Ғибадатхана Жамбыл облысының, Шу аудандарының территориясында, Шу-Іле тауының солтүстік-батыс бөктерінің далалы бөлігінде орналасқан.
Археологиялық барлау және кешенді зерттеу жұмыстары нәтижесінде Жайсан ғибадатханасы орналасқан территориядан 16 ғұрыптық-мемориалды кешендер, жартастағы суреттер жинағы, тас бағандар мен тас мүсіндерде соңдай-ақ жартастарда салынған түркілердің таңбалары табылды. Мемориалды ескерткіштердің жергілікті жерде топографиялық орналасуында жалпы заңдылық байқалады. Барлық ескерткіштер жергілікті жердің бедеріне бағына отырып және оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа бағыталған сайлардың тегіс террасасын алып орналасқан. Тас бағандар мен тас мүсіндері бар ғұрыптық құрылымдар жерлеу еске алу кешендерінің құрамына кіреді және олардың шығыс және батыс жақтарында орналасқан.
Археологиялық қазба жұмыстарында Жайсан 1, 2, 4, 6, 10-15, кешендеріндегі 13 ғұрыптық қоршаулар зерттеліп, тексеру жүргізілді және Қасқырсай, Жиделісай және Момбайсазындағы жартастардағы суреттер, таңбалар көшіріп алынды. Жайсан ғибадатханасындағы ғұрыптық құрылыстардың құрылымдық негіздерін анықтау мақсатында әр түрлі типтегі қоршаулар және қорғандар зерттелінді.
Жайсан ғибадатханасындағы түркілердің ғұрыптық ескерткіштерінің зерттеген материалдарын жүйелеу ғұрыптық құрылыстарды үш типке бөлуге мүмкіндік береді. Әрбір тип негізінде түрлі құрылымды – қоршау, тіктөртбұрышты немесе төртбұрышты жобада, қабырғасы тік немесе қайрақ пішіндес созыңқы плиталар іргедегі қабырғаларына қойылған, тас плиталардан тұрады. Қоршау қабырғаларының іші ереже бойынша ұсақ тастармен толтырылған, кейбірде қоршаудың сыртқы кеңістігіне де тастар қойылған. Суреттеліп отырған ғұрыптық құрылыстарда стела немесе тас мүсін қоршаудың шығысында немесе ортасында тік орнатылған. Жайсан ғибадатханасындағы аталған барлық ескерткіштердегі көне түркілердің мүсіндері гранит тасынан дайындалған.
Ғибадатхана құрамына жеке (1 тип), қосарланған (2 тип), үш (3 тип), бөлікті қоршаулар кіреді. Ғұрыптық құрылыстардың әрбір түрі тас мүсіннің және тас бағанның қоршауда орналасуына қарай тармақтарға бөлінеді. Бір тас баған шығыс жағында орналасқан жеке қоршаулар Жайсан 4 қоршау 2, Жайсан 6, қоршау 1 және Жайсан 13 қоршау 1 (1а тармағы) ескерткіштерінде зерттелінді. Жайсан 6 кешеніндегі қоршау 2 түрдің 16 тармағының ерекшелігін көрсетеді. Бұл ескерткіште екі тас баған қойылған, біреуінің биіктігі 2 метрден астам ол қоршаудың ортасында, ал екіншісі көлемі кіші және шығыс жақ қабырғаның ортасында орналасқан. Тас бағанның солтүстікке қараған қабырғасының ортасына таяу диаметрі 15 см шеңбер тәріздес таңба салынған. 1в тармағына, жоғарыда аталған Жайсан 13 кешеніндегі қоршау 1 жатқызылады, онда тас баған қоршаудың ортасында және әйел мүсіні шығыс жақтағы қабырғаның сыртында орналасқан. Жекелеген қоршаулардағы түр өзгешелігі 1 г тармағына, Жайсан 16 кешенінде қоршау ортасында биік тас баған орнатылған, ал ер адам мүсіні ғұрыптық қоршаудың шығыс қабырғасының сыртында орналасқан.
Қосарланған қоршаулар, ғұрыптық құрылымдардың екінші түріне біріктірілді, олардың өзі екі тармаққа бөлінеді, мұндай ескерткіштерге Жайсан 2, қоршау 1 және Жайсан 13 қоршау 2 жатқызылады. 2а тармағы екі аралас қоршаулармен сипатталады, оңтүстік қоршаудың шығыс қабырғасында әйел мүсіні орнатылған. Мүсіннен шығысқа қарай тастар- дан жол төселіп, шығыршық тәрізденіп аяқталған (Жайсан 2, қоршау 1). 26 тармағы аралас қоршау 2, Жайсан 13 мемориалынан: оңтүстік құрылымның ортасында биік бағана орнатылған, ал солтүстік қоршаудың ортасында кеудесі ғана бейнеленген мүсін табылды. Ғұрыптық қырылыстардың үшінші түріне Жайсан 1, 10, 14, 15 ғұрыптық кешендеріндегі жанаса орналасқан үш қоршау жатады. Жайсан 1 мемориалды кешеніндегі (3а тармағы) бір-біріне жанаса орналасқан үш қоршаудың барлығы шығыстан батысқа қарай ортасынан тік плиталармен бөліктерге бөлінген. Бөліктің ортасында биік емес баған (биіктігі 1 м) орнатылғаң. Екі оңтүстік бөлікте екі бағанадан, қалған басқа бөліктерде бір бағанадан орнатылған және орталық қоршаудың шығыс жақ сыртынан тек кеудесі бейнеленген мүсін табылды. Орталық қоршаудың оң бөлігіндегі тас бағана астынан пластинкалы, төңкесі бекітілмеген темір жебе ұшы және сауыттың жалпақ тілікті қалдықтары табылды.
36 тармағына Жайсан 14 ғұрыптық-мемориалды кешені жатқызылады. Ескерткішке тән ерекшелік бір-біріне жанаса орналасқан қоршаулардың шығысында мүсіндердің орналасуы (1 фото). Барлық мүсіндер Орталық Азия даласында тараған түркілердің мүсіндеу өнерінің үш түрін көрсетеді. Ер адамның кеуде мүсіні, солтүстік қоршауға орнатылған ортаңғы қоршауда екі қолымен ыдыс ұстаған (мүсіннің басы және сол қолы сынған) әйел мүсіні түр. Екінші ер адамның мүсіні, оңтүстік қоршаудың шығысында орнатылған, мүсінді орындауда иконографияның әрбір бөлшегін және заттарын көрсетуіне қарап, мүсінді көне түркілердегі мүсіндеу өнерінің классикалық үлгісі деп сипаттауға болады (фото). Ғұрыптық құрылыс Жайсан 15 ескерткіші бір-біріне жанаса орналасқан үш үлкен және солтүстік қоршаудың солтүстік жағынан жанаса орналасқан кіші қоршаудан тұрады. Аталған ғұрыптық құрылым 3в тармағына жатады. Ескерткіштің негізгі ерекшелігі оңтүстік және солтүстік қоршаулардың шығысында ер және әйелдің кеуде мүсіні жұптасып орнатылуы және үш қоршаудың да ортасында биік әрі ірі бағана қойылуы болып табылады. Ғұрыптық құрылыстардың 3-ші түрдің келесі тармағы 3 г болып саналған ескерткіштердің ерекшеліктері Жайсан 10 ғұрыптық құрылымнан көрінеді. Аталған ескерткіште бір-біріне жанаса орналасқан қоршаулардың ортасында стела орнатылған.
Жайсан ғибадатханасы ғұрыптық құрылымының толық анализі оларды түркі ғұрыптық ескерткіштерімен ұқсастыруға мүмкін боларлық, негізін мүсінді немесе тас бағанды қоршау құрайтын тұтас белгілерді айқындауға мүмкіндік береді. Жайсан ғибадатханасы ескерткішінің құрылымы бойынша белгіленген типологиялық бір түрі дәл осындай ежелгі түркі мәдениетінің барлық ареалы үшін тән. Сонымен бірге зерттеліп отырған ғибадатхананың құрылысында ежелгі түркі мемориалды кешендерінің белгілері ретінде қызмет ететін бірқатар элементтер қатыспайды. Жайсан ғибадатханасындағы ғұрыптық құрылымдар қоршаулар, балбалдар қатарымен қоса жүрмейді. Одан басқа ғибадатхана мемориалдары ежелгі түркі кешендерінің белгілері үшін қатысы жоқ басқалармен бірге жүреді. Алтайдың, Тыва мен Монғолияның ұқсас ескерткіштерінің Жайсан ғибадатханасы қоршауларынан айырмашылығы, мұнда ер адам мүсінімен қатар әйел мүсіні қойылған.
Жайсан ғибадатханасындағы жартастағы суреттерде бұғы, түйе, аңшылық көрінісі жиі бейнеленген және салт аттылық тақырыбы кең көлемде ұсынылған. Тауешкі бейнеленуінің стилі мүйіз үлгісі бойынша шиыршықты түрде көлемді тұлғасын беру тәсілімен өзгешеленеді. Жайсанның тауешкілері шындыққа негізделіп бейнеленген, олар балаларымен бірге салтанат құрады және ғұрыптық аңшылықтың объектісі болып табылады. Түркі руларының дөңгелек үлгідегі таңбасы Жайсан 6 ескерткішінде, қоршау 2-дегі тас бағанда және Жайсан 14 кешеніндегі ер адам мүсінінде екі рет бейнеленген. Ромб түріндегі алқа үлгісіндегі таңбалар жартастарға үш жерде салынған. Ұқсас алқалар тұмар ретінде ежелгі түркі, қазақстандық мүсіндерде бейнеленген. Сондай-ақ, Жайсан ғибадатханасы жартастарында дөңгелек үлгісіндегі, вертикальды белдеу болып біткен және одан горизонтальды түрде немесе екі сызықша арқылы қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған таңба белгіленген.
Түркі руларының таңбалары және жартастағы өнер ескерткіштерін талдау бойынша жұмыс ғибадатханадағы мүсіні және тас бағаны бар мемориалды кешендердің материалдарының салыстырмалы анализімен қатарластыра жүргізіледі.
Шу ауданының көшпелі ауылдарының, Ботбай руының ұрпақтары қазіргі күнгі этнографияға дейін Жайсан алқабындағы жартастарға таңбаларды соғып істеді. Түркі таңбаларының үлгісі Ботбай руының таңбаларымен ұқсас. Ботбай руының шығу тегі өзінің шежіресін Дулат тайпасымен байланыстырады. Ал Дулат эпонимінің ортағасырлық Дулу түркі тайпалық бірлестігімен байланысы анық болса керек. Аталған аймақтың жерінде Аққойлы және Қарақойлы руларының таралуы туралы этнографиялық мәліметтер аз қызығушылық тудырмайды. Мәселе, осы атаумен аталган екі оғыз руларының XI ғ. Селжұқ империясының басында тұруында да болып тұр.