Жоғарғы құрылыс көкжиегіндегі қазбаның стратиграфиясы қалыңдығы 15-30 см жететін эрозиялық үрдістердің әсерімен шитті құрылымның қирауынан пайда болған қара көк түстес шаңғы құмайт қабатынан тұрады. Бұл қабатты тазалау кезінде керамика, жануарлар сүйектері, ағаш көмірлерінің бөлшектері кездеседі. Қалыңдығы 30-дан 60 см дейін жететін келесі қабат шитті кірпіштің сынықтарымен толы қара көк құмайттан тұрады.
Осы деңгейде шитті қабырғаның қалдықтары белгіленді. Олардың арасындағы аралық қираған керамика, жануарлар сүйектері мен ағаш көмірмен толтырылған.
Екі бөлменің толтыруында ені 7-10 см жететін тақтайшалар сынықтары ретінде құлаған төбенің ағаш итарқаларының қалдықтары табылған. Қабырғаның зерттелуі және бөлмелерді толықтыру барысында бірнеше кіргізуші жерлеу мен бөлек жатқан адам бас сүйегі табылған. Қазба жұмыстарының одан арғы нәтижесі бойынша бұл қабырлердің құруы барысында баспана қабырғасы мен еденінің шағын аумақтары жартылай бұзылғанын көрсетеді.
Қабыр 1. Күлді жерді таңдау барысында 87/94 шаршы алаңында табылған. Қабырдың жоғарғы жағы табылмаған, бұның себебі қабырдың толтырылуы ішіне ене отыра күлді жердің толтыруымен ұқсас болып келеді. Төменгі бөлікте қабыр шұңқыры сопақша тәріздес болып келеді және білігінен ЗСВ-ВЮВ-қа бағытталады. Қабыр ұзындығы 1,2 м болса, ені 0,4 м. Қазіргі таңдағы күндізгі үстіңгі қабатынан тереңдігі 0,6 м жетеді. Қабыр шұңқырының түбінде арқасынан созылып жатқан, басы солтүстік-шығысқа қараған бала қаңқасы табылды. Бас сүйегі бет күмбезімен солтүстік-шығысқа бұрылған. Жоғарғы және төменгі аяқ-қол бастарының фалангыларының ауыстырып орналасуынан басқа қаңқаның сақталғаны жалпы қанағаттанарлық. Жерлеу жабдықтары мен құрбандық асының қалдықтары талмаған.
Қабыр 2. Көк сұр құмайт қабатын тазалау барысында табылған. Қабырдың жоғарғы жағы табылмаған, қабырдың төменгі бөлігінің толтырылуы оның енген қабатына ұқсас болып табылады. Осының нәтижесінде қабыр шұңқырының шеттерін айқындау қиынға соғады. Қабыр созылған-сопақша тәріздес, оның көлеміне келсек, ұзындығы 0,4 м, ені 0,15 м, қазіргі таңдағы күндізгі үстіңгі қабатынан тереңдігі 0,35 м.
Қабыр түбінде БСБ - ШОШ бағытына нысаланған, аяғы бүгіліп, оң жағында жатқан және басы солтүстік-батысқа қарай орналасқан бала қаңқасы тазаланды. Бас сүйегі бет күмбезімен оңтүстік-батысқа қарай аударылған, қолының орналасқан күйіне назар аударсақ, жерлеу кезінде оның қолы бірге біріктірілген көрінеді.
Ерте жастағы балалардың қаңқалары жерленген кезде көп жағдайларда жаман сақталады. Ұсақ сүйектерді барлығы дерлік шіріп біткен, жерленгеннің бас сүйегі, омыртқасы мен жамбас сүйектері бұзылған қалпында табылған. Қосы шығарып салған жабдықтары да қабырда табылған жоқ.
Қабыр 3. Керамиканың жиналуының тазалауы барысында 3-ші бөлмеде табылды. Қабыр созылған-сопақша тәріздес, БСБ – ШОШ бағытына нысаланған. Қабыр көлемі ұзындығы бойынша 0,85 м, ені 0,3 м, қазіргі таңдағы күндізгі үстіңгі қабатынан тереңдігі 0,5 м. Қабырдың түбінде оң жағына бұрылған созылып жатқан бала қаңқасы тазаланған. Бас сүйегі бет күмбезімен оңтүстік-батысқа қарай аударылған. Қаңқа нашар сақталған. Оң қолының сүйектері, фалангылардың бөлігі, жамбас пен бел омырқа сүйектерінің бөліктері жоқ. Алдындағы жағдайларға ұқсас, құрбандық шалу заттары қабырда табылмады.
Мұсылмандық әдет-ғұрыптар бойынша ұқсас жерлеулер қамалдың сыртқы, шығыс қабырғасының қаланған ойығында табылған2. Қамалдың ішкі жағында оған қараған қалашықтың алаңы шитті мазар және мола төбешіктердің қалдықтарынан қалған дөңгелек конфигурациялы көптеген дөңдермен белгіленгені туралы айтып кету қажет. Қазба жұмыстарындағы зерттелген жерлеулер зираттың бір бөлігі болып келеді, оның уақытын жерлеу жабдықтарының жоқтығы себебінен анықтау өте қиынға соғып тұр3.
Ішіне енетін жерлеу қабырлерімен қатар тұрғын кешенінің солтүстік аймағындағы зерттеулер жалғасын тапты. Бұнда ғибадатхана ретінде көрсетілген бөлме зерттелінді.
Бөлме көлемі 6*4 м. төртбұрышты тәріздес болып келеді. Қабырғасы 3-4 кірпіш қатарынан қаланып, биіктігі 0,2-ден 0,4 м жетіп сақталған. Мехрабы бар бөлменің батыс, шығыс және солтүстік қабырғалары бойында ені 0,5 м П-тәріздес суфа орналасқан. Оның алдыңғы қабырғасы шитті кірпіштермен тегіс қаланып, балшықтың бірнеше қабатымен тегістелген. Оңтүстік-батыс бұрышында ені 0,44 м оған қараған батыс жағындағы көршілес бөлмемен жалғастыратын өтетін жер тазартылған.
Бөлменің орталық бөлігінде тікбұрышты қыштан жасалып сәнделген ошақ орналасқан4. Ошақтың ішіндегі оңтүстік қабатында ою-өрнектермен қапталған және бүршіктермен безендірілген екі қошқар басы кейпіндегі вертикалды қалыпта тұрған жартылай қиратылған керамикалық мехрап тұр. Мехраптың негізіндегі кірпіш бөліктерімен қаланған кішкентай шұңқырда органика қалдықтары байқалған сомдалған ыдыс табылған. Мехраптың жанында әшекей бұйымның шыны қосымшасы табылған. Мехраптың сыртқы жағында, бөлменің оңтүстік қабырғасы тұсында ойылған өрнектер қалдықтары бар күйген тақтайшалардың бөліктері тазартылған. Бөлменің оңтүстік-шығыс бұрышында ойылған оюлары бар сомдалған ыдыстардың қалдықтары мен хумның сынған бөліктері табылды. Осы жерде суфа мен қабырға арасында құйылатын мұрны бар үлкен ыдыс кездесті.
Көршілес бөлмелердің толтыру таңдауы барысында керамиканың, жануарлармен балықтар сүйектерінің бөліктері, темір және мыстан жасалған бұйымдардың қалдықтары табылды.
Ең көп назар аударатын бұйым, бул алдын ала белгілесек, XII ғ. жататын қарахан тиын ақшасы болып табылады.5
Қамалды зерттеу барысында жасалу әдісі бойынша сомдалған және станоктік атты екі топқа бөлінетін археологиялық тұрғыдан бүтін ыдыстар мен оның қалдықтары кездестірілді.
Станоктік керамика жақсы біркелкі күйдірілген және жылтыратылған жіңішке дисперсті қамырдан иленген қоңыр және ашық қоңыр түстес домалақтардан тұрады. Саптыаяқтың күлтесі сопақша қырлы және кішкене сыртқа бүгілген болып келеді. Саптыаяқтың түбі жазық, оның бүйірінде сабы бар. Саптыаяқ өрнектелмеген. Тек оның бір данасында ғана тамға тәріздес белгілер ойылған.
Станоктік керамика арасында сонымен қатар сапасы жағынан әркелкі балшықтан жасалған шағын хумдар, құмыралар, пиалалар кездеседі. Станоктік керамика нашар өрнектелген. Өрнектелудің басым сарыны көлденеңнен ойылған сызықшалар мен толқын тәріздес кесінділерден тұрады. Кейбір жағдайларда өрнектеуде гүлөрнектер, гирляндалар және крест тәріздес таңбалар бейнесіндегі фигуралық мөртаңбалар қолданылды. Осындай ыдыстарды жасау кезінде ангоб жене жалтырату әдістері пайдаланылады. Хумдарда сәндеудің бөлігі болатын қоңыр бояудың қалдықтары кездеседі.
Сомдалған ыдыс станоктік ыдыстарға қарағанда мол өрнектелген үлкен хумдар, тұтқалы таба, құмаралар, майшамдар, табақтар, қақпақшалардан тұрады. Әдетте, сомдалған ыдыстар құм, органика және шамот қосылаған ірі дисперсті қамырдан жасалынады. Олар түзу түрде емес, яғни жай отқа күйдірілген. Әшекейлеу және өрнектелуі бойынша олар екі шартты топқа бөлінеді.
Біріншісіне, жақсы тегістелген немесе жылтыратқан сыртымен ерекшеленген ыдыстар жатады. Әдетте, оларды сызықтар, тарақтар, иректер, үшбұрыштар, шеврондар сызылған бай және мол өрнектелу ерекшелейді. Күлтенің астында және тұла бойында құлақшалар мен сомдалған жуандықтар кездеседі, сол сияқты станоктік ыдыстарға да сомдалған саптар бекітілді. Екінші топқа тұрпайы, нашар тегістелген және өрнектелген ыдыстар қатары жатады.
Мысалы күлтенің бойында сирек өрнектелген таба тәріздес ыдыстарды айтып кетуге болады.
Жанкент қамалында қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған қыш кешенінде Оңтүстік Қазақстан мен Сарыарқаның отырықшы-жер өңдеуші және көшпенді тайпаларына тән мәдени дәстүрлерінің байқалғандығы жөнінде бұдан бұрын айтылған болатын. Жанкент қыштарындағы осы мәдени дәстүрлердің үйлесімдігі, әртүрлі шаруашылық-мәдени салалардан тұратын оғыз этносаяси бірлестіктері шеңберінде отырықшы және көшпенді тайпалар арасындағы тығыз байланыстың көрінісі болып табылу мүмкіндігін осы жазба деректер дәлелдейді. Әртүрлі автордардың деректерінде оғыздар бірде таза көшпенділер (ибн-Фадлин) ретінде, бірде қалалары көп елдің тұрғындары (әл-Идриси) ретінде көрініс табуы кездейсоқ емес.
Жанкент ыдыстарындағы айшықтарда «көшпенділердің» ою-өрнек дәстүрлерінің болуы Махмуд Қашғари еңбектерінде жазылғандай, мүмкін көшпенді халықтың қалаларда отырықшыл үрдіске ден қоя бастағандығының бейнелеуін былай көрсетеді: «...Вид гузов, который живет в их городах, не переезжает в другие места и не воюет, называется ятук».6 Оғыз қалаларында пұтқа табынушылардың құрбан шалуға арналған екі басты қой бейнелі балшықтан жасалған мүсіндермен әшекейленген ерекше қасиетті орындарының таралуы осы халық топтарымен байланысты болуы мүмкін. Олардың айшықтары Жанкенттің ыдыстарындағы «көшпенділердің» айшықтарға толық ұқсас әдемі элементтермен безендірілген. Қамалдағы қызба жұмыстары барысында табылған тұрмыстық бұйымдар, әшекей заттар және аздаған нумизматикалық материалдар арқылы ІХ-ХІ ғасырлар шеңберінде жоғарғы құрылыс қабатының лайда болу уақытын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Кейінгі кезеңдер тұрақ кешендерінің табылмауы моңғол кезеңдерінің алдында қалалардың құлдырап құруының дәлелі, яғни бұл Сырдария ябгулер мемлекетінің құлауы, соғыс, оғыз халкының басқа жаққа ауу салдары екені көрініп тұр. Бірақ жазба деректерде монгол кезеңдерінде де Янгикент жөнінде айтылады. Қала тарихының бұл кезеңі Жанкент қалашығынан шамамен солтүстік- батысына қарай 2 км жерде орналасқан Мың-төбе қалашығының мәліметтерінде айқындалады.
Қалашықтан шыққан көтермелі мәлімет негізі алтын орда кезеңіне жататын мыс тиындарының жинағынан тұрады. Қалашықта жиналған керамикалық мәлімет алтын орда кезеңінің ескерткіштерінде өзінің кең ұқсастықтарын табады.
Қаланың өзі, ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы Янгикенттің құлдырау кезеңінде лайда болады жене Алтын Орданың ең жоғарғы гүлдену кезеңінде қарқынды дамыды. Қала өмірінің орталығы бұл уақытқа қарай толықтай Мың-төбе территориясына көшеді, Янгикент қаласының орталығы орналасқан қамал қаңырап қалады. Бұл тұжырым қамалдағы зерттеулердің нәтижесімен дәлелденеді. Оның үстіңгі қабаты ХІІ-ХІІІ ғғ. кейінгі уақытқа жататыны екіталай.
1. Ахатов Г А., Смагулов Т.Н. Археологические работы на цитадели древнего Жанкента // Археологиялык зерттеулер жайлы есеп. – Алматы, 2008.
2. И.А. Аржанцевой қазба жұмыстары.
3. Алайда қалашықтан солтүстікке қарай қазіргі Өркендеу елді-мекенінің территориясында орналасқан кейінгі орта ғасырлық некрополі және қазіргі кездегі қазақ моллалары жаңа уақыттағы Жанкенттің қираған үйіндісі негізінде пайда болған.
4. Ахатов Г.А., Смагулов Т.Н. Археологические работы на цитадели древнего Жанкента // Археологиялык зерттеулер жайлы есеп. – Алматы, 2008.
5. П. Петрова анықтамасы.
6. Толстов С.П Города гузов // Советская этнография. – 1947, №3.