тереңдігі 19-38 см. Жерлеу бұйымдары жоқ.
Шығыстан батысқа қарай 7 м ұзындығы 3 м, ені 174 см әр түсті қабатта 200 см тереңдіктен жоғары және солтүстік қабырға- ның бойымен батысқа қарай 5 қабатты шөгінді көрінді (ашық қызғылт, ақ, ақшыл-қоңыр, қоңыр, сұр).
Батыс қабырғасында араласпай орналасқан қабаттар айқындалды. Жер бетінен 72 см төмен, тығыз орналасқан қатты қабаттан кейін 3-5 см ақшыл қабат, 5-7 см ақшыл-қоңыр қабат, 5-8 см ақшыл қабат, 10-12 см ақшыл-қоңыр аралас сүр қабаты, 5-7 см ақшыл қабат, 10-15 см ақшыл-сұр аралас ақшыл-қоңыр қабаты, 10-15 см тас аралас ақшыл-қызғылт қабат, 10-15 см ақ және сұр қабаты, 20-25 см сұр қабат, кейін қатты материк қабаты.
Қазба орнының басынан, шығыстан батысқа қарай 225 см жерде ені 3 м, тереңдігі 200 см барлау қазбасы ескерткіштің түбін анықтау үшін салынды. Сондай-ақ шығыстан батысқа қарай 10 м жерде оңтүстік қабырғаға ауданы 2*3 м барлау қазбасы салынды. Шыққан құрлықтық қабат құрылыстың нобайы доғал екендігін көрсетті. Бұл екі барлау қазбасы ескерткіштегі жұмыс орнын әрі қарай кеңейту қажеттігін көрсетті.
IІІ-ескерткіш. Мавзолей Шірік-Рабат қаласынан шығысқа қарай 7 шақырым жердегі төмпешікте орналасқан. ОРЗ: N 40°6121,9”; Е 0630041,2”.
Биіктігі 1,5-2 м жететін, мавзолей барлау жұмыстары барысында ашылды. Мавзолей дұрыс емес дөңгелек пішінді болып келеді, батыс және шығыс бөлігінде төмпешік бар. Барлау жұмыстары кезінде керамика фрагменттері, моншақтар, алтын сырғаның бөлігі табылды. Қазба мавзолейдің солтүстігіне салынды. Ол оңтүстік бөліктен қабырға арқылы бөлінген. Құрылыс қабырғалары көлемі әр түрлі сабан кірпіштерден салынған. Кірпіштердің үстінен саман қосылған сылақ сыланған. Сыртқы қабырғаның ені 1,5 м. Қазба жұмысы барысында сыртқы қабырғаның шеңбер пішінді болғаны анықталды. Жел мен жаңбыр негізінен солтүстік пен оңтүстіктен болғандықтан солтүстік және оңтүстік қабырғалары шайылған күйінде сақталған. Соның нәтижесінде сүйектер мен керамика сынықтары жер бетінде көрініп жатыр.
Солтүстік қазба солтүстік-оңтүстік бағыты бойынша салынған. Ұзындығы 3-4 м, ені 1 м, биіктігі 30 см жететін қабырғамен бөлінген. Қабырға сыртқы қабырға сияқты кірпішпен қаланған, бірақ құрылымы жағынан қаттырақ.
Табылған заттарға қарап солтүстік қабырға бойымен салынған қазба орны 1, 2, 3 топтары мен батыс, орталық секторларына бөлінген. Сондай ақ мавзолейдің оңтүстік-шығыс бөлігінде көлемі 2 шаршы метрге жететін барлау қазба орны салынды. Оңтүстік-шығыс қазба орнынан адам жөне жануар сүйектері, керамика сынықтары, әр түрлі моншақтар көп табылды. Шығыс қабырғадан 5-6 м қашықтықта орталық бөлмеге кіретін кіреберіс табылды.
Қазба шығыс қабырғадан басталып, батысқа қарай жылжиды. Адам сүйектері жануар сүйектерімен араласып жатты. Сүйектерге қарап бір ғана емес, бірнеше адам көмілгенін айтуға болады. Мүмкін бір адамның үстіне екінші адам сүйегін қойған шығар. Барлық анықталатын сүйектер антропологиялық анализге алынды. Нашар сақталған 3 адам бас сүйегі табылды. Бір бас сүйек, дәлірек айтсақ төбе бөлігі қазба орнының орталық бөлігінде табылды.
Бас сүйектің жанынан маржанмен ақықталған алтын сырға табылды. Бас сүйектің басқа бөліктері қазба орнының батыс секторынан табылды. Керамика сынықтары көп мөлшерде кездеседі. Қазба орнының батыс секторында импорттық өндірістегі керамика сынықтары кездеседі. Секторда табылған керамиканың түбіне жақын жерде шебердің қалдырған белгісі бар.
Батыс секторы мен кіреберістен екі қай- рақ табылды. Батыс секторынан табылған екі қайрақтың жіп өткізетін екі тесігі бар.
Моншақтар негізінен орталық және оңтүстік-шығыс бөлігінен коп табылды. Шыны, көк, көгілдір түсті, пасталы, сырты шыны іші алтын моншақтар түрінде кездеседі. 2, 3 топтағы солтүстік қабырғадан 15-20 см жерде батыс секторында тері мен ағаш фрагменттері табылды. Сондай ақ батыс секторында солтүстік қабырғадан 20-30 см жерде мата бөлшектері табылды. Барлық тері, мата, ағаш бөліктері талдауға алынды.
3 топтың орталығында көптеген сүйектен жасалған бұйымдар табылды. Сонымен қоса табылған заттардың қызықтыларының ішіне кіреберістен табылған ағаш қақпақты айтуға болады. Диаметрі 7 см, қалыңдығы 1 см, ұзындығы 3,5 см.
Биылғы жылға жұмыс тоқтатылып, келесі жылға дейін консервацияланды.