Бұл маусымның басты мақсаты берілген микро аумақтың археологиялық ескерткіштерінің толық картасын жасау болды. Мұрағат материалдарын жинау мен қосымша далалық зерттеулер нәтижесінде қола дәуірі мен орта ғасырдың 130-дан астам тұрақтары мен обалары табылды (1 сурет).

Түрген шатқалы мен Асы үстіртінің қола дәуірімен кезеңделетін неғұрлым ерте археологиялық ескерткіштері өзен жағалауларында, ежелгі моренаның тегіс алаптарында орналасқан. Елді мекендер тікбұрышты және шаршы формасындағы жартылай жертөлелерден тұрды. Барлығы қола дәуірінің 4 елді мекені табылды. Қола дәуірінің обалары елді мекендердің батыс жағында, өзен немесе бұлақ бойында орналасқан. Олар жекелей немесе тізбек бойымен орналасқан бірнеше қорымнан құралды. Обаның беткі құрылыстары тас қоршаулардан тұрды. Ағаш жақтау түріндегі жерлеу камералары 2 метр тереңдікте, оба шұңқырының түбінде орналасқан. Өлгендер алғашында өлікті өртеу, кейіннен, өлікті жерлеу салттарымен қойылған. Заттай материалдар ретінде керамика, жануар сүйектері және қоладан жасалған бұйымдар табылды. Бүгінгі күні бүл микроаумақта 6 оба бар дел есептеледі.

Түрген шатқалы мен Асы үстірті ескерткіштерінің көп бөлігін ерте темір дәуірінің обалары құрайды. Олар негізінен өзен және бұлақ жағалауларында орналасқан. Ерте темір дәуірі обалары қорғандардан тұрды олардың кейде жамылғының сыртынан тұрғызылған тас қоршаулары болды. Жерлеу камералары ағаш шегендер түрінде болды. Өліктерді ұзынынан, басын батысқа қаратып жерледі. Заттай материалдар керамика, қола, сүйек және тас әшекейлер түрінде болды. Ерте темір дәуірінің барлығы 103 обасы есепке алынды. Ерте темір дәуірінің «Патша» қорғандары көбінесе тау баурайындағы жазықтарда орналасқан және өте үлкен көлемдерімен ерекшеленеді. Барлығы 9 «патша» қорғандары табылды. Ерте темір дәуірінің елді мекендері 

жер бетіне тұрғызылған сақ тұрақтарынан тұрған және бүл тұрақтар қола дәуірі елді мекендері секілді ұстаныммен орналасқан. Олар көп ретте бір жерде орналасып, сақтардың елді мекендері қола дәуірі елді мекендерін тасалап та қалатын. Бұл жерде үйсін дәуірінің бірнеше елді мекендері де орналасқан. Олардың сақ елді мекендерінен ерекшелігі баурайларда орналасты және жартылай жертөлелерден тұрды. Ерте темір дәуірінің 11 елді мекені бар.

Түрген шатқалы мен Асы үстіртінде ерте ортағасыр обалары негізінен сай баурайларында орналасқан. Ортағасырлық ескерткіштері қорғандары мен түріктердің ғұрыптық қоршауларынан тұрады. Барлығы түрік кезеңнің 5 обасы табылды. Дегенмен олар бұдан айтарлықтай көп болуы керек. Барлаудың негізгі бөлігі олар өте сирек кездесетін аймақтар - шатқалдың түбі мен өзен жағалауларында өткендіктен, бүл кезең ескерткіштерінің негізгі бөлігі жетуі қиын жерлерде шыңдар мен орташа шатқалдарда, сай баурайларында орнала- суы мүмкін.

Түрген шатқалы мен Асы үстіртінің неғұрлым кейінгі тарихи ескерткіштері шамамен ХVІІ-ХІХ ғасырлармен кезеңделетін қазақтардың этнографиялық бейіттері болып табылады. Бейіттер шарт бойынша өзендердің маңында біршама ерте кезеңдегі жерлеу орындарының жандарына, жазық алаңдарға орналасқан. Қазақ этнографиялық жерлеу орындары биік емес тасты-топырақты төбешіктен тұрады. Барлығы Түрген шатқалы мен Асы үстіртінің б қазақ этнографиялық бейіттері саналды. Одан өзге, Асы үстіртінде шамамен XVII-XVIII ғғ тән бір қалмақ этнографиялық бейіті бар.

Далалық зерттеулердің келесі бөлігін қола және ерте темір дәуірінің елді мекені мен екі обасынан құралған Түрген -11 кешеніндегі археологиялық қазбалар құрады. Бұл кешенге Түрген-ІI тұрағы мен Қызылбұлақ-І және Қызылбұлақ-ІІ обалары кіреді.

Қызылбұлақ-І обасы Түрген шатқалының жоғарғы бөлігінде Ой-Жайлау мен Қызылбұлақ өзендерінің тоғысуынан 100 м солтүстікте, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан. Оба Түрген тау өзенінің биік, тік жарлы, құламалы оң жағалауындағы шың бөктерінде орналасқан. Оба әртүрлі кезеңнің: негізінен оңтүстік және орталық бөлігінде орналасқан қола дәуірі қоршауынан және ерте темір дәуірінің екі қорғандар тобынан құралған.

2007 жылы мұнда қола дәуірінің 14 қоршауы зерттелді, олардан шамамен 15 жерлеу орны мен құрбандық орны айқындалды. Оба көп қабатты болғандықтан ондағы жерлеулер қола дәуірінің әртүрлі сатыларында жүргізілген. Біршама ерте топты обаның алғашқы стратиграфикалық деңгейіне сай келетін, солтүстіктен оңтүстікке созылған белдеу бойымен созыла орналасқан тас қоршаулар тізбегі кұрайды1. Бул жерде жерлеу өлікті бүгілген күйде, басын батысқа қаратып қою салтымен жүрген (бұрын зерттелгендерден өзгеше). Жерлеу шұңқырларының бірінің жоғарғы бөлігінен шамамен құмыра іспетті топырақ, ыдыстағы екі адамның өртелген қалдықтары табылды. Жаңадан күнде кептірілген соң ыдыс сақталынбаған, біраз уақыт өткен соң топыраққа шашылып кеткен. Қола білезіктер және көп санды тігілетін әшекейлерден құралған заттай материалдар жиынтығы бұл жерлеу орнын б.з.д. XIV ғ. – XIIІ-ХІI ғғ жатқызуға мүмкіндік береді.

Зерттелген жерлеу орындарының негізгі бөлігін 9 тас қоршаудан құралған жанұялық қорым құрылымы тұрады. Құрылым негізі болып үш ірі және оған жапсарласа салынған ұсақ қоршаулардан тұрады. Ірі қоршауларда үлкен адамдар, ал ұсақтарында балалар жерленген. Өлгендерді өлікті өртеу және қою салттары бойынша жерлеген. Осыған ұқсас жерлеу салттарының үлгілері бізге әсіресе Жоңғар Алатауы тауларының б.з.д. XIII-XI ғғ. тән материалдарынан белгілі 2.

Жерлеу салттарының әртүрлілігі және заттай материалдардың бір типтілігі (керамикалық ыдыстар және қола әшекейлер) бұл микроаймақ тұрғындары бірте-бірте бүкіл кейінгі және қорытынды қола дәуірі бойында Іле Алатауы биік таулы аумағын мекендеген Орталық және Шығыс Қазақстанның ежелгі тайпаларының әртүрлі мәдени дәстүрлерін бойларына дарытқанын дәлелдейді (АКИО и ОКВК). Жаңа мәліметтер біршама толық оба құрылымын көрсетеді және кейінгі және қорытынды қола дәуіріндегі Іле Алатауы таулы аумағының тұрғындарының мәдениеті туралы өзіміздің көзқарасымызды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Түрген-ІI археологиялық кешені Қызылбұлақ бұлағының осы аттас өзенге құяр сағасынан 500 м солтүстік-батыста ежелгі моренаның тегіс аумағында орналасқан. Бұл ескерткіштегі алдын-ала зерттеулер кешенде әртүрлі кезеңдердің-қола дәуірі, сақ және үйсін уақытының ескерткіштері бар екенін көрсетті.

2007 жылы Түрген-ІІ археологиялық, кешенінде жүргізілген далалық зерттеулер (2 сурет) ескерткіштің солтүстік бөлігінде жүргізілді. Бұл жерде үйсін дәуірінің бір қорғанының құрылымы (бірінші стратиграфикалық деңгей), сақ уақытының елді мекені (екінші стратиграфикалық деңгей) және кейінгі қола ғасырының жартылай жертөлесі (төртінші стратиграфикалық деңгей) қазба жұмысымен қамтылды.

7-қорғанда дәстүрі жағынан берілген ескерткішке тән екі жасөспірімнің тоналған жерлеу орны айқындалды3. Әсіресе, әлемнің төрт бұрышына қатаң сәйкестендірілген, тас жамылғының периметрі бойымен қойылған құрбандық ыдыстарын орналастыру дәстүрі айырықша қызығушылық тудырады. Оның бірінен ірі керамикалық қазан қалғандарынан ұсақ мүйізді малдардың сүйектері табылған. Көңіл аударатын жайт, жасөспірімдердің қорымдары кейінгі қола дәуірінің жартылай жертөлесінің еденінде орналасса (бесінші стратиграфикалық деңгей), ал қорғанның өзі қоладан ерте темір дәуіріне өтпелі кезеңінің тұрағының үстіне орналасқан (үшінші стратиграфикалық деңгей).

Қазбаның шығыс бөлігінде материалдар бойынша б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасынан кейін емес болып кезеңделетін ерте темір дәуірінің елді мекені жекелеген сұлбасы анықталды. Дөңгелек формадағы тұрақ ортақ белдік керамика мәдениеті кезеңінің жарты- лай жертөлесінен қалған терең емес қазаншұңқыр ішіне орналасқан. Оны орнату үшін шамамен 6-7 м диаметрлі аумақ тегістеліп, қызыл- кірпіш түсті топырақпен шегенделген. Тұрақ еденінде тіректік бағанасы құрылымы түбіндегі таспен толтырылған қалдықтары бар бірнеше шаруашылық шұңқырлары табылды. Көптеген остеологиялық материалдар мен керамика табылды.

Қола дәуірі тұрғын жайының солтүстік-батыстан оңтүстік- батыс қабырғалары бойымен орналасқан күйіп кеткен ағаш тіреу бағаналарының қалдықтары табылған батыс бұрышы қазылды. Солтүстік-батыс қабырға түбінде көмілген қозы сүйектері табылды. көп санды керамикалық материал тұрғын жайды б.з.д. ІІ-І ғғ. шегімен мерзімделеді.

2007 жылғы зерттеулер нәтижесінде Түрген шатқалының археологиялық, кешендерінің толық картасы құрастырылды. Ежелгі малшылардың шаруашылық-мәдени типінің ерекшеліктері айқындалды, қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы ежелгі тұрғындардың діни-әлемге көзқарастық түсінігі және жерлеу салт- дәстүрлері туралы жаңа мәліметтер алынды. Ескерткіштерді картаға түсіру Іле Алатауы биік таулы аймағының қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі табиғи-климаттық өзгерістерге байланысты малшылық шаруашылығының динамикасын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

 

Горячев А.А. К вопросу о погребальной обрядности в памятниках кульсайского типа // История и археология Семиречья. Алматы. Вып.2.2001 .С.58-59

Горячев А.А. Археологический комплекс поздней бронзы Калакай-1 из Северного Приджунгарья // История и археология Семиречья. Алматы, 2007. Вып.З. С. 37-39.

Горячев А.А. Могильник раннего железного века археологического комплекса в верховьях ущелья Тургень // Известия НАН РК. Серия общественных наук. Алматы, 2007.N21. С.3-14.