Солардың ішіндегі нәтижелісі Тоқтауыл тұрағы болды. Қазіргі таңда негізгі қазба жұмыстары тұрақта шоғырланған.
Тоқтауыл тұрағы Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Жезді мен Талдысай (Бала - Жезді) өзендерінің қосылуында, Ұлытау даласында, қазіргі Жезқазғаннан солтүстік-батысқа қарай 83 шақырым, Жезқазған – Ұлытау – Арқалық – Астана трассасы бойындағы қала типтес Жезді кентінен 21 шақырым, трассадан батысқа қарай 1,5 шақырым жердегі шоқы аралық ойпаттың жоғарғы жағындағы бұлақтың жанында орналасқан (1 фото). Тұрақтың координаттары: 48°14’06” с. е. пен 67°00’12” ш. б.
Ескерткіш 2001 жылдың аяғына қарай барлау жұмыстары нәтижесінде ашылды. Келесі жылы ауданы 16 шаршы метрге жететін қазба орны салынды. Сол жылы қазба орнынан 2 мыңнан аса тас артефакт, жануарлар сүйектерінің сынықтары, қыш ыдыстардың ұсақ фрагменттері табылды. Артефакттілер қалыңдығы 40-50 см жететін топырақ қабатында орналасқан. 2003 ж. қазба орны 48 шаршы метрге дейін кеңейтіліп, 6 стратиграфиялық барлау қазбасы салынды. Тас артефактілердің саны 2,5 мыңнан асты.
2004 ж. тұрақтың тағы 48 шаршы метр ауданы қазылды. Мәдени қабатты алу 5 см жүрді. Қазба орнының солтүстік-шығыс бөлігі тұрақтан тыс шығып, ежелгі суағардың жайылма шөгінділерінің бір бөлігін жалаңаштады. Ал оңтүстік-батыс бөлігі негізгі әктас жыныстарынан құралған бөктердің етегіне тіреледі. Жер қыртысының қабаты осы жерде өзінің түсін қарадан сарғылт түске өзгертеді. Топырақ құрғақ күйде өте қатты болып келетін карбонаттыға айналады. Осы жердегі жер қабатында кездесетін ол- жалар аз. Топырақ қабатынан төмен мезолит дәуіріне жататын артефактілер аз, бірақ өте айқын болып кездеседі. Олар in situ – де орын алады.
Қазба орнының батыс қабырғасы аса көтерілмелі бөлікте келесідегідей құрылымды береді:
0-6 см – қара түсті шым қабаты;
6-20 см – біртекті, кесекті қара-сұр түсті қабат;
20-50 см – сарғыш реңді сүр түсті кесектелген, борпылдақ, әктас сынықтары қосылған топырақ;
50 см және терең түпкі жыныстар – әктасты сары түсті брекчия. Ол ылғал кезінде борпылдақ болса, құрғақ күйінде қатты болады.
2004 ж. қазба орыннан 6 мыңға жуық тас артефакт алынды. Бұл жергілікті шақпақ тас жыныстарынан өзектас (нуклеус) жасап, ал олардан құрал жасайтың пластина, жаңқалар күйіндегі өнім болып табылады. Құралдардың да саны көп, бұл – жебе мен найзалардың ұштары, қырғыштар, кескіштер, біздер, пышақтар, сыналар, трапециялар. Кейбір құралдар сапалы импорттық шақпақ тас жыныстарынан жасалынған (яшма, халцедон, ақық). Олардың қалай, қайдан әкелінгенін әлі анықтау керек.
Артефактілердің негізгі бөлігі неолитке, ал біршама бұйымдар энеолитке және қола дәуіріне жатады. Көпшілік құралдар қызығушылық тудырғанмен, бірақ аз кездесетін мезолитгік бұйымдар типологиялық тұрғыдан айқын болып келеді. Кейбір тас артефактілер палеолиттік уақытқа жатады.
Тоқтауыл тұрағында жүргізілген стационарлық зерттеулерден басқа, Талдысай елді- мекенінің айналасында барлау жұмыстары жүргізілді. Басқамыр қалашығынан оңтүстік- шығысқа қарай 0,5 шақырым жерде орналасқан Аяқбұлақ жанына көлемі 2*1 м болатын барлау қазбасы салынды. Бөктердің етегінде орналасқан бұлақтың суы мол, әрі таза, ал тереңдігі 2-3 м болып келеді. Бұлақтың арнасы Жезқазған – Ұлытау трассасының грейдерімен бөгелген. 2001 ж. грейдерден бөктердің етегіне дейін ұзындығы 200 м, ені 50 м жететін алаңқайдан тас құралдар жиналды. 1 шаршы метрден 2-5 артефакт табуға болады. Тас артефактілердің коллекциясы 1423 дананы құрайды.
Қазба орны арна маңы шөгінділерінің, өте тығыз және құрғақ күйде қатты болатын карбонаттың қиын стратеграфиясын көрсетті. Қазба орны 118 см тереңдіктегі материкке дейін жеткізілді. Барлау қазба орнының оңтүстік бөлігінде 70-80 см тереңдікте тас ғасыр шеберінің жұмыс орны және типологиялық жағынан айқын мезолиттік артефактілер табылды. Аяқбұлақты зерттеу нәтижесінде Тоқтауыл тұрағының шөгінділерін Бала Жезді алқабының шөгінділерімен және аймақтың басқа да голоцен ескерткіштерімен салыстыруға мүмкіндік туды.
Талдысай үңгірін зерттеу жұмыстары басталды. Үңгір Талдысай 1 қола дәуір қонысынан батысқа қарай 0,5 шақырым жерде орналасқан. Үңгірдің невелирлік өлшемдері жасалынды. Негізгі залдың ұзындығы шамамен 20 м, ені 15 м, биіктігі 1-1,5 м құрайды. Үңгір борпылдақ шөгінділер мен сынықтардан туратын қалың қабатпен толтырылған (2 фото).
Үңгірдің кіре берісінде көлемі 2*2 м, тереңдігі 1 м жететін барлау қазба орны салынды. Үңгір шөгінділері ірі және ұсақ кара-сұр түсті әктас сынықтарымен толтырылған. Жер қыртысы аса қалың емес, өсімдік жамылғысы сирек. Жер қыртысының төменгі қабаты ақшыл-сұр, қоңыр, борпылдақ болса, ал одан төменгі қабат тығыз және ауыр болып келеді. Қазба орнының төменгі жағында ақшыл-сұр түсті әктастың және қызғылт саз балшықтың дақтары көрінді.
Керамика, жануарлар сүйектері және шоктар құрайтын мәдени қалдықтар 15-20 және шамамен 30 см тереңдікте кездеседі. Керамика фрагменттері көлемі, жасалу технологиясы жағынан да әр түрлі. Бірақ бәрі де ортағасырдан ертерек емес.
Үңгірдің табиғи, әлде адам ісінен пайда болғанын, оның өлшемдері жалпы нені құрайтынын, ежелгі мәдени қалдықтарының уақыты мен сипаты қандай екені атты сұрақтар тууда. Бүл және т.б. сұрақтарға жауап ескерткішті одан әрі зерттеу барысында табылады.
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясына қарасты Тоқтауыл отрядының негізгі зерттеу объектісі голоцендық Тоқтауыл тұрағының жер беті қазіргі адам шаруашылығымен бұзылмаған. Тас артефакттардың толық техникалық-типологиялық анализі және фаунистикалық, тозаңдық анализдері Орталық Қазақстанның голоцендегі тас ғасырына қатысты көзқарасты жаңа ғылыми деңгейге көтеруге бар жағдай жасайды. Келесі қазбалар бүл ескерткіштің маңыздылығын арттырып, Орталық Қазақстанның соңғы 10-12 мыңжылдық голоцен тас индустриясын зерттеуге арналады. Ескерткіштің қола дәуір және кейінгі дәуір ескерткіштердің жанында орналасқанынан плейстоценнің аяғынан қазіргі уақытқа дейінгі аймақ тұрғындарының қызметінің индустриалды шаруашылық эволюциясын бақылауға болады. Бұл оны туристтік инфраструктураға ешқандай қиындықсыз қосуға мүмкіндік береді.