1909 жылы жергілікті көпес Үлкен қажы Бекшентаевтың тапсырысы бойынша тұрғызылған. Оны салған құрылысшы – халық шебері Баязит Сәтбаев. Ескерткіш тік бұрышты, биіктігі 5,8 метр, ені 13,2х29,9 метр. Батыс жағында михраб орналасқан. Бастапқыда екі есігі болған. Қасбеті пропорциялық жағынан бірдей екі үйлесімді ярусқа бөлінген. Ярусты бөліп тұратын белдіктің үстінде кірпіштен доға тәріздес қаланған терезелер орналасқан. Зайсан мешіті – қызмет және ғибадат бөлмелерінен тұрады. Соңғысы екі бағанамен бөлініп, өрнекті кірпіштен құрастырылған. 1920 жылы Зайсан мешітінің мұнарасын жергілікті белсенділер қиратса, 1959 жылы күмбез өртеніп кеткен, осының кесірінен ғимарат пропорциялық үйлесімін жоғалтқан.