1925 жылы сәулетші Баязит Сәтбаев тұрғызған. Зейнолла күмбезінің жалпы ұзындығы 9,4 метр, ені 5,78 метр, биіктігі 8,8 метр. Күмбез шикі кірпіштен тұрғызылып, сырты күйдірілген кірпіштен бунақталып қаланған. Күмбездің төменгі бөлігі Оңтүстік Шығыс Азияның сәулет өнеріне ұқсас күрделі үлгіде салынған. Кіре берісі дарбазалы пештақпен безендірілген. Бұрыштарындағы қалпақшалары төбе деңгейіндегі төртқырлы қысқа бағандармен бітеді, кіре беріс пештақ шағын шатыр арқылы төбедегі доғамен үш қыр бойымен жалғасады. Ішіндегі қабірханаға екі бүйірі мен батыс жағасындағы ойықтар арқылы жарық түседі. Бұл ойықтар әшекейлі дарбазалық қуыстармен кезектесе жасалған. Зейнолла күмбезі қасбеттерінің әсемделуіне сәнді қалаулардың сан алуан тәсілдері пайдаланылған.