Негізгі нысана ретінде бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізіліп келе жатқан тұрғын-шеберхана алынды. Тұрғын-шеберхананың солтүстік қазаншұңқырына зерттеу: батыс қабырғасының солтүстік бөлігіне, қазаншұңқырдың солтүстік қабырғасының маңындағы алаңқай мен осы бөлігіндегі қабырғаның қалғанын, шығыс металлургиялық, шұңқырдың жанындағы жер үсті мыс қорыту жүйесін және шығыс металлургиялық шұңқырды әрі қарай тазалау жұмыстары жүргізілді.
Шығыс металлургиялық, шұңқыр шығыс тұрғын-үй өндірістік кешеніндегі қиын әрі қажетті нысаналардың біріне жатады. Алғашқы кезде шұңқырдың оңтүстік және оңтүстік-батыс қабырғасының жанындағы шала жанған кірпіш үйілген қара бос қабатқа зерттеу жүргізілді. Шала жанған кірпіш қабаты 50-60 см. тереңдікке дейін созылған, ол шұңқыр қабырғасының жиегінен төменге қарай саз баспалдақ тәрізді үйілген. Оңтүстік-батыс бөлігінде қабырғаның астыңғы жағында жоғарғы баспалдақтан 30 см. тереңдікте оңтүстікке қарай біртіндеп көрінбей кететін келесі баспалда пайда болды. Шығыс бровка жартысы мен солтүстік-шығыс бөлігінің қабырғасымен байланысқан жерінде қалқа түріндегі қатты шала жанған кірпіш кездесті. Шала жанған кірпіш шұңқырдың осы бөлікте жатқан тастарына да араласқан. Сұр қабаттан әртүрлі көлемдегі жұмырланған шала жанған кірпіш бен күйе кездесті. Төмен қарай күйген қабаттың негізін шала жанған кірпіш үстінде жатқан күйдірілген қызғыш кірпіш түсті жұмырланған саз, ұсақ мал сүйектері, жанған көмір құрайды. Солтүстік-батыс жағындағы сылақ қабырға астындағы тік тұрған тақтатасқа дейін қабырға бойымен біркелкі жайылған. Солтүстік бөлігіндегі қабырғадан шала жанған кірпіш қалқаның астынан 57-60 см. тереңдіктен шұңқыр-қуыс пен қан тазартылды. Саз үйінді шұңқырлар мен арықшалар сияқты бүдірленіп, тегіс емес күйінде шығыс қабырғаның ортасына дейін түскен. Шұңқыр жиегінен 92-112 см. тереңдікте қабырға астынан күйген қабаттан диаметрі шамамен 10-12 см. болатын ұзындығы 16 см. бөрене шықты. Шығыс және солтүстік-шығыс жағындағы қабырғадан саз үйінді кездескен жоқ, себебі сылақ жұқа жағылған.
Үйіндінің астынан шұңқырдың оңтүстік-шығыс бөлігінен тақтатас шықты, ал ортасынан бір жағы шабылған ұсак, мал жақтарының үйіндісі тазартылды. Үйінді солтүстіктен оңтүстікке қараған бойлықпен қойылған.
Шығыс металлургиялық, шұңқырдың шығысында орналасқан жер үсті балқыту жүйесіне тазарту жұмыстары аяқталды. Шұңқырдан ары шығысқа қарай еденнің біркелкі биіктеуі айқын байқалады. Алғашқы кезде балқыту жүйесі төмпешік сияқты келген қатты біркелкі саздан болған, себебі шұңқырға қараған батыс жағынан жанған және күйген қабат байқалады. Бұл жұмыс барысында қираған кірпіштен жасалған ошақ болуы мүмкін. Осы төмпешік пен шұңқыр арасында қызыл тастай болып күйген саз бетінде ыдыс түбін қайталаған жайпақ ойық кездеседі. Барлық жүйе бір-бірімен негізгі арық арқылы байланысқан арықшалар мен шұңқырлардан құралған. Бүкіл кеңістікте әртүрлі бейнедегі ойықтардан құралған, оның кейбірі шұңқыр қабырғасына барып тіреледі. Кан осы жүйенің негізі немесе осі болып табылады. Кан өте жіңішке әрі терең болып келеді, оның түбінде созылыңқы ойықтар орналасқан, ал қабырғаларында қанға тікелей немесе арықшалар арқылы байланысқан шұңқыршалар бар. Бұл бөліктегі кан тік болып келген, тереңдігі 11,5-13 см., ал ені 14-18 см. оңтүстікке қарай кан 7-12 см. жіңішкеріп, еш жерге тірелместен шығыс металлургиялық шұңқырдың түтін жолына параллель Д7-Д6 шаршылары арқылы оңтүстікке созылған кеңдігі 50-60 см. болатын арықшаға қосылады.
Балқыту жүйесінің қарама-қарсы солтүстік жағындағы негізгі кан шығыс шұңқырды айналып, үйдің солтүстік бөлігіне қарай жалғасады. Канның бір бөлшегін тазалау барысында шұңқырдың солтүстік жағынан жанған әрі ысталған қабаттан құрамында мыс көп шлак бөлшектері табылды. Осы бөліктегі кан кең әрі жайпақ, ені 25-35 см. Е11 шаршысымен байланысқан жердегі кан шұңқырлардың салдарынан біркелкі емес. Одан 25 см. әрі солтүстікке қарай бір жағы тазартылмаған Ж12 шаршысына кететін кішкентай ойық кездесті. Ж11 шаршысының шығыс жартысындағы арық жалпы көлемінен ені 14-15 см., солтүстік қабырғасының биіктігі 1 8,5-21 см., оңтүстігі 8,5-1 1,5 см.-ге төмендеді. Оңтүстік қабырғаның төмендеуі тұрғын-шеберхананың едені ортаға қарай өңес болуынан. Арық шығыстан батысқа қараған бойлықпен оңтүстік-батыстағы солтүстік құрбандық алаңының (Ж11-311-И11) астына және тас жәшікке қарай созылған. Құрбандыққа шалынған мал бүйектерін алғаннан кейін астынан ыдыс бөлшектері мен сынған ыдыс, тас жылтыратқыштар және тас құралдар шықты.
Оңтүстік және шығысқа бағытталған екі тақтатасы сақталған И10-И11 шаршыларының байланысындағы тас жәшік 2005-2006 жылдары тазартылған болатын. Жәшіктің оңтүстік-шығыс секторы тақтатастың астына қарай ойық болып келуіне байланысты екі тақтатаста ойық үстінде қалдық түбінен есептегенде оңтүстіктегі тақтатас 6-8 см., шығыстағы 15-20 см. Ойықтың солтүстік және солтүстік-батыс жағынан СШ-ОБ бойлығы бойынша негізгі түтікше жүргізілген. Арық ені 8-15 см. көлемде жәшіктің солтүстік жартысын қиып өтеді. Сырқы шығыс жағынан кан шығыс тақтатастың солтүстігіне тірелген, бірақ тақтатас астынан жалғасы байқалмады, ал жәшіктің ішкі жағынан батысқа қарай қайта пайда болды. Жәшікте кан тақтатастың солтүстік бұрышының ішкі жағынан шықты. Жәшіктің солтүстік-шығыс секторы батыс жартысынан биігірек болғандықтан кан оңтүстік-батысқа қарай қиғаш жалғасты. Канның жәшіктен шығаберісінде қатар-қатар үш терең шұңқыршалар орналасқан.
310 шаршысында аздап 39 шаршысында орналасқан шұңқырдың 2005-2006 жылдары оңтүстік бөлігі тазартылған болатын, ал биыл келесі бір қабырғасы жәшіктің шығыс бұрышынан шығысқа қарай 40 см-ден ашылды. Шұңқырдың батыс қабырғасында терең шүңк,ыршалар,арык,шаларжүйесіорналаск1ан. Бұрынырақ тазартылған балқыту жүйесі И9-И10 шаршыларының батысында орналасқан.
Құрбандық алаңын тазартып, сүйектерді алған кезде Ж10-Ж11 шаршыларынан айналасы арықшалар мен шұңқыршаларға толы келесі шұңқыр сұлбасы көрінді. Осы екі шұңқырларды байланыстыратын арықша байқалды. Шығыс бөлігіндегі екінші шұңқырды тазалау кезінде ыдыс бөліктері, тас құралдар мен тас, мал қабырғасы кездесті. Шұңқырдың ортасына қарай шығыс қабырғасынан 40 см. солтүстіктен оңтүстікке қараған бойлықта жарты шеңбер болып орналасқан қызғыш кірпіш түсті қатты күйген саз бөлшектері табылды. Бұлар көріктің бөлшектері болуы мүмкін. Шұңқырдың шығыс қабырғасына жақын жерден бұрыштары бар шеңберлі ыдыс бейнесін еске алғызатын саздан бүдір сызық пайда болды. Солтүстік-шығыс бөлігінің жанынан тағы біреуі, батысынан тас, шығысынан сынған жілік сүйектері, қабырға, ал шұңқыр қабырғасынан ыдыс сынықтары, қайрақ, ешкінің мүйізі шықты.
К9-К10 шаршыларының байланысқан жерінен доғал созылыңқы болып келген тағы бір шұңқыр ашылды. Шұңқырдың жартылай шеңберлі батыс қабырғасы қазаншұңқырдың астына қарай кетеді, ал шығысы жайпақтау болып келеген. Шұңқырдан екі тас және күйген саз бен шиыршық, құм қабаты тазартылды. Шығыс жағында бұрын тазартылған жер үсті балқыту жүйесі деп ұйғарылған үлкен арықша бар. Шұңқырдың терең қабырғасы жоғарыға қарай кіреберіс деп ұйғарылған тегіс жері бар батыс қабырғада орналасқан. Шұңқырды толығымен тазарту келесі жылға қалды.
Сонымен, зерттеу нәтижесі бойынша біз шығыс тұрғын- шеберханасы қазаншұңқырының солтүстік қабырғасына толығымен жақындадық, үш шұңқырдың екеуі металлургиялық, бағытта жұмыс істегенін анықтадық. Үйдің солтүстік бөлігін толығымен жылытатын негізгі жылу арығын толығымен аштық.
Батыс учаскесіндегі батыс өндірістік кешінінен солтүстікке қарай зерттелді. Солтүстік қабырғасынан алшақ жатқан қазба барысында тазартылған әртүрлі арықшалар, шұңқыршалар мен арықтардың қандай жүйеге жататыны әлі түсініксіз. Бүл жүйелер ашық алаңқайда жүргізілген металлургиялық, өндірістің орны болуы мүмкін. Алдағы қазба жұмыстары осы ойларымызды дәлелдейді деген сенімдеміз.
Металлургиялық өндірісте және шаруашылықта қолданылған тас, сүйек, металл (мыс) бұйымдары табылды. Металл өңдеу мен шаруашылықта кең қолданылған тас және сүйек тегістегіштер көптеп кездеседі. Жекелеп айтқанда садақ ұшы, қырғыштар, тегістегіштер, тері мен жүнді өңдеуге арналған сүйектен жасалған құралдар.