Бір кездері Ұлы Жібек жолы бойындағы гүлденген саудагер қаладан қазір қабырғалармен қоршалған орталық бөлігі ғана сақталған. Қорған қабырғаларының қалдықтары жота болып қалған, бақылау мұнараларының орындары төбешікке айналған.
2004 жылы қазба орны (25*29 м) шығыс қақпа маңынан салынып, 2003 жылы қазбаның оңтүстік бағыттағы жалғасы болды (1 сурет).
Қазба нәтижесінде жоғарғы құрылыс қабатының құрылыс конструкцияларының қалдықтары аршылды. Қазба орнының 725 шаршы метр ауданында тұрғын және шаруашылық бөлімдерінің іргетастары анықталды. Олар бір-біріне тығыз орналасқан. Сонымен қатар, аулада тас және саздан жасалған қабырғалары бар бөлмелер аршылды. Бұдан басқа ауладан тандырлар табылды, едендегі ағаш қарыларға қарағанда олар жеңіл күркенің астында да тұрғанға ұқсайды. 2004 жылы далалық маусымда жоғарғы құрылыс қабатында барлығы 11 (№21-30) бөлме мен аулада орналасқан 3 (№32-34) алаңқай аршылып тазаланды.
Үй тұрғын жайларда көрші бөлмеге шығатын ұзын мұржалары бар тандырлар кездесті.
Тұрғын және шаруашылық жайлар жекелеген үйлерге топтанып, шығу есіктері кең аулаға және тұйық көшелерге қараған.
Іргетастары үшін құрылыс материалы ретінде өзен тастары пайдаланылып, олар саз қоспамен сыланған. Жайдақ жаппа үшін таяқтар, қамыс маттары мен саз пайдаланылған. Сейсмикалық белдеу үшін бүтін ағаш бөренеледі жиі пайдаланған.
Жайлардың бірінде (болжаммен №32 ауланың аумағында) еденге металл жам орнатылған. Жам: сопақша келген, ұзындығы 44 см, биіктігі 18 см, түбінің қалыңдығы 2,5 см. Екі горизонталды тұтқасы бір-біріне қарсы орналасқан. Тұтқалар ұзындығы 12 см, ені 2,7 см, қалыңдығы 3-5 мм металл таспадан жасалған. Жамның жиегі ернеу тәрізді 6 мм-ге қайырылған. Түбі тегіс жайдақ. Жам іші керамикалық ыдыстарға толы болды. Тазалап алу кезінде, металдың қатты коррозияға ұшырауынан жам шашылып қалды.
Мұндай, ішінде қола ыдыстары мен металл бұйымдары бар жам 2002 жылы тас көше маңындағы ауладан (шеберхана бөлмесі, №4 жосын) табылған болатын.
Темір бұйымдар коллекциясы едәуір толықтырылды; бұлар тұрмыс заттары, еңбек құралдары, ағаш ұстасының құралы, ауылшаруашылық құралдары, қару.
Қола бұйымдар мен сәндік заттар Жібек жолы бойынан сатылуға әкелінген, соның ішінде, сыртқы жағында ілгегі, гүл сипатын- дағы оюлары, жазулары мен жануарлар суреті бар қола айна, қола канделябр мен шамшырақ.
Қола айна (2 сурет) ауланың (№32 жосында №25 жайдың шыға берісінде) еден үсті қабатыны тазарту кезінде табылды. Айна дөңгелек формалы, диаметрі 14 см, жақсы сақталған. Сыртқы жиегінде кесіндісінде тік бұрыш пішінді шығыңқы белдемше орналасқан; белдемше ені 2 мм, ішкі жиегінің биіктігі 4 мм, сыртқысы – 6 мм. Айнаның беткі жағы тегістелген.
Айнаның арт жағы оюларға бай. Айнаның ортасында трапеция пішіндес, биіктігі 9 мм ідгек орналасқан. Ілгектің жіп өтетін жиектері, дөңгеленіп келген, тесігі ортасынан ауытқи орналасқан. Ілгек алты жапырақты гүлдің ортасына орналасқан.
Айнаның бетінде барлығы үш ою жолы орналасқан. Олар бір-бірімен екі шығыңқы параллель сызықтармен бөлінген. Олардың арасы бедерлі ортасында жабыстырылған нүктелері бар шаршылармен толтырылған. Ені 2,3 см. Орталық ою жолында скифтік аң стилінде жануарлар бейнеленген: арқарды қуған барс пен қоянды қуған ит. Жануар пішіндері жүріс экспрессиясын береді. Көлемдері бір-біріне сәйкес. Фигуралар симметриямен орналасқан, жүгіру бағыты сағат тіліне қарсы. Фигураның арасы өсімдік шырмауымен толтырылған.
Ішінің ою жолының ені 1,6 см, мұнда өне бойы симметриямен орналасқан арабтың «куфи» жазумен жазылған жазу бар. Үлкен әріптердің биіктігі 13 мм. Әріптер шырмаудың арасында орналасқан.
Артында ілгегі бар дөңгелек айналар – қытай айналарының негізгі пішіні болған. Бұған түсінікті ежелгі қытайдың космогоникалық сенімінен табуға болады. Бүл түсініктер бойынша айна ғарыштық әлемнің кішкентай көшірмесі болатын. Ғарыштық әлем дөңгелек болғандықтан айна да дөңгелек болды.
Н.Л. Членованың пікірінше Оңтүстік Сібірде б. д. д. II мыңжылдықта пайда болған айна өндірісі Орта Азиядан келген. Е.И. Лубо-Лесниченконың еңбегінде Минусинск қазаншүңқырында әртүрлі жағдайда табылған қола айналардың классификациясы берілген. Зерттеуші оларды 5 топқа бөледі. Талғар айнасын оның классификациясы бойынша бесінші топқа – моңғол және моғолдан кейінгі кезеңге (XIII-XVIII ғғ.) жатқызуға болады. Алайда X-XIII ғғ. айнаны діни мифологиялық және тілек мазмұнында толтыру тенденциясы дами бастаған.
Талғар айнасына Мессершмид жинағындағы жануарлар мен жазу бейнеленген айна ұқсас. Ол Минусинск қазаншұңқырындағы Самарова ауылының маңынан табылған. 1891 жылы жарияланған. Дөңгелек айнаның сыртқы сыртқы жағында сегіз жапырақты гүлдің ортасында ілгек орналасқан. Екінші ою жолында жүгіріп бара жатқан аңдар: арыстан, бұғы, ит, қоян мен түлкі бейнеленген. Аңдар фигуралары арасы өсімдік шырмауымен толтырылған. Үшінші ою белдеуі арабша тілек мазмұнды жазудан тұрады: «Егесіне бата, қуаныш, бақыт, шаттық, денсаулық, күш, қуат, көмек, туралық пен ұзақ өмір (тілеймін)»
№32 жайдың еденін тазалау кезінде қола тұғыр – канделябр (немесе шам тұғырының бір бөлігі) табылды. Бұйым құю әдісімен іші қуыс құбыр пішінінде жасалған. Заттың сақталған биіктігі 22,5 см. Құбырдың жоғарғы жағы сынған. Шартты түрде тұғырды төрт құрамдас бөлікке бөлуге болады. Жарты конус тәрізді, биіктігі 5,2 см, диаметрі 5,7 см тұғырда 3-3,1 см қырлы куб орналасқан. Кубтың жоғарғы жағы биіктігі 2,1 см жарты конус арқылы дөңгелек дм 3,3 қабырғаларының қалыңдығы 2,7 мм қуыс құбырға айналады. Құбырдың сыртқы бетінде винт тәрізді кескін бар. Кескіннің аралары 5 мм. Құбырдың ішінде жалғау орны байқалады.
Осыған ұқсас араб жазуы бар тұғыр Оңтүстік Тәжікстандағы Лягман жұртын қазу кезінде табылған. Қала жұрты XI-XII ғғ. жатады.
Қола шамшырақ сүйірленген тұмсығы бар сопақша құты. Құтының биіктігі 3,8 см.
Бүйірінің үстінгі жағында екі ілгегі бар тегіс алаңшасы бар. Ілгектерге қақпақ қатырылатын болған. Қақпағы табылмады. Тұмсығының ұзындығы 9,3 см келетін науа тәріздес. Қарсы жағыңда түбі мен ернеу арасында дөңгелек тесігі бар. Оның бір бөлігі сынған. Шам жасалған металлдың қалыңдығы 2,8 мм.
Құтының жоғарғы жағында дөңгелек май құятын тесігі бар. Құты бүйірінде бір-бірінен 9 мм қашықтықта тігінен 8 бедерлі қыр шығарылған. Қырдың үстінде екі қиғаш сызықтар сызылған.
Ұшы, тұмсығы және бүйірінің жоғарғы жағы дөңгекшелер мен нүктелерден тұратын суретпен безендірілген. Дөңгелектердің диаметрі 4 мм, айналдыра және ортада орналасқан гүлді құрайды.
Ең көп табылған заттар – сырсыз керамикалық ыдыс-аяқтар.
Керамика X ғ. екінші жартысы – XIII г. басына жатады.
Қазандар – сфера пішіндес, бүйірінің жоғарғы жағы қысыңқы келген. Дресва аралас қатырдан жасалған. Күйген кездегі түсі қызыл, кейде сұр. Ернеуі тік, сыртқа қайырылған, бетінде қиғаш сызықтармен безендіру сирек кездеседі. Кейде бүйірді симметрия бойынша орналастырылған сықпалы жапсырмалармен безендірген.
Қазан иықтарында жабыстырылған түрлі тұтқалар кездеседі: туған ай пішіндес шығыңқы тұтқалар, кейде тұтқалар жиегі сықпалармен безендірілген. Қазандардың көпшілігі көлденен орналасқан, кесіндісінде дөңгелек не сопақша келген екі ірі тұтқалы. Кесіндісі шаршы болып келген, ілгек тәрізді тұтқасы бар жекелеген қазандар кездесті. Ширатылған арқан тәрізді ілгек-тұтқалы қазандар да бар.
Талғардың материалдары ішінде Талас және Шу алабының қазандарына тән, көлденең үшбұрыш тұтқалыларында кездесті.
Көзе тәріздес ыдыстар дөңгелекше келген пәс бүйірлі және биік, кең ауызды. Ернеу үсті жайдақ сыртқа қайырылған. Ыдыстар ұсақ құм араласқан қамырдан жасалған, күйдіргендегі түсі қызыл. Ыдыстың сырты сары, кейде қызғыш ангобпен көмкерілген. Кейбірінде ыс байқалады.
Көзе тәріздес ыдыстар арасынан саны бойынша үш түрі байқалады: тұтқасыз, екі және төрт тұтқалы. Тұтқалар тік, ілгек пішінді, көбінесі үсті жайдақ, кейде каннелюрлары бар.
Көзелер: биіктігі 20-30 см, ауыз диаметрі 15-20 см. Сырты көлденең сызықтар не толқынды жолақпен безендірілген. Таралуы бойынша көзелер қазандар және құмыралармен қатар, ХІ-ХІІ ғғ. солтүстік-шығыс Жетісудағы ең алдынғы қатарда. Жақсылық қаласының жұртында олар ыдыстардың 10%, Сүмбеде – 8,7%, Талғар усадьбілерінде – 34%-ті құрайды.
Тұмсықты ыдыстар бүйірінің, ернеуінің және жасалу әдісіне қарай қазандарға, көзелерге және құмыраларға жақын. Олардың ішінен үш түрін алып қарауға болады. Біріншісі тұмсықты көзге тұмсығы әдетте нық деңгейінде болып, ернеумен иінді тұтқамен байланыстырылған. Ыдысты пайдалануға қажетті тағы бір тұтқа тұмсыққа қатысты тік бұрышта орналасқан.
Ыдыстың сырты қызғыш ангобпен көмкеріліп, толқынды сызықтармен безендірілген.
Ыдыстың бұл түріне жинақтың 8 фрагментін (тұмсақтарды) жатқызуға болады.
Екінші түрге тұмсықты қазандар жатады. Бұл ыдыстардың пішіні мен жасалу техникасы қазандар деңгейлес. Тұмсығы қысқа, 4 см- ге дейін, жоғары қарайды. Мұндай түмсақтардың биыл екеуі табылды.
Сүйектен жасалған бұйымдар, шыны бұйымдар және сырлы керамиканың бөліктері табылды.
Сырлы керамика тостаған, табақ, табақша, құмыра, шамшырақ сияқты бұйымдардан тұрады.
Бұлар сыр түсі мен өрнегіне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.
Шамшырақ. Диаметрі 4,5 см, үсті жайдақ, түбі тегіс, май құятын құты. Тұмсығы ұзындығы 7,2 см науа тәріздес, бүйірінен шығады, науа жақтаулары параллель орналасқан, ұшына таман сүйірленіп келеді. Шырақ бүйірінің биіктігі – 3,5 см. Тұмсықтың қарсысында кішкентай ілгек тәріздес тұтқасы бар. Оның бір ұшы бүйірдің оранысында, екіншісі ернеуге қатырылған. Май құятын тесігінің диаметрі 3 см, ернеуі кесіндіде сопақша дөңгелек болып келген. Шырақ сырты қоңыр сырдың қиылысқан жолдарымен безендірілген. Шырақтың іші – сырты ақ ангобқа жағылған мөлдір жасыл шыңылтырмен көмкерілген. Тұмсықта білтеден қалған ыс бар. Отырар төбе- ден табылған мұндай шырақтар XII-XIII ғғ. жатқызылған.
Шам-шырақ, жасыл сырлы, құтысының бір бөлігі сақталған. Бүйірі қырланған, біркелкі қою қызыл түсте күйдірілген, қабырғалары жұқа – 3 мм. Сыры сары жылтыр.
2004 ж. далалық маусымында Т.С. Дощанованың басшылығымен тас көшені жөндеу басталды. Бұл таскөше төбенің батыс қақпа- сынан бастап, төбені кесіп өтіп, шығыс қақпаға дейін созылып жатыр. Ұзындығы 298 м, ені 3-3,5 м. Таскөше салу кезде ортағасырдың өзінде жандары жайдақ тастар таңдалынып алынған. Олар қойылған кезде беттері тегіс болады. Қазба кезінде кей тастардың орасан зор соққыдан айырылғанын көрдік. Бұл жерде біз қаланың жер сілкінісінен қирағанының тағы бір дәлелін көреміз.
Жөндеу кезінде тастардың арасы қоқыстан тазаланып, тастар орнына қойылып, жолдың беті тегістеліп, өзінің бастапқы қалпына келтірілді. Тастарды қатыру үшін қазбадан шыққан топырақ алынды. Оған аз ғана құм мен су қосылды.
Осылайша таскөшедегі жұмыстар кезінде біз ортағасырлық Талхирдің сейсмо қауіпті түйінде орналасқан деген палеосейсмологтардың ойына тағы бір дәлел алдық.
Таскөшені тиянақты аршу кезінде ірі қалпақты шегелер (жылқы тағалауға да пайдаланылған) ұсақ тиындар табылды.
Қазбадан алынған материалдардың қысқаша сипатын қорытындылай келе, ол бұрынғы қазбалардың XI-XIII ғғ. жататын жинағының қосымшасы дей аламыз.