Тұрғын үй қалдығы жете зерттелді. Бұл үйдің еденінде, бөлменің батыс бөлігінен ошақтың астынан былтырғы жылғы зерттеулер бойынша шұңқыр анықталып еді. Сонда ол төменгі тұрғын үйдің қазаншұңқыры деп талданып, ондағы қалау қабырғаның қалдығы дел есептелген болатын. Шұңқыр негізінде шаруашылық мәнге ие болған делінген еді. 2008 жылы күрделі де, қанық толтырыммен ерекшеленетін шұңқырдың солтүстік-батыс бөлігі зерттелінді. Аталған қалау шұңқырды бірдей емес екі бөлікке бөледі: үлкен мөлшерлі солтүстік-батыс және кішкене көлемді оңтүстік-шығыс бөлік. Бұл таса-қалау биіктігі 40-50 см саз табаннан тұрады. Шұңқыр жартылай сфера пішінді, қабырғалары түбіне қарай бұрыштары дөңгелене келген. Іші борпылдақ қоңыр түстес, мәдени қалдықтармен араласқан көп мөлшерлі құмайтты топырақ пен төменгі бөлігі күл қабатымен толтырылған.
Әлі бізге беймәлім себептермен шұңқырды құрбандық шалынып болғаннан соң көміп тастаған. Құрбандықтың шалынғанына құрбандық малдарының сүйектерінің, қыш ыдыстардың сынықтарының, бірнеше түткіштердің, өнделген жілік сүйектерінің, тас бұйымның сынығының, тегістелген шардың, кетпеннің (?) белгілі тәртіппен орналасуы дәлел бола алады. Құрбандық малы сүйектеріне қаңқаның әртүрлі бөліктері мен жіліктелген жекелей сүйектер, аса бір қызығушылықты тудыратыны жыртқыштың қаңқасы (қасқыр?) жатады. Үстіңгі жағына ошақ орналастырылған. Оңтүстік-шығыс бөліктегі кішкентай шұңқырдан екі тегістелген шар, бояу іздері бар шар тәрізді үккіш, тастан жасалған жартылай диск табылды. Шұңқырдың қабырғасының астынан сүйектер байқалды, ол тағы бір мәдени қабат бар екенін меңзейді.
Баурайдың орта тұсында, екінші құрылыс деңгейіне сәйкес келетін тұрғын үйдің зерттелуі аяқталды. Тұрғын үйдің тас қабырғасының көп бөлігі қирап қалған, бірақ солтүстік пен шығыс бөлікте нығыз материктік сазда қазаншұңқырдың шетінің жақсы сақталуы құрылыстың шекарасын қайта қалпына келтіруге көмектесті. Сондай-ақ, қазаншұңқыр шетінің солтүстік-батыс бойында алты тігінен қойылған тастар мен плиталардан тұратын тұрғын үйдің қабырға бөлігі анықталды. Олардың астында құрбандыққа арналған тас пен сүйектен жасалынған бұйымдар қойылған. Қабырғадан 70-80 см арақашықтықтан бастап еденнің тұрғын үйдің ортасына қарай еденнің төмендеуі байқалады. Төмендеудің шетінде және төменде солтүстік-батыс, солтүстік және батыс жақтарында әртүрлі мөлшердегі ойықтар байқалады. Біздің ойымызша, олардың біразы діңгектердің орны болуы мүмкін.
Тұрғын үйдің батыс және оңтүстік-батыс бөлігі және оған қоса еденнің үсті бұзылған. Бірақ та өзіндік биіктеу жерде орналасқан үш бүтін тас пен екі қосалқы тастан жасалынған тас жәшік сақталынған. Жәшіктің тесіктері мен түбі қалың саз балшықпен сыланып бекітілген. Үй қабырғасының шығыс жағындағы тас қурылыстың кей бөліктері сақталған, алайда оның көп бөлігі қазаншұңқыр шетінің астында мықты тас қалдықтар ретінде қалып қойған. Плиталардың астынан қазаншұңқырдың шеті көрінеді. Сонымен қатар баурайдың оңтүстік-шығысында екі ғимараттың қабырғаларын біріктірген, әртүрлі деңгейде және ғұрыптық ғимараттың солтүстік бөлігіне тіреліп жатқан, тігінен қойылған плиталардан тұратын қабырға бөлігі сақталған. Ғимараттың сәні өзіндік ұсқынды және қоныстағы өзге ғимараттардан бөлектеп тұратын көптеген элементтердің кездесуімен ерекшеленеді. Әсіресе ғимараттың оңтүстік- батыс және солтүстік-шығыс бөліктері бірі-бірінен өзгеше. Солтүстік-батыс бөлікте төмендеу шеті бұрыла келіп, ақырындап аздап тегіс келген түбіне ұласады. ал бұл бөліктегі төмендеу шеттері дөңгелене келген тостаған тәрізді. Ал тұрғын үйдің оңтүстік-батысының түбі тегіс емес, ал тереңнің өзі пішінсіз және ортаға қарай еңістеу келген. Осы жақ бөлікте жатқан плитаның жанынан көптеген олжалар табылды. Мүмкін бұл заттар арнайы қойылуы мүмкін. Ол заттарға мыналар жатады: үккіш, абразивтік плита, екі қырғыш, тұғыр плита, металл қорытатын қыш ыдыс пен қыштың сынығы. Тағы бір олжалардың шоғырланған жері ғимараттың солтүстік- шығыс секторы. Онда көптеген тегістелген үккіштер, киіктің екі өңделген жене төрт өнделмеген мүйіздері, екі сүйек «қалақтар», тас қайрақ немесе тікбұрышты тұмар, үлкен сүйектен жасалған біз табылды.
Зерттеуіміздің келесі маңызды нысаны баурайдың солтүстік-батысындағы тұрғын үй. Ол жерде бұзылған солтүстік-батыс бөліктегі үстіңгі ғимараттың қабырғасы зерттелініп, бір жағынан ошақ пен тас жәшіктің арасы мен оңтүстік-шығыс қабырға аршылды.
Солтүстік-батыс қабырғада, қабырға құрылымына кіретін тастар мен плиталар алынды. Жартылай қираған қабырғаның, ғимараттың солтүстік-батыс секторынан келетін екі қиындысы тазартылды. Олардың ішінен біреуі алғашында төменгі ғимараттың тасасы ретінде қабылданған болатын. Қабырғаның екінші қиындысы алдын-ала болжам бойынша солтүстік және солтүстік-шығыста орналасқан ошағы бар дөңгелене келген тұрғын үй болуы мүмкін. Ақиқатын анықтау алдағы қазбалардың еншісінде.