Археологиялық зерттеулер Жайық қаласын Алтын Орда кезеңінің дамыған қала қалдығы екенін көрсетті. Табылған материалдар Алтын Орда кезеңінде бұл өңірлердегі үй құрылыстары дәстүрінен хабардар етеді. Қала тұрмыстық тұрғын-жайлармен қатар өндірістік және қоғамдық маңызға ие болған. Қаланың кәсіпкерлік ауданында кірпіш күйдіретін пеш орнатылған. Жерасты жүйелері арқылы жылытылатын шығыс моншасының қалдықтары сақталған. Қаланың қорымында күмбезді мазар орын тепкен. Осы жерде екі камералы мемориалдық құрылыстың қалдығы зерттелді. Оның сырты мен ішкі қабырғалары шыны плиталармен қапталып, олардың арасында алтын жалатылған жазуы бар плиткаларда ұшырасады.
Қазба жұмыстары IV қазбадағы 2 тұрғынжайда, сонымен бірге қалада орын тепкен жер- кепеде жүргізілді. Свистун-гораның төбесінде орналасқан қаланың зиратында, жобамен ерте темір ғасыры кезеңі болып табылатын, екі қорғанның қирандысын қазылды. Мазар алдындағы аула қабырғасының сыртқы шекарасын анықтау мақсатында Үлкен мазарда қазба жұмыстары жүргізілді.
2003 ж. қазба төбенің солтүстік - солтүстік-батыс жақтарын қамтып, құрылыстың қалған бөліктерін аршуға мүмкіндік тиді.
Нәтижесінде, тік бұрышты және шаршы пішіндегі шикі кірпіштерден тұрғызылған, тұрмыстық және шаруашылық маңыздағы бөлмелер кешені ашылды.
Есеп жылындағы жұмыстың нәтижесі тұрғын-жайдың шығыс бөлігінің аршылуы болып табылады. Бұның алдындағы қазбаға қарай қиындының жалпы көлемі 480 шаршы м, тереңдігі 1,1 м (1 фото).
Осылайша, екі жылдық жұмыстан соң нысанда екі тұрмыстық қалып-бөлектерден тұратын, құрылыстың негізгі бөлігі аршылды.
Тұрғын-жайдың бөлмелерінің қабырғалары бірыңғай дүниенің төрт бұрышына бағытталған. Тұрмыстық бөлмелер кешенінің батыс бөлігін, өзара қуыстармен жалғасқан (есік орындары), негізгі ұзын қабырға бойы анфалидалық түрде орналасқан үш бөлме (№ 1-3) құрайды (1 сурет). Ұзын қабырға үш бөлмені жекеше тұрмыстық қалып-бөліктерге бөліп тұр. Тұрғын жайдың бұл бөлігіне кірер есігі, сірә, оңтүстікке ашылған айван (№4) арқылы өтеді. 4-ші бөлмеде ешқандай интерьер белгілері кездеспейді. Ол арқылы кешеннің шығыс бөлігінен (кезінде «симметриялы» болған болуы керек) батыс бөлікке өтіп және жобасы жағынан №7, 8, 9 бөлмелері сияқты болған.
№5, 5а, 6 бөлмелері батыс бөлігінің кешендеріне барып қосылады. Табылған керамика сынықтарына, үй жануарларының сүйектеріне қарағанда, олар шаруашылық сипаттағы бөлмелер болып табылады.
№ 10 бөлменің қабырғалары өте нашар сақталған. Кіре беріс есік бөлменің солтүстік-батыс бөлігі жағындағы аулада орналасқан. Бөлменің бүкіл дерлік көлемін, кан ашылған суфа алып жатыр. Канның жеті каналы аршылды. Кан тұрғын-жайдың алғашқы кезінде сақталмаған тандыр немесе пештің екі бірінші каналынан ғана тұрса керек. Қалған каналдар бөлменің кейінгі қайта жобаланып салынуы нәтижесінде қосылған.
№11,12,13 бөлмелер кешені тұрғын жайға екінші құрылыс кезеңінде тұрғызылған. Орталығы №13 болып табылады. Одан солтүстікке қарай көлемі жағынан шағын болып келетін №11 және 12 бөлмелер орналасқан. №11 бөлменің интерьері, батыс және шығыс қабырғаларды бойлап, кіре берістің оң және сол жағында орналасқан, шаршы шикі кірпіштерден қаланған, биіктігі 35 м, ені 1,6 м суфадан тұрады. Батыс қабырғаны бойлай орналасқан суфаның оңтүстік бөлігінде, диаметрі 56-58 см болатын тандыр пеш орын тепкен. Тандырдың шығыс жағынан ені 18-20 см, биіктігі 25 см от жағатын орын келеді. Тандырдың солтүстік жағында біршама қираған, ені 20-30 см екі жылыту каналы орналасқан.
Бөлменің шығыс қабырғасын бойлай орналасқан суфаның оңтүстік бөлігі, өзен құмымен толтырылған күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. №12 бөлмеде интерьер белгілері байқалмайды. Оның көлемі 2*4,5 м. Шаруашылық сипатта болған болуы керек.
Тұрғын жайдың бөлмелерінің көлемі жағынан ең ірілерінің бірі болып, ені 9,47*4,75 см, №13 бөлме болып табылады. Ішінде, оңтүстік қабырғасында каны бар суфа орналасқан. Каннің суфаның оңтүстік-батыс бөлігі жағынан, ені 10 см екі каналды, от жағатын орны бар. Бөлменің солтүстік-батыс бұрышында екінші құрылыс кезеңіне жататын, көлемі: 3,2*2,36 м болатын пеш тұрғызылған. Өзінің архитектурасы жағынан ол «орыс пешін» елестетеді (2 фото). Пештің қабырғасының қалыңдығы 0,45 см тең. Пештің доғалық беті күйдірілген кірпіштен қаланып және құммен сыналанған.
Табындылардан керамикалық ыдыстардың бөліктері, шығырлық ыдыстар бөліктері және жақсы сақталған мыс ақша, люстралық керамика, моншақтар, үй жануарлары сүйектері, темір шегелер, инелер, баланың бесігіне арналған өңделген сүйек бөліктері тіркелді.
Сонымен қатар, қалада тұрғын-жайдың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, сопақша болып келген шұңқыр зерттелінді. Бүл су қоймасы хауыздың қызметін атқарған болуы керек. Оның көлемі: 10*8 м. Екі оңтүстік бөліктері қазылды. Су қоймасын аршу барысында жануарлар сүйектері, көзеші шарығында жасалған керамика сынықтары жиі ұшырасты. Солтүстік-батыс бөлігінен 1 м тереңдікте шығырдың екі ірі сынықтары ұшырасты. Дәл осы жағдай шығыс бөлікте де қайталанып, онда шығырдың бірнеше сынықтары табылды.
Жалпы, қазба жұмыстары тұрғын-жайдың жобасының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Ол «екілік үйлер» деп аталатын нұсқалардың біріне жатады және екі бірдей құрылыс кезеңін басынан өткерді. Қазба тұрғын жайдың, өзара бір айван мен шаруашылық бөлме – қоймалар арқылы байланысқан екі тұрмыстық бөліктерден тұратынын көрсетті (№5, 5а, 6). Тұрмыстық бөлмелердің интерьерінде «П» – тәріздес суфа, жылыту кандарі, тандырлар, пештер; шаруашылық бөлмелерінде ұра-қоймалар, қоқыс шұңқырлары бар. Екінші тұрмыс кезеңі тұрғын жайдың қайта жобалануына бірқатар өзгерістер енгізді. Оны №11, 12, 13 бөлмелердің қосылуынан көруге болады. Повольже қалалары мен Жайық қаласының үй құрылыстарының техникалық әдістері, жобаларын салыстыру, Жайық қаласына Хорезм мен Сыр бойы қалаларының әсерінің көп болғандығын дәлелдейді.
Жеркепе Круглоозерный ауылының солтүстік-шығысында, 4-5 км қашықтықта орналасқан Орал өзенінің бірінші суармалы алқабында орналасқан. Ол диаметрі 8 м, биіктігі 0,2 м түрдегі төмпешік болып келеді. Онда ауызы оңтүстікке қаратылған, дөңгелек көлемді бір бөлме қазылды. Бөлменің еденге дейінгі тереңдігі 1,1 м құрайды. Еденде бағанның алты шұңқыры табылды: үшеуі оңтүстік- шығыс бөлігінде қабырға тұсында; біреу солтүстік бұрышта және екеуі солтүстік-шығыс жағы бөлігінде (есіктің босағасының бағандары болуы керек). Табылған заттардың ішінде көзеші шарығында жасалған керамикалар өзінің көптігімен көзге түседі.
Үлкен мазарда, сыртқы ауланың шекарасы мен ұзындығын анықтау үшін шығыс бөлігіне қазба жүргізілді. Қабырғаның ені 1,9 м, ұзындығы 17,3 м болып келетін шығыс бөлігі аршылды. Қабырғаның іргетасы көлемі 22*22*6 см болатын, биіктігі екі қалаудан тұратын, шаршы түрдегі күйдірілген кірпіштен тұрғызылса, қабырғаның үстіңгі бөлігі, көлемі 22*22*6 см және 40*20*7 см шикі кірпіштен тұрғызылған. Қабырғаның шеті күйдірілген кірпіштен, ішкі бөлігі шикі кірпіштен қаланған. Аршылған шығыс және батыс қабырғаның арақашықтығы 24 м құрайды. Қабырғаны аршу барысында сырланған плиткалардың бөліктері мен үй жануарларының сүйектері табылды.
№1 қорған мазардан оңтүстік-батысқа қарай 200 м қашықтықта орналасып, жартылай шошақша үйінді түрінде келеді. Диаметрі 14, биіктігі 1 м қорған, С-О және Ш-Б сызығы бойынша бағытталған, ені 0,5 м екі бақылау жиегі қалдырылып, төрт бөлікке бөлінді. Стратиграфиялық қабатын бақылау мақсатында қорғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 10 м жерден көлемі 2*2 м барлау қазбасы салынып, нәтижесінде: беткі қабаты 0,14 м, сары топырақ тұзды жинақтармен материктік қабат түрінде 0,5 м тереңдіктен шықты. Қорған үйіндісінде үстінен жерленген екі қабыр табылды. Біреуі ортағасырлық. Оңтүстік-шығыс бөліктен 0,63 м тереңдіктен шықты. Ол топырақты шұңқырда, бұрыштары доғалданған тікбұрышты түрде, ұзындығы 2,25 м, ені 0,7 м (батыс бөлігі) және 0,5 м (шығыс бөлігі), тереңдігі 0,2 м болып келеді. Мүрде басы жағымен батысқа қаратылып, арқасымен жатқызылған және қолы жамбас тұсында айқастырылып, бас сүйегі сол қырына қаратылған. Жерлеу бұйымдары ұшыраспайды. Екінші қабыр 0,85 м тереңдікте, солтүстік-шығыс бөліктен табылды. Шығыс жиектің іргесіне жақын орналасқан. Жерлеу шұңқыры ұзынша жақтарымен солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс сызығымен бағытталған. Көлемі: ұзындығы 2,1 м, ені 0,75 м (солтүстік-батыс жағы) және 0,55 м (оңтүстік-шығыс жағы). Жерлеу шұңқырының орталық бөлігі үстінде қырынан қойылған екі күйдірілген кірпіш орналасқан. Қабір тоналған, бас сүйегі, омыртқалар, жамбас, саусақ сүйектері қалдықтары шұңқырдың орталық бөлігінен шықты. Жерлеу шұңқырында табыттың ағаш тақтайшаларының қалдықтары табылды. Жерлеу бұйымдары ұшыраспайды.
Негізгі қабір қорғанның орталық бөлігінде орналасқан. Жерлеу шұңқыры 1 м тереңдіктен табылды. Ол өзінің қара-қоңыр түсімен ерекшеленеді. Ол сопақша түрде, көлемі жағынан ұзындығы 3,5 м, ені 2,1 м, тереңдігі 2,25 м болып келеді. Өкінішке орай, қабыр тоналған. Шұңқырдан мәйіттің жекелеген сүйектері (саусақ, қабырға, сирақ, бет-жақсыз бас сүйек қалдықтары), жерлеу бұйымдары- нан жай ғана күйдірілген қол керамикасының, темір қылыштың, қола және темір бұйымдардың ұсақ қалдықтары табылды.
№2 қорған мазардан оңтүстікке қарай 400 м қашықтықта орналасқан. Дөңгелектенген үйінді түрде келеді. Шығыс жағынан жайылыңқырап кеткен. Диаметрі 16,5 м, биіктігі 1,15 м қорғанды батыс жағынан электр жүйесі басып өтеді. Бүл қорғанда С-О және Ш-Б сызығы бойынша бағытталған, ені 0,5 м екі бақылау жиегі қалдырылып, төрт бөлікке бөлінді. Үйіндінің топырағы қара және кесекті болып келеді. Оңтүстік- шығыс бөлікте 0,4 м тереңдіктен белдіктің күміс басы табылды. Жерлеу шұңқыры дөңгелекше түрде, көлемі 3,75*3,73 м. Ол қазіргі беткі қабаттан 1,15 м деңгейден табылып, материктік қабаттан қара-қоңыр түсімен ерекшеленеді. Қабір тоналған. Омыртқа сүйектерінің екі қалдығы табылды. Жерлеу бұйымдары ұшыраспайды.
Қазба жұмыстары аяқталған соң, сызба өлшеу жұмыстары мен фотоға түсіруден кейін, нысандар көміліп тасталды.
Жалпы, Жайық қаласында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде алтын орда кезеңінің үй құрылыстары жөнінде жаңа мәліметтер алынып, бай керамикалық материалдар аймақтың көршілес жерлермен мәдени-экономикалық байланыстары жөнінде деректер береді.
Зерттеу келесі кезеңін қазылатын нысандардың сақталуы және «ашық аспан астындағы мұражай» ретіндегі қаланың музеефикациясын жасау жұмыстарымен ұштастырыла жүргізілуі керек. Онымен қоса Ұлы Жібек Жолының Оралдық тармағы ретіндегі туристік бағытты естен шығармаған жөн.