Бұл кешенге Түрген-ІІ қонысы және Қызылбұлақ-І және Қызылбұлақ-II обалары кіреді.
Қызылбұлақ-І обасында негізгі қазбадан солтүстікке қарай түсірілген қимадан жас балалардың жерлеу орындары орналасқан қоршау түріндегі құрылыстары бар қола дәуірінің 5 қоршауы зерттелді. Барлығы 7 қоршау зерттеліп, оның 5-уі жерлеу орны (екі кенотафа). Одан өзге, қоршаулардың бірқатарынан керамикалық құрбандық ыдыстары табылды. Аталған жерлеу орындары обаның екінші және үшінші стратиграфиялық деңгейіне сай келеді, яғни қола дәуірінен ерте темір дәуіріне өтудегі өтпелі кезең және білікшелі керамика мәдениетінің ортақтастығы кезеңінің обалары ретінде анықталады. Бұл жердегі жерлеу орындарының көпшілігінде өлікті қою салты басым, ал бұл белгілер аталған жерлеу орнын бұрын зерттелгендерден ерекшелейді. Жерлеу камераларынан батысқа қарай екі ғұрыптық құрылыс табылды. Типологиялық жағынан жаңа заттай материал алынды. Далалық археологиялық зерттеулер материалдарын атрибуциялау жүргізілді, ал бұл өз кезегінде аталған обадағы қола дәуірінің жерлеу орнының стратиграфиялық көп қабатылығын растады.
Жекелеген сәттерде, тас қоршаулардан құралған шынжыр түріндегі оба үсті құрылыстарын жасау дәстүрін қорған-қоршау және қорғандар салу дәстүрі алмастырылды бұлар, әсіресе, обаның солтүстік бөлігінде айқын байқалады. Өлгендері өртеу ғұрыптарының орнына өліктің басын батысқа немесе шығысқа бұрып, сол жағымен бүктүскен күйде ингумация ғұрпы бойынша жерлеу орын алды. Бұл уақытта керамикалық ыдыстардың типтері өзгере бастады және тері ыдыстарды дайындау дәстүрлері шыға бастауы мүмкін. Дегенмен жерлеу камераларының құрылымының дәстүрлілігі мен құрбандық орындарын орнату дәстүрі үлкен этномәдени өзгерістердің болмағанын көрсетеді. Аталған өзгерістердің барлығы бұрынғы этникалық ортада жүрді және Жетісудың таулы зонасында б.э.д. 2-1 мыңжылдықтағы табиғи-климаттық өзгерістерге байланысты болған ежелгі тұрғындардың шаруашылық-мәдени типінің динамикасын байқатады.
Түрген-ІІ археологиялық кешенінде зерттеулер ескерткіштің солтүстік бөлігінде жүргізілді, бұл жерде сақ уақытының екі кезеңінің тұрғын жай құрылыстары қазбамен қамтылды. Қазба нәтижесінде ерте темір дәуірінің кейінгі сақ кезеңі тұрағының қабаты тазаланды. Құрылыс салу үшін ол кезде терең емес (20-40 см) дөңгелектеу келген көлемі 3*4 м. аумақ тазаланған. Оның орны одан бұрынғы тұрғын жайдың тереңдеген котлованы орнында таңдалуы мүмкін. Еден ашық қоңыр түсті қалың саздақ болып табылады. Орталыққа екі тірек бағанасы орнатылған. Периметр бойымен 2 метрден соң шеткі бағаналар орнатылған, олардың арасымен қабырға салынған. Шатыр конустық формада болған. Б.з.д. 3-2 ғғ. дейінгі керамикалық ыдыстарға қарағанда аталған қоныс ұзақ уақыт бойы үздіксіз пайдаланылуы мүмкін.
Көрсетілген құрылыс өзінің өмір сүру уақыты бойынша біршама ерте қызыл-қоңыр және сары-қоңыр түсті тығыздалған саздақты, тегістелген алаң түріндегі объектіні көлегейлеп тұр. Бұл құрылыс диаметрі шамамен 7 м болатын дөңгелек формада, сондай-ақ, көне жер беті деңгейінен 30-40 см. тереңдеген. Құрылыстың солтүстік жағынан қою қоңыр түсті, тік бұрыш формасындағы, бір жағы таспен шегенделген, екінші жағы еңіс контурымен шектесетін, көлемі 3*5 м. жазық алаң табылды. Ол негізгі құрылысқа кіретін арнайы белгіленген жолды белгілейді. Кіреберістен 2 метр қашықтықта екі тау барысының күшіктерінің жерленген орны табылды (?). Аталған құрылысты тазалау барысында тіркелген бірқатар элементтер бойынша біз бұл құрылыс діни-ғұрыптық мақсатта қолданылды деп айта аламыз. Негізінен, алғаш рет діни ыдыстар сериясы (құрбандыққа шалынған малдың қалдығы бар құрбандық ыдысы, шамандық немесе абыздық киімдердің және асатаяқ қалдықтары) және құрылыс маңында жерленген әр түрлі жануарлар қалдықтары табылды. Бұл мәліметтер тазаланған объектіні ғұрыптық деп атауға мүмкіндік береді. Кешеннің стратиграфикалық орналасуы оның өмір сүру уақытын ерте сақтық дәуір деп есептеуге мүмкіндік береді.
Аталған құрылыс орны қола дәуірінен ерте темір дәуіріне немесе кейінгі сақ кезеңіне өтпелі кезеңде өмір сүрген тұрғын жайдың үстіне орнатылған. Мұндай кезеңдеу төрт қырлы, бірақ жапырақ тәрізді формадағы жебе ұштары бойынша анықталады. Аталған деңгейде керамикалық ыдыстар мен өрнектердің өтпелі формалары көрініс табады. Кейінгі қола дәуірінің 2-тұрғын жайы тұрақ қабатынан шамамен 1 м. тереңдікте орналасқан және келесі далалық маусымға дейін консервацияланды.
Ескерткіштің әртүрлі стратиграфиялық қабаттарын типологиялық және мәдени- хронологиялық атрибуциясы үшін өте үлкен көлемде керамикалық, заттай және сүйек материалдары алынды. Соның негізінде, негізгі алаң тұрғын жай үшін 700-800 жыл бойы қолданылып келгені анықталды. Сонымен қатар, ескерткіштің өмір сүруінің әртүрлі кезеңдерінде мәдени-тұрмыстық дәстүрлердің жалғастығы анықталды.
Сонымен қатар, 2008 жылдың далалық маусымында Түрген шатқалының жоғарғы бөлігінде және тау баурайында археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Түрген шатқалының жоғарғы бөлігіндегі археологиялық ескерткіштер картасын толтыруға мүмкіндік беретін қола дәуірінің, ерте темір дәуірінің және ерте ортағасырлық обалары, тұрақтары және қоныстары топографиясы мен жобалауы бойынша жаңа мәліметтер алынды. Ерте темір дәуірінің 13 жаңа обасы табылды, олардың 9-ы «патшалық» топқа жатады. Жоғарғы қабаттан қола дәуірінің тұрақтары бар ірі екі қоныс және қола дәуірінен ерте орта ғасырға дейінгі жерлеу- діни ескерткіштері, сонымен қатар Іле Алатауы биік таулы аймағындағы мал шаруашылығының дамуын сипаттайтын шаруашылық құрылыстар табылды. Мүмкін болатын мұражайландыруға арналатын ескерткіш шекарасы анықталды. Археологиялық апатты қазба ерте ортағасырлық тас мүсіні бар жерлеу қоршауында жүргізілді. Бүкіл далалық маусым материалдары бойынша алынған сүйек қалдықтарына палеозоологиялық және палеоантропологиялық анықтамалар жасалынды. Далалық материалдарды өңдеу жұмыстары басталды.
2008 жылдың далалық маусым нәтижелері Іле Алатауы биік таулы аймағындағы қола дәуірінің жерлеу салттары бойынша жаңа мәліметтер алуға және күрделі көпқабатты археологиялық кешендердің жоспарлануы және құрылысын анықтауға мүмкіндік берді.