Белгілі шығыстанушы В.В.Бартольд 1893-1894 жж. Орта Азияда ғылыми сапармен болған кезде Іле алқабында «Верный бекінісінің маңында ескі қаланың қирандысы туралы естіген. Толық мәлімет алу үшін қала архитекторы П.В.Гурдэнің көмегін сұраған. Архитектор ескі қала қирандысы туралы, құрылыс жұмыстары туралы толық мәлімет берген».
Қала қирандысы Верный бекінісінің оңтүстік-шығыс жағында, Үлкен Алматы шатқалына қарама-қарсы орналасқан. П.В.Гурдэнің мәлімдеуінше «бұл жерде кірпіштен салынған құрылыстар, ескі көшелердің орны көрініп жатқан; қазіргі кезде бүтін кірпіштерді алып кеткенімен бұрынғы үлкен құрылыстар мен бөлмелердің орны сақталған». Қаланың бір бөлігіндегі таға тәріздес үлкен төмпешік П.В.Гурдэнің мәліметі бойынша цитадель маңындағы мұнараның орны болуы мүмкін.
«Қаланың аумағы қанша жерді алып жатқанын біле алмадық – деп жазады В.В.Бартольд, өйткені 21-23 маусым күндері бидайдың пісіп қалған уақыты болғандықтан көлемі анықталмаған».
Көп уақыттар бойы В.В.Бартольд жазып қалдырған қаланың орнын табу мүмкін болмады. Тек қана археолог С.А.Берденовтың қыш ыдыс сынықтарын анықтағаннан кейін ғана 2009 ж. қаланың орнын табу мүмкіндік болды. Бұл аймақ Алмарасан шатқалынан шығатын тау өзендерінің шетінде орналасқан тегіс алаңқайға айналып кеткен. Қазіргі кезде қала аумағын бидай мен жүгері, ал қалған бөлігін алма бақ алып жатыр.
Археологиялық зерттеулер астық өнімдерін жинап алғаннан кейін басталды. Болжам бойынша ескі қаланың орнына жеті стратиграфиялық шурф салыныгі, қазбаныц ауданы 400 піаршы метрге дейін кеңейтілді. Барлық шурфтар табиғи қабатқа дейін жеткізілді.
Қаланың шығыс жағында салынған шурфтыц ауданы 100 шаршы метрге дейін (10*10 м) кеңейтіліп, ол жерден құрылыс қабаттарымен қатар, қыш ыдыстардың сынықтары кездесті.
Қала аумағында көп жылдар бойы ауыл шаруашылық жұмыстары жүргізілгеннен кейін және қазіргі кезде алма бақтың орналасуына байланысты қаланың жоғарғы қабаты толық қиратылып кеткен. Дегенмен, қаланың жалпы жобасын анықтау мүмкін болмады. Бірнеше қабырғалар, суфалар мен тандырлардың кездесуі бұл жерде тұрғын жайлардың болғандығынан мәлімет береді. Сонымен қатар, майда тастардан қаланған тас алаңқайлардың болғандығы анықталды. Жоғарғы қабаттың астынан шаруашылық, асхана ыдыстарының сынықтары, сонымен қатар, қол диірмен, тас келі, тастан және қыштан жасалған ұршықтастар кездесті. Сонымен қатар, қола балқымалар, темір құймаларының үлгілері, бір шеті толық жойылып кеткен тиын табылды. Бұл құрылыс қабатын қыш ыдыстарына байланысты XI ғ. аяғы -XIII ғ. басына жатқызуға болады.
Зерттеуді жалғастыру үшін қазба жұмыстарын солтүстікке және шығысқа қарай 400 шаршы метрге (20*20 м) ұлғайттық. 0,5 м төмендіктен кейін жоғарғы құрылыс қабатының қалдықтарын кездестірдік. Қазбаны төмен түсіргеннен кейін жақсы сақталған екінші құрылыс қабатын кездестірдік. Тазалау кезінде бөлмелердің қабырғасы, суфа қалдықтары, қатар орналасқан ошақпен тандыр, еденді қазып орналастырған үлкен құмдар кездесті. Бөлмелердің едендері тегіс, сары түсті сабан араластырып балшықпен сыланған.
Үйлердің іргетасы балшық араластырып қаланған малта тастар. Ал, суфалар көбінесе саз кірпіштер мен тұрмысқа қажетсіз заттардың қалдықтарынан салынған. Ал, оның ішкі бөлігінде қыш ыдыстардың қалдығы, үй жануарларының сүйектері және майда тастарды пайдаланған. Осыдан кейін ғана барып суфаның жоғарғы бөлігі жақсы иленген балшықпен сыланған. Мұндай үй құрылыстары Орта Азия мен Жетісуда көптеп кездеседі. Ошақ-тандырлар және шаруашылыққа айналған қоймалар бұл жерде халықтардың көп жылдар бойы тұрғандығын көрсетеді. Екінші құрылыс қабатынан да асхана ыдыстарының сынықтары мен қол дән үккіш, ұршықтас, тас қайрақ, үй жануарларының сүйектері кездесті.
Қыш ыдыстарын зерттей отырып, бұл кезең шамамен, б.з.д. III ғ.-б.з. III ғ. уақытты алып жатқан.
Қыш ыдыстарға байланысты қаланың өмір сүрген уақытын екі кезеңге белуге болады: үйсін -III ғ.-б.з. III ғ және ортағасыр ХІ-ХІІІ ғ. басы.
[1] Бартольд В.В. Отчет о поездке в Среднюю Азию с научною целью 1893-1894 гг.//Барольд В.В. Сочинения. Москва: Изд-во «Наука», 1966. T. IV. С.83.