Іші жануарлардың сүйектерімен, тас, сүйек және қыш бұйымдармен толтырылған оңтүстік-шығыс баурайдағы шұңқырда зерттеу жұмыстары толығымен аяқталды. Шұңқырдың солтүстік-батыс бөлігінде жілік сүйектер (құлан?), тістер, жауырындар, қабырғалар, жақтар, тұяқтар, асықтар (киік?), омыртқалар, жыртқыштың жағы, сондай- ақ өрнектелмеген қазан тәріздес ыдыстың сынығы және келінің сынығы тіркелді. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөліктер түрлі бағытта жатқан сүйектерге толы, мұнда тағы жілік сүйектердің үш сынығы, тұяқтың сынығы (ашатұяқты), фаланга, тізе буыны, қабырғалар, шұңқырдың ортасына таман түткіні, жілік сүйектердің сынықтары, ұсақ малдың асықтары, фаланга (құлан?), ыдыс ернеуінің сынығы, тас балға тіркелді. Үстіңгі қабығы ашылын тазаланғаннан кейін, астыңғы қабығы сүйектердің ұсақ сынықтарына толы болды. Шұңқырдың түбі салыстырмалы түрде тегіс әрі карбонаттар әсерінен ақшыл түстес болды. Шұңқырдың қабырғалары жартылай дөңестеу, оның солтүстік-батыс үстіңгі бөлікпен шайылып кеткен, ал солтүстік бөлігі зақымдалған.

Зерттеуіміздің аяғында оңтүстік-шығыс баурайдағы ғимараттағы алтарьлық бөлмедегі, дәліздегі жәшікті тазалау болды. Жәшік тігінен қойылған жалпақ тастардан жасалып, дәліз деңгейінен 27-30см төмен орналасқан. Плиталар еденнен 7-10 см жоғары. Жәшіктің түбі жалпақ плита тас. Жәшіктің, мөлшері 50-60 см. Жәшік оңтүстік, солтүстік және шығыс жағынан бүтін тастардан тұрса, батыс жағы екі тастан тұрғызылған. Оңтүстік-шығыс бұрыш таспен жабылған, солтүстік-шығыс тығыздау келеді, плиталардың үстіне тас қойылған.

Қалдықтың орта тұсындағы ғимараттың солтүстік-батыс бөлігі зерттелінді. Оның едені ұсақталған тастармен ашық қоңыр түсті саздан тұрды. Оның үстінде карбонатты саз қабығы болды. Ғимараттың ортасында құрбандық үшін қажетті заттармен қарулар табылып, тазаланды. Ғимараттың орта тұсы шала өртенген ағашпен жануарлардың сүйектерімен толтырылған. Тереңдетудің периметрі бойынша, солтүстік-батыс қабырға бойымен бағаналы шұңқырлар орналасқан. Тереңдеу еденнің біріңғай деңгейімен байланысты болып, кейіннен сазбен жабылуы мүмкін. Тағы бір еденнің бөлігі оңтүстік-шығыс бөліктегі, басты жалдың бойымен тазаланды. Мұнда қалың сылақ ысталған. Ғимараттың солтүстік-шығыс бөлігінде өңделген құралдар табылды: шар, келсап, сүйек қасықтар, қыш ыдыстың қабырға бөлігінің сынығы. Солтүстік-шығыс жақтағы бұзылған еденде екі шұңқыр тазаланды. Оның біреуінде тас бұйымдар жатты: шұңқыр аузында тігінен келсап жатты, келі ені тарлау келсапқа сүйеліп тұрды. Сопақша пішінде созыла келіп, қабырға бойымен бір қалыпта түбіне қарай тарыла келген ошақ анықталды. Ошақтың толтырымдарында жануарлардың күйген сүйектері, қыш ыдыстардың сынықтары, күйген таспен жанған көмірдің қалдықтары көптеп кездеседі.

Ошақтың солтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс бөліктерінде белгілі бір жүйелікпен орналасқан бағана шұңқырларының орны анықталды. Батыс-шығыс бағыты бойынша орналасқан ірі шұңқырлар тас қабырғаның бағытымен сәйкес келеді. Тас қабырғадан тігінен қойылған үш тас сақталып қалған. Қабырғаның негізі алғашқы қалпында сақталған. Бұл арқылы біз қабырғаның төменгі бөлігінің конструкциясы туралы нақты мәлімет ала аламыз: тігінен плиталар қойылған, кейде екі плита бір-біріне тығыз қойылған, арасындағы қуыс топырақ және көлденең етіп қаланған тастармен толтырылған. Тік плиталардың ішкі арасы 35-40 см, ал сырт жағынан 50-ден 60 см дейін болған. Осылайша төменгі ғимараттың сақталған екінші қабырғасы, солтүстік-батыс баурайдағы ғимараттармен ортақ қабырға болған.

Қабырға, солтүстік-батыс баурайдағы барлық конструкциялар секілді, адамдардың өмір сүру барысында өзгертулеріне байланысты өзгертіліп, қайтадан салынып отырған.

Оңтүстік-шығыс қабырғаның сыртқы жағы, төменгі ғимараттың ішкі жағы болып саналады. Қабырғаның төменгі жағында екі тігінен қойылған плиталар сақталып қалған.

Келесі маңызды нысан болып, солтүстік-батыс баурайдағы тұрғын үй болды. 2008 жылғы қазба жұмыстарында солтүстік-батыс баурайдағы тұрғын үйді тазалау жұмыстары, өртке дейін болған төменгі конструкцияға дейін жүргізілді.

Ғимарат тас қабырғамен екі бөлікке бөлінген. Қабырға солтүстік-шығыс бөліктегі ошақтың сыртынан өтеді. Ошақ пен қабырға арасындағы кеңістік 350 см тереңдікке шейін тазартылды.

Жардың үстінде, конструкцияның шетінде жанған қабықта үш ең төменгі, екі ортаңғы және екі жоғары плиталардан тұратын қалау анықталды. Қатаудың үстінде, жанған қабық жолағы жатты. Қимада жанған қабық жолағының ені 110 см дейін жетеді, шектеулі қалаумен екі ярусты қабырғамен жанған қабық арасындағы кеңістікте ірі және орта мөлшердегі тастар жолағы атып жатыр. Жатпақ тастар жалпағынан жатқызылған. Тастың екі түрі болған. Тас төсеніштің ені 170-200 см болған. Оның үстінде уатылған тастардан 30-40 см болатын қабық төселген.

2009 жылғы қазба жұмыстары ескерткішінің бірегейлігімен палеометалл дәуірінде Үстірттегі протоқалалық мәдени кешеннің қалыптасуын зерттеудің болашағы зор екендігін тағы бір мәрте көрсетті. Зерттеу нәтижесінде қоныстың артефактылары сүйектен, тастан, кремнийден, саздан, археологиялық ыдыстармен олардың сынықтарымен толықты.