Оның ішінде батыс тұрғын-үй кешеніне (БТҮК) толыққанды зерттеу жүргізілді, ал шығыс тұрғын-үй кешенінде (ШТҮК) зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жерге 0,5-0,7 м тереңдікке көмілген және тіректі құрылысы бар өзіндік жартылай жертөле түрінде жасалған екі кешен - батыс және шығыс қазаншұңқырларында орналасқан. Тұрғын-шеберхана ошақ және жылу агрегаттары, жылу қан жүйесінің көмегімен жылынады. Шығыс ТҮК бірнеше жылу жолдары ашылды: Қазаншұңқырдың батыс қабырғасының жанынан өтетін, осы бөлікті толығымен жылытатын екі түтін жолы өткен. Ал, үшінші түтін жолы немесе кан құрылыстың солтүстік бөлігін жылытқан.
Шығыс ТҮК ішкі құрылымы жағынан БТҮК қарағанда әлде қайда күрделірек. Қазіргі таңда кем дегенде бесеуі металлургиялық өндіріске қатысы бар жер үсті жүйесіне тиіп тұрған 10 шұқыр тазартылды. Қосымша құрылыстардың салынуы, шұңқырлардың кезекті қызметі, металлургиялық өндіріс жұмысының тоқтауымен және тұрғын-үйді қалдырып кетуімен байланысты болып келетін мал сүйектері мен адам сүйектерінің, құралдардың оңтүстік және солтүстік құрбандық алаңдарға жаппай қойылуы стратиграфиялық жағдайын қиындатып отыр. Тұрмыс қалдықтары қоса көмілген шығыс металлургиялық шұңқырдан белгілі бір нысанда өндірістің тоқтауымен байланысты жасалатын құрбандық 115-130 см. тереңдікте байқалады.
Өткен қазба жұмыстарында шығыс ТҮК ішкі солтүстік және шығыс бөліктеріне баса назар аударылды. Нәтижесінде солтүстік-батыс бұрышының екі жағы, солтүстік қабырғаның ұзына бойы ішкі беті толығымен ашылды, шығыс бөлігіндегі шығыс қабырғасы мен оның жанындағы толығымен ашылмаған ішкі кеңістігіне және металлургиялық шұңқырға қазба жұмыстары жүргізілді.
Шығыс металлургиялық шұңқырға зерттеу жұмысы осы нысанның күрделі және көлемділігінің салдырынан бірнеше жыл бойы жүргізіліп келеді. Құрбандық мәдени қабатында жатқан сүйектен жасалған бұйымдар, қыштар, тас құралдар және шабылған ҰММ жақтарынан құралған қабат толығымен зерттелді. Жинақ – саз балшықтың солтүстік және оңтүстік бөліктерінің арасындағы жиегі мен оңтүстік қабырғасының астындағы қуыс жиегінің деңгейінен 115-130 см тереңдікте шұңқырдың ортаңғы кеңістігінде орын алған. Қабырғадан шұңқыр ортасына қарай 8-15 см көлемдегі саз жолақ түріндегі тіреу жақ жинағының шығыс бөлігінде орналасқан, шамасы, ішкі қабырғаны немесе ортаны бөліп тұратын таса болуы мүмкін. Тақтатастың шығыс бөлігіндегі жинақтан сүйектермен бірге ірі мал жауырынынан жасалған қалақ және қыш ыдыс түбінен жасалған тұғырық, төменірек ірі мал қабырғасы тазартылды. Жинақтың арғы жағынан жіліктен жасалған тескіш және қыш қалақша табылды.
Осы деңгейде шұңқыр жан-жағынан қатты күйген саз баспалдақ ортаңғы бөлікке кішкене кеңістік қалдыра орналасқан. Саз баспалдақтың құрамын анықтау үшін шұңқырдың солтүстік қабырғасынан көлбеу қима жасалды. Ол – саздан жасалған білікті жабу немесе күмбез, оның астынан жанған қалдықтар жиынтығы мен күйген шұңқыр қабырғасы байқалды. Жұмырланған саз жабу жолағы қабырғадан шұңқыр ортасына қарай түседі, оның астында құрамы күрделі әртүрлі қабатты - күйген қоңыр және күлгін күл қызғыш реңді қосылғыштар байқалады. Үйіндінің ортаңғы бөлігі көмірмен аралас күлгін күл жолақтарынан тұрады. Сонымен, жасалған қима-траншея 90-95 см тереңдікте қабырғамен байланысып келген күшті от іздері байқалған шұңқыр жабуын көрсетіп отыр, яғни, шұңқырдың төменгі бөлігі от камерасы қызметін атқарғаны анықталды. Бұрынырақ зерттелген түтін жолы мен от камерасы қалдығының байланыстылығы шығыс шұңқырды жылу агрегаты ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зерттелген шұңқырлар туралы жинақталған материалдар негізінде кейбір тұжырымдар жасауға болады, атап айтқанда: 1. түтін жолы және күшті от іздері кездесетін төменгі бөлігінде білікті саз жабуы бар болса жылу агрегаттары деп есептеуге болады; 2. Шұңқыр жиегінен 50-70 см, кейде 90-95 см. төмендікте орналасқан тас пен сазды қиыстыра жасаған жабуы және екі бөлек камералары бар шұңқырлар; 3. Жабудың саз бөлігі оттан қалың балшықпен бөлінген ағаш діңгектермен бекітілетін болған. Сонымен бірге ағаш таяқшаларының орны сақталған тік ойықтар қосымша дәлел бола алады. Алдағы зерттеулер жоғарыда келтірілген мәліметтерді дәлелдей түседі деген сенімдеміз.
Жұмыстың келесі нысаны құрылыстың солтүстік-батыс секторы жене қабырғаның солтүстік-батыс бұрышына қазба жүргізілді. Қабырға астындағы батыс шұңқыр мен батыс қабырғасының солтүстік бөлігіне жүргізілген қазба жұмыстары аяқталды. Шығыс жалпақ қабырғасы батысқа қарай сүйірленіп, шұңқырдың батыс жағы қазаншұқыр қабырғасымен астасып кеткен батыс шұңқыр түсініксіз саңылау тәрізді.
Солтүстік-батыс бұрыш солтүстік және батыс қабырғаларын біріктіріп, ені 240 см. көлемді құрайды. Осы жердегі ішкі қабырғаның биіктігі 70 см., ұзындығы 160 см. болатын ішкі қабырға батысқа қарай төмендей бастап, сатылы түрде солтүстікке қарай төмендейді. Қабырғаның үстінгі жағы қатты шиыршықты өзен құмымен бекітілген, шамасы онымен қабырғаны қалыңдатқан болуы керек. Осы аймақтағы қабырғаның жалпы көлемі 220-230 см., биіктігі 65-75см.
Солтүстік-батыс секторының бұрышының жиегінен 70-75 см терең болып келетін бұрыштары шеңберлі тікбұрыш түріндегі құдыққа ұқсас шұңқыр ашылды. Шұңқырдың іші жоғарғы бөлігінде тас және тақтатас, қыш сынықтары мен сүйектен жасалған бұйымдар кездесетін шиыршық тасты саз балшықты қабаттан тұратын күрделі құрамымен ерекшеленеді.
Солтүстік қабырға солтүстік-шығысқа қарай бұрылып, төмендей бастайды да соңғы жағы жолақтанып кетеді, ал оңтүстік-шығысқа қарай жоғала бастайды. Осы солтүстік қабырғаның бөлігі құрылыстың солтүстікке қарай кеңейтілгеннен кейін нивелирленген болуы мүмкін, оған дәлел шұңқырлар мен кандардың болуы. Ішкі кеңістікті бөліп тұратын қабырға іздері болуы мүмкін деген екінші бір пікірлер бар.
Сонымен, біз металлургиямен маманданған тұрғындардың қонысына қазба жұмыстарын жүргіздік. Археологиялық зерттеулер нәтижесінен біз қоныстың екі мәдени қабаттан тұратынын анықтадық. Оның алғашқы кезеңі мамандандырылған металлургиялық өндіріспен байланысты. Археологиялық бұл кезең жылу каны, түтін жолы, шұңқырлар мен ойықтар, ошақтар, әртүрлі өлшемдегі металлургиялық өндірістік қалдықтар кездесетін тұрғын- өндірістік кешендер әртүрлі реңдегі сұр қабатта орналасқан. Екінші кезеңі мал шаруашылығына бағытталған, оған дәлел тастан жасалған тұрғын үйлер қалдықтарының сұр металлургиялық қабаттың үстінде орналасуы. Тұрғын үйлердің жоспары, сыртқы және ішкі архитектурасының өзгеруі тұрғындардың шаруашылығына, әрі металлургия мен мал шаруашылығына мамандануына жене табиғат жағдайына сәйкес болды.
Қазба жұмыстарының барысында көптеген қыш ыдыс сынықтары табылған. Олардың ішінде тұтас қыш ыдыстар өте сирек, ал сынықтар көп кездеседі. Зерттеу барысында қыш ыдыстар алакуль, Федор және алексей-сарғары мәдениеттеріне бөлінді. Ең аз болып табылған, ол жемчужинамен әшекейленген донғал ыдыстары. Донғал типті қыш ыдыстар қола дәуірінен ерте темір дәуіріне өтпелі кезеңге жатады1, олар қоныстың мал шаруашылық фазасымен байланысты болуы мүмкін.
А.А. Бобринскидің тәсілі бойынша қыш ыдыстарының технико-технологиялық жасалу әдістері анықталды2. 1) саз + гранитті дресва + шамот + органика. 2) саз + органика + шамот. 3) саз + гранитті дресва + органика. Берілген қоспаларға жене жасалу тәсіліне қарағанда қыш ыдыстардың бір бірінен қатты айырмашылығы байқалмайды. Ыдыстар көбіне 700°-800° температурада күйдірілген. Морфологиялық, трасологиялық және аналогиялық әдістерге сүйене келе тас құралдарының қызметін анықтауға жене оларды екі сыныпқа бөлуге болады:
I. Тау-кен және металл өндіру өнеркәсібінде қолданылатын құралдар;
II. Тұрмыс пен үй шаруашылығында қолданылатын құралдар.
Тау-кен ісінде қолданылатын тас құралдарының жақсы кешенін көріп отырмыз, руданы өндіретін түрлі құрал жасау технологиясын ұзақ пайдаланған балта, балға, шот, бұрғылардан көруге болады. Зерттеу нәтижесінен үккіш пен ұрғыштардың көмегімен руданы майдалау, оларды ерітуге дайындау жұмыстары осы қоныста жүргізілгенін байқап отырмыз. Жинақталған материалдардың ішінде күйген тастар көптеп кездеседі, шамасы олар мыс балқытатын пештің құрылысында пайдаланылған болуы мүмкін.
Металлды өңдеу төстің үстінде балғаның, тегістегіш және әртүрлі көлемдегі жаңғы тақтатастардың көмегімен атқарылды. Құралдарды дайын қалпына жеткізу үшін қайрақтар пайдаланылды. Сонымен, біз, қоныс материалдарынан руданы өңдеуден бастап белгілі бір металл бұйым дайындауға дейінгі толық циклды көре аламыз.
Үй шаруашылығында пайдаланылатын құралдар сыныбына: ұршық, жұмсақ материалдарды тегістейтін құрал және келі мен келсап жатады. Қыш өндірісінде сазды, бояуды, шамотты езу үшінүккішпенкеліпайдаланылған.Осықоныстасүйекбұйымдарытасқұралдарының көмегімен, яғни кесу, тегістеу және белгілі нәтижеге жеткізу жұмыстары жүргізілді. Тері өңдеу өндірісінің жақсы дамығаны осы кәсіп құралдарының жиынтығынан байқауға болады. Мұнда тек қана дайын теріні ғана емес сонымен бірге жергілікті тұрғындар жоғарғы сапалы қайыстан жасалған бұйымдарды қолданғаны табылған тегістегіштерде кездесетін микросызықтардан айтуға болады.
Қола дәуірінде құралдар арасында тастан жасалған құралдар қыш ыдыстардан кейінгі орынды алады. Мұндай мәліметтің өсуі құралдарда кездесетін іздерді зерттеу әдісі мен археологиялық трасология практикасының арқасында кең тарады3.
Қоныстан ерте қола дәуірінің немесе тас дәуірінен берілген архаикалық тас бұйымы табылды. Сондай бір бұйымдардың бірі – үтік (утежок) (садақты түзетуге, үтіктеуге арналған құрал) тұрғын-шеберхананың еденінен тазартылды, оның құнды болуына қосымша оның зооморфты болып келуі. Оны майда құрамды қара сазды- хлоритті сланецтан жасаған, өте иілгіш келеді, кез келген өңдеуге жарай береді. Жалтыратылған үтік екінші рет металлдан жасалған бұйымдарды түзетуге пайдаланылған.
1. Ломан В.Г. Донгальский тип керамики // Вопросы периодизации археологических памятников Центрального и Северного Казахстана. – Караганда. 1987. – С. 128.
2. Бобринский А.А. Гончарство Восточной Европы. Источники и методы изучения. –Москва. 1978.
3. Зайков В.В., Зданович С.Я. Каменные изделия и минерально-сырьевая база каменной индустрии Аркаима. //Археологический источник и моделирование древних технологий. –Челябинск 2000. – С.73.