Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Түркияның Анкара қаласындағы Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты.



Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру.

Түркиялықтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорынан барлығы 207 жәдігер ұсынылып отыр. Олар Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары – бұл Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының атаусыз шеберлері туындыларының аз ғана бөлігі.



АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазақстан әлемдік қауымдастықты өзіндік көшпелі өркениетімен және тарихымен ерекше қызықтырады. Қазіргі уақытта елімізде ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарамаларының аясында мәдениет пен өнер саласында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі және бірегейі өздеріңіз куә болып отырған "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық жобасы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі жүзеге асырып отырған бұл жоба аясында Қазақстан тәуелсіздігінің символына айналған Алтын адам Еуропа, Азия және өзге де жиырмаға жуық мемлекеттің назарына ұсынылмақ. Түркия Республикасының Анкара қаласында ұйымдастырылып отырған бүгінгі көрменің мақсаты Еуразияның ұлы дала белдеуінде ерте темір дәуірінен қазіргі заманға дейінгі қалыптасқан тарихи-мәдени бауырлас Түркия еліне таныстыру болып табылады.

Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылды.  

1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың басында Алматының маңайында танымал археолог Кемал Ақышев зерттеп жүрген Есік қорғанынан, кейін Қазақстанның символына айналған, сақ патшасы – «Алтын адамның» сүйегі табылған археологиялық сенсация орын алды. Баға жетпес олжаға «Қазақ Тутанхамоны» деген ат беріліп, «ғасыр жаңалығы» деп танылды. Ежелгі дала билеушісінің тәжіндегі қанатты алтын пырақ әшекейлері Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бөлшегіне айналды, ал Алтын адамның мүсіні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына орнатылды. 

Жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасын жариялады. Ауқымды шара шеңберінде Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея, Өзбекстан музейлерінде көрмелер үлкен жетістікпен өтті.

Енді киімі Алтын адамның реконструкциясын және осы жас ақ сүйек сақ жауынгерімен бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын Анадолы өркениеттер музейіндегі көрмеден де тамашалауға болады.







Музейдің картасы тұруы тиіс: https://goo.gl/maps/Vc8CbmSiL1UbrqVi6


<iframe src="https://www.google.com/maps/embed?pb=!1m18!1m12!1m3!1d3059.1420392854143!2d32.85970711504766!3d39.938212392526914!2m3!1f0!2f0!3f0!3m2!1i1024!2i768!4f13.1!3m3!1m2!1s0x14d34e6778370bf7%3A0x9b91ac47e4f46746!2z0JjRgdGC0L7RgNC40YfQtdGB0LrQuNC5INC80YPQt9C10Lkg0JDQvdC60LDRgNGL!5e0!3m2!1sru!2skz!4v1568569894559!5m2!1sru!2skz" width="600" height="450" frameborder="0" style="border:0;" allowfullscreen=""></iframe>



Айта кетерлігі, халықаралық көрме 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.