Зерттеу жұмыстары, обалар тізбегін солтүстіктен тұйықтап тұрған №5 обадан басталды. Бұл нысан антропогендік факторлардың әсерінен қатты зардап шеккен. Оңтүстік жағынан ені он метрдей болатын бөлігі толықтай жойылған. Оның үстіңгі бетінде үш бірдей үлкен қазаншұңқыр анықталды. Обаның ең биіктеген тұсы 5 м-ді құрайды, диаметрін анықтау мүмкін емес. Орталық қыры Ш-Б белдеуі бойынша бағытталған. Үйіндінің құрылымында бір-бірінен топырақтың түсімен ажыратылатын бес бірдей қабат анықталды. Үйіндіні қабат-қабатымен жабу осы қорымның барлық зерттелген обаларына тән белгі болып табылады. Обаның стратиграфиясын зерттеу, оның алдыңғы далалық, маусымда №4 обадан анықталған жайттармен сәйкес екенін көрсетіп берді. Айырмашылықтары тек мынада, егер №5 оба үстіңгі қабатында орналасқан бір ғана сауытқа ие болса, ал №4 оба үстіңгі бөлігімен бірге, төменгі қабаттардың бірінде тағы да бір сауытпен жабылуымен ерекшеленеді. Барлық қабаттар бір-біріне параллельді түрде жатыр. Олардың құрылымы үйіндіні көтеру процестерін қалай жүзеге асқанын анықтауымызға мүмкіндік береді. Шын мәнінде оба құрылысының үстінен үйінді көтеру бес этаптан тұрған. Олардың әрқайсысы аяқталған обаны елестетеді. Әрбір қабаттың үстінен қалыңдығы екі метрге дейін жететін топырақ қабаты үйіліп, сазбен сыланып отырған. Әр этапта үйінді бас кезінен нақты диаметрге ие болғаны анық, байқалады. Ең бірінші, болашақ обаның сыртқы контуры бойынша топырақтан шеңбер үйіліп шыққан. Одан әрі оба шетінен ортасына қарай біртіндеп топырақпен қабат-қабатымен үйіліп отырған. Осылайша, үйіндіні құрап тұрған үлкен қабаттардың өзі өз кезегінде көлденең келген кіші қабаттардан құралған. Соңғы жағдай обаның жайылып кетпеуіне көп мүмкіндік туғызған.
Сыртқы бөліктері қанша ұқсағанымен №4 және №5 обалардың ішкі жерлеу құрылыстары бір-бірінен мүлдем өзгеше келген. Суреттеліп отырған обада ол өлшемі 4*2,7 м, тереңдігі 2,1 м болатын ендік-бағыттық, шұңқыр түрінде келген. Түп жағында шұңқыр 3,2*2,7 м-ге дейін тарылады. Солтүстік қабырғада қуыс болған. Оның көлемі 1 м, тереңдігі 1,5 м. Батыс қабырғада дәлізге шығатын ауыз болған. Оның солтүстік қабырғасы қабір шұңқырының солтүстік-батыс бұрышымен ұштасқан. Оның ұзындығы 0,9 м құрайды, ол шұңқырды дромоспен жалғастырған. Дромос солтүстікке қарай 9 м созылып, содан кейін ғана барып көне күндізгі қабатқа шыққан (фото 1).
Шұңқыр көлденең қойылған бөренелерден бір жағына қиғаштай жабылған. Бөренелердің ұзын саны жок, дегенде он сегізге жетеді. Солтүстік жағынан жабындының күйгені байқалады. Сондай-ақ, топырақ, күлдің астында ғана емес, сонымен бірге үстіңгі жағында да күйген.
Шұңқырда олжалардың жинақталған екі жері анықталды. Біріншісі солтүстік қабырғадағы қуыс, бұны біз құпия орын деп отырмыз. Одан сәндік бұйымдар, керамика фрагменттері, өңделген жылтыратылған тастың сынығы табылды. Сәндік бұйымдар әртүрлі пішіндегі төрт сердоликті моншақтар, кораллды моншақтар, жүрекше тәріздес жартылай жылтырақ тастан жасалған зат, сары жартылай жылтырақ пластина түріндегі тамшы тәріздес өрнекті бұйым; тегістелген екі бұрыштары бар дұрыс трапеция пішініндегі үш тесігі бар нефритті қаптамалар және каури қауашағынан тұрады.
Ол ажалардың жинақталған екінші жері ретінде дромосты камерамен жалғастырушы дәліз болып табылады. Дромос жағынан ретсіз үйіліп жатқан ірі адамның сүйек қаңқасы табылды. Шұңқыр жағынан тас ұршық, бас және сүйектен жасалған екі жебенің ұшы аршылды. Олардың бірі үш қырлы, ұңғылы, үш жағы сүйір және қырлары түсіңкі келген. Оның ішкі жағы да майырылған сүйір пішінге ие. Жебенің бір қыры сүйектің уақыт табына төзімсіздігінен бүлінуге ұшыраған. Ол тұста сүйек морып кеткен. Екінші жебе ұшы әдеттегіден бөлек пішінде жасалған. Кесіндісінде ол тікбұрышты үшбұрышты пішінге ие, ұңғысы жоқ. Жебенің сабы, сірә екі түсіңкі қырлардың ортасынан байлау арқылы бекітілген болуы керек. Аяқталар тұстары бір пішінде емес. Олардың бірі екіншісіне қарағанда анағүрлым салмақтырақ, келген (фото 2).
Тағы бір табылған олжа иттің қаңқасы. Ол дромоста қойылған, бас сүйегінің астына тас төсеніш қойылған.
Оба №3 тізбектің орта тұсында орналасқан. Беткі қабатынан шұңқыр іздері байқалмады. Оның биіктігі 4,5 м құрайды. Оба барлық, жағынан бұзылғандықтан диаметрін анықтау мүмкін емес.
Обаның орталық, қыры Ш-Б белдеуі бойынша бағытталған. Оның құрылымында алдыңғы екеуіндегі сияқты үйінді қабаты анықталғанымен, жерлеу камерасының құрылымы Ұлжан қорымының басқа обаларындағы қабірлермен ешқандай ұқсастығы жок,.
Қабір шұңқыры үлкендеу келген. Өлшемі: 6,4*6,8 м, тереңдігі 3,9 м. 1 м тереңдіктен ені 0,8-1 м болатын иықшалар анықталды. Қабір шұңқыры ендік бағытта 20° қиыс ОББ-СШШ белдеуі бойынша бағытталған. Тастардың жиынтығы солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бұрыштарында, сонымен бірге иықшаларда орын тепкен. Қабір топырағы мен қабырғаларын (солтүстік, аздап оңтүстік) тонаушылардың қазбасы кесіп өткен. Адам мен жануар сүйектері, керамикалар ретсіз, түрлі тереңдіктерден табылды.
Керамикалық коллекция сегізге тарта ыдыстың бөлшектері түрінде жинақталды. Тек бір ғана фрагмент дөрекі қамырдан, қолдан иленген ыдыстікі болып шықты. Қалған ыдыстар арнайы, көзешінің шеңберінде орындалған. Олардың жалпы ұқсастықтары ретінде үрілген денелері, тар мойындары және қайырылған ернеулерін айтуға болады. Кейбіреулерінде үш және оданда көп ойық-белдеулер тәріздес өрнектер кездеседі (сурет 6). Қабір шұңқырынан басқадай заттық, мәдениет қалдықтары табылған жоқ. Қабір шұңқырының үстінде, көне күндізгі деңгейден 2 м биіктіктен, бұзылған қабаттың арасынан мыс қазан табылды. Қазанның биіктігі 52 см, ернеуінің көлемі 43 см. Қарама-қарсы бағытта орналасқан екі көлденең тұтқасы және екі тік құлақшасы бар. Қазан түрлі жануарлардың (жобамен түйе және ұсақ малдың) аяқтары түрінде орындалған үш бұттың үстінде орналасқан. Оның денесін орай, арқанды елестетін үш қатар каннелюр өтеді. Қазанның түбі тесілген.
Ұлжандық қорымдардың бірнеше рет тоналғанына қарамастан, зерттеу жұмыстары сақ археологиясы жөніндегі танымдарымызды одан әрі кеңейте түсетін біршама көлемдегі мәліметтер бере алды. Бұл ескерткіште бірінен соң бірі келген үйінді топырақ, қабаттары, әрі тас сауыттармен бекітілген ерекшеліктері бірден көзге түседі. Соған қарамастан жерлеу камераларының құрылымы бүкіл жағдайда бір-бірінен ерекшеленеді. Әрбір зерттелген обалар, табылған дүниелерінің аздығына қарамастан заттық мәдениеттің қалдықтары жөнінде қызықты материалдар бере алды. №4 обадан сақ кезеңінің аң дабы мәнерінде орындалған, алтын бұйымдары шықты. №5 обадан уақыт кезеңін анықтауға мүмкіндік беретін сүйектен жасалған жебе ұштары; Жетісудің ежелгі тұрғындарының басқа елдермен қатынасын дәлелдейтін, қытай мен үндінің импорты болып табылатын сәндік заттар табылды. №3 обаның үйіндісінен мыс қазан шықты. Бұл қазба барысында шыққан, нақты құжатталған бірінші қазан болып табылады.