Зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Түрген II археологиялық кешенінің жоспарлануы мен стратиграфиясы бойынша жаңа мәліметтерге қол жеткізу үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазбаның жалпы көлемі 400 м/кв, тереңдігі 80-100 см.
Нәтижесінде зерттеліп жатқан аумақта кешеннің солтүстік-батыс бөлігінде ерте сақтық кезеңнің діни мақсаттағы каркасты-бағаналы құрылымы толықтай қазылды, кейінгі сақ кезеңінің киіз үй тәріздес үш тұрағы есепке алыныгі, үйсін кезеңінің үні корғанына қазба жұмысы жүргізілді.
Түрген-I кешенінің үшінші стартиграфикалық деңгейінің тұрғызылуы ежелгі моренаның аумағының солтүстік бөлігінде көрінді. Құрылыстың едені одан бұрынғы қираған тұрғын жай шатырының үстіне салынған, ол шатыр ағаш күйесінің қалдықтары бар қалың тығыздалған топырақ қабаты түрінде байқалады. Құрылыс-диаметрі шамамен 7 м болатын, ежелгі жер бетінен 30-40 см тереңдікте солтүстікке қарай бағытталған дәліз тәріздес кіреберісі бар домалақ форма түрінде. Көлемі 3*5 м болатын еңкіш контурда қатты қоңыр түсті тік бұрышты формадағы тегіс алаңқай табылды (2 сурет). Ол негізгі құрылымға енетін арнайы кіреберіс болуы мүмкін. Кіреберістен 2 м солтүстікке қарай қар барысының екі мысығының жерлеу орны табылды (3 сурет).
Құрылым диаметрі 15-20 см болатын Тянь-Шань шыршасынан құрастырылған каркасты-бағаналы жер бетіндегі құрылыс болып табылады. Тіреу бағандары периметрі бойынша бір-бірінен 2-2,5 м арақашықтықта орналасқан. Құрылыс қабырғалары өрім секілді бір-бірімен өрілген қалың шыбықтардан тұрғызылған. Шатырдың құрылымы мен ерекшелігі анықталмады. Құрылыстың батыс бөлігінде ішінде ұсақ малдың өртелген қалдықтары сақталған керамикалык құрбандық ыдысы табылды. Құрбандық ыдысының жанынан қоладан жасалған қоңырау және иілген айна-әшекей табылды.
Аталған құрылысты тазалау жұмыстары барысында табылған әлементтерге байланысты, біз бұл құрылыс діни мақсатта пайдаланылған деп айта аламыз. Атап айтсақ, алғаш рет культті заттардың сериясы (құрбандық жануардың қалдықтары салынған керамикалық құрбандық ыдысы, шаман немесе абыз таяғы мен костюмының қалдықгары) және кұрылые маңынан әртүрлі жануарлардың жерлеу орындары табылды. Бұл мәліметтер осы нысанды культті болған деп есептеуге мүмкіндік береді.
Аталған деңгейде бірнеше қатты бұзылған құрылыстар табылды, олар маңызды керамикалық және заттай материалдар алуға мүмкіндік береді (2 сурет). Олар сүйектен, топырақтан, тастан жасалған заттар, олардың арасында әсіресе басымдықта тері өцдеу қолөнерінің үй жайындағы бұйымдары тұрған. Кешеннің стратиграфикалық орналасуы оның өмір сүру уақытын қола дауірінен ерте темір дәуіріне және ерте сақтық уақытқа өтпелі кезеңмен кезеңдеуге мүмкіндік береді.
Негізгі қазбадан оңтүстік-батысқа қарай түсірілген кесікте тас құрылысты тазалау барысында, 40-60 см тереңдікте 2 стратиграфикалық деңгейден кейінгі сақ дәуірінің үш киіз үй тәріздес тұрғынжайы тіркелді. Ол диаметрі 4 м-ден 7 м-ге дейін болатын домалақ форма түрінде. Бұл кезеңде осы кұрылысты орналастыру үшін терең емес (20-40см) аумақ аршылғаны анықталды (4 сурет). Орталыққа 1 немесе 2 тірек бағаны орнатылған. Периметр бойынша 2 м сайын қабырға бағандар орнатылып, олардың арасында шыбықтан қабырға өрілген. Шатыр конустық формата ие. Тұрғын жайды ішінен де сыртынан да ошақ орны байкалмайды. Ол кіре берістен батысқа және оңтүстік - батысқа қарай орналасқан шаруашылық аулада орналасуы мүмкін. Себебі ауланың осы бөлігінде керамикалық бөлшектер мен жануар сүйектерінің ең көп жиынтығы шоғырланған. Үлкен керамикалық және остеологиялық материалдар алынды (3 сурет).
Ерте темір дәуірінің керамикасы арасынан құмыра тәріздес, қазан тәріздес, шертпек және табақ тәріздес ыдыстардың калдықтары көптеп табылды. Қазан тәріздес ыдыстарға тән бөлшектер – жапсырмалы құлақтар мен біліктер. Ернеулердің бөлшектері арасында көбіне дөңгелек формалылары кездессе, жұқа қабырғалылары сирек кездеседі. Ыдыстардың түптері сақ кезеңінің дөңгелек пішінінде сақталған. Ыдыстардың көпшілігінің санасы өте жақсы. Қамыры ұсақ өзен құмының органикалық қоспасынан иленген. Күйдірілімі алаулық және пештік, қышқылдық және қалпына келтіруші.
Тұрақ керамикасының ең жақын аналогтары жетісулық материалдар ішінде Бұтақты-І археологиялық кешенінің сақ дәуірінің тұрағы материалдары арасынан табылды. Іле өзені жазығының және Іле Алатауы таулы аймақтарының сақ-үйсін уақыты ескерткішерінің керамикалық ыдыстарына жақындығы аталған қабатты б.з.д. 1 мыңжылдығының екінші жартысы ескерткіштерімен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Белгілері мен стратиграфия мәліметтері жиынтығы бойынша 2008 жылдың далалық маусымында зерттелген ерте темір дәуірінің тұрағы қабаты б.з.д. ІV-III ғғ. кезеңделіп, кейінгі сақтық дәуір ескерткіштеріне жататыны анықталды. Мүмкін, аталған тұрақ ұзақ уақыт бойы, керамикалық ыдыстары бойынша б.з.д. 2 ғ. дейін қолданылуы мүмкін.
Іле Алатауының таулы бөктерінде киіз үйдің алғашқы нұсқалары секілді тұрақтардың табылуы кейінгі қола дәуірінен бастап-ақ ерте темір дәуірі мәдениетінде тұрғын жайлардың аталған түрінің дамуы, бұл форманы Қазақстан территориясында пайда болған деп есептеуге негіз бола алады. Бұл зерттеу жұмыстары жергілікті тұрғындардың ежелгі дәуірден бастап шаруашылық-тұрмыстық салттарының эволюциясын аңдауға мүмкіндік береді.
Негізгі қазбадан оңтүстік-батысқа қарай кесіктен үйсін заманының диаметрлері 5 м- ден 7 м-ге дейін болатын 3 қорғаны тіркелді. Бұл қорғандардан бес жерлеу орны анықталды. Барлық жағдайда обалық құрылымның негізін бір немесе екі жерлеу шұңқырын жабатын домалақ тас үйінділер құрайды (5 сурет). Мұндай тас үйінділердің жан-жағында кеңдігі 1-2 м болатын сақина тәріздес тас қалаулар орналасады. Қорған жамылғысының негізін осылар құрайды. Жамылғы периметрі бойынша ірі көлемдегі тастардан бекітпе (крепида) орнатылған. Обалар түзу, ағаш кеспелтек-шет тақтаймен жабылған және жерлеу құрылымына дейін өзен қойтастарымен бекітілген грунтты шұңқыр түрінде болтан. Ағаш жақтау түріндегі жерлеу камералары бір жақ үстінен шет тақтайлармен бастырылған. Мұндай дәстүр қола дәуіріне дейін әсіресе Жетісудың биік таулы аумақтарына тән және бәрінен бұрын географиялық ландшафқа негізделген жергілікті ерешеліктерге сәйкес пайда болтан.
Барлық жерленгендер ұзынынан (10-қорғанның 3-жерлеу орнындағы бүгіліп жерленгеннен өзгесі), басын батысқа - оңтүстік-батысқа қаратып (тек 9-қорғанда басы солтүстік-шығысқа бағытталып қойылған) жатқызылған түрде қойылған. Бас жағына құмыра немесе табақ қойылған (9-қорғандағы жерлеу орнынан басқа). 8 - қорғанда жерлеу камерасының үстінде антропоморфты тас баған орнатылған. 9-қорғанда жерленген адамның кеуде сүйектері қалдықтары арасынан марал мүйізінен жасалғаи үшкір зат, ал мойнында оң жағында ұшталған марал мүйізі табылды. 10-қорғанда жас келіншек пен оның күтушісі және олардың үстіне қойылған егде адамның жерлеу орындары қазылды (6 сурет).
Заттай инвентарь кейде мүлдем кездеспейді (мұндай жағдайда көбіне бас жағынан ұсақ малдың сүйектерінің қалдықтары кездеседі) немесе өлген адамның бас жағында тегене, ал батыс қабырғаға құмыра тәріздес ыдыс (4 сурет) қойылады. Жерлеу-ғұрыптық дәстүрлерге құрбандық ыдыстарын орнатуды қосуға болады. Құрбандық ыдысының ішінде не керамикалық ыдыс, не ұсақ малдың басы салынды. Жерлеу ғұрыптары белгілер ретінде сондай-ақ сақиналы тас қалама ішінен табылған үзеңгі, металл әшекейлер, жебе ұштары, сынған керамикалык ыдыс және ұсақ малдың сүйектері қалдықтарын айтуға болады. Бұл сондай-ақ, оның бірте-бірте бірнеше жыл көлемінде тұрғызылған құрылыс екенін көрсетеді.
Жерлеу салттарының ұқсас салттары Іле өзенінің жазығындағы үйсін дәуіріне жататын ескерткіштердің жекелеген жерлеу орындарынан байқалады. Жекелеген детальдардың аналогтары Көксу өзені жазығының ерте темір дәуірі жерлеу орындарында тіркелген. А.М.Досымбаева тікелей грунтты шұңқырлары бар қорғанды жерлеу орындарын б.з.д. II ғасырдан басталатын үйсін кезеңінің ескерткіштеріне жатқызады.
Сондай - ақ 2009 жылдың далалық кезеңінде Асы үстіртіндегі және Түрген шатқалының жоғарғы бөлігіндегі өзге да археологиялық кешендердің құрылымы мен жоспарлануы бойынша жаңа мәліметтерге қол жеткізу үшін зерттеулер жүргізілді. Жаңадан Түрген шатқалынан ерте темір дәуірінің тұрағынан және қола дәуірінің елді мекенінен тұратын көпқабатты елді мекен – Қызылбұлақ - IV табылды және осы ескерткішке барлау шурфтары түсірілді. Нәтижесінде ескерткіштің барлық территориясында қола дәуірінің тұрағы және ерте темір дәуірінің тұрағы қабатының болғанын дәлелдейтін материалдар табылды. Оның ішкі құрылысы кейінгі далалық зерттеулер нәтижесінде анықталады. Асы үстіртінде бұрынғы зерттелген ескерткіштерді бөлшектеу нәтижесінде қола дәуірінің Асы - XIV обасының көгі қабатты құрылымын анықтауға және оның топографиялық түсірілімін жасауға мүмкіндік туды. Оның құрылымы бойынша Қызылбұлақ-І обасының екінші қабатына сәйкес келетін, бұрын тіркелмеген, жиырма шақты тас коршаудан тұрағын шығыс бөлігі табылды. Обаның толық топографиялық түсірілімі жасалды.
2009 жылдың далалық маусымының нәтижелері Іле Алатауының таулы аумағының ерте темір дәуірінің жерлеу салттары бойынша жаңа мәліметтерге қол жеткізуге және күрделі көп қабатты археологиялық кешендердің құрылымы мен жоспарлануын анықтауға мүмкіндік берді.
1. Горячев А.А., Мотов Ю.А. Результаты исследований археологического комплекса Бутакты-1 на юго-восточной окраине города Алматы в 2007 году И Известия НАН РК. Серия общественных наук. Алматы, 2007. Рис. 8-10.
2. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Саки и усуни долины реки Или. Алма-Ата, 1963. Табл. XI.