Ескерткіш екі бөліктен тұрғанымен, цидателдің жоспарында төртбұрышты болып келгені анағұрлым көрнекті. Бұл кезеңде цидателдің биіктігі 17 метрді құрайды, тағанында ол 165*130 метр болса, жоғарғы төртбұрыштың аумағы 85*75 метр болып, солтүстіктен оңтүстікке (нақтырақ айтсақ оңтүстік шығыстан, солтүстік батысқа) қарай сәл созылыңқы келген. Цидателдегі топографиялық зерттеулер, аэрофото және археологиялық қазба жұмыстары көрсеткендей, оның бұрыштарында мұнаралар, ал солтүстік батысында аршылған қабатта екі мұнарамен көмкерілген кірер есік орналасқан. Саз балшықтан құйылған цидателдің биіктігі 3,6 болғандығын, 2006 жылғы стратиграфиялық шурф көрсетті1.
Цидателді Қараспанға жене аэрофото, құрылымдары жағынан осындай қалашықтар Қарашық, Қаратөбеге (Саурандық), сондай-ақ осы тарихи кезеңге және этномәдени қоғамдастыққа қатысы бар құрылыстарға ұқсас айналмалы рабад деп аталатын, сәл еңістеу алаңқай қоршаған. К.М. Байпақовтың талдауынша Жуантөбе айналмалы рабадтары бар қалашықтардың 5 тобына жатқызылды. Таға тәрізді Жуантөбе рабадының бізге белгілі өлшемдері 360*350 метр, 7-8 бұрышы анықталды (нақты алты қырлы 1-2 бұрыштары құрылыс немесе жөндеу жұмыстары кезінде бұзылған).
Соңғы жылдары қалашықтың зерттелу мәселелеріне қатысты біраз еңбектер2, жинақтау жұмыстары3, есептер, қорытындылар теоретикалық жұмыстарда да берілді, сондай- ақ табылған жәдігерлер жайында көпшілік басылымдарда жарияланды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2004 жылдан бастап цидател мен рабадтағы қазба жұмыстары масшабтық өзгешеліктермен кеңейіп келеді. Әр маусым өзіндік жемісін беріп келеді.
2004 жылы жүргізілген №4 қазба мен стратиграфиялық шурф бір бөлмесінен «Шаш әміршісінің» теңгесі табылған, жоғарғы тұрақтық кеңістіктің көп бөлігін ашты. Ал стратиграфиялық шурф жоғарғы бес қабаттың нақты стратиграфиясын анықтап бергенімен, өкінішке орай одан кейінгі қазба жұмыстары (2006 ж.), қаншама жылдар бойы жиналған үйіндімен араласып, таптаурын болып кеткендіктен аз мәлімет берді. Жоғарғы кеңістіктің қыштары туралы мәлімет берер ыдыстармен бірге, темір алдаспа, сондай-ақ қошқар тұрпатты мосының қайдан келгендігін көреміз. Қыштар арасында қызығушылық тудырар шырағдан, қанғар өрнектерінің негізінде істелген, жоғары жағы өрнектелген ыдыстар, қошқар мүйіз жапсырма, қошқар түріндегі «кәуаптық» қыштың біраз пайызы жетіасарлық келбетте жасалған. Кейде арнайы құрылғыда жасалған, мойынында және иығында толқынды қарапайым сызықтары бар, қоңыр бояумен сырланған кейінгі кезеңдердің қыштары да кездеседі.
2005 жылғы қазба (№5) рабадта, оның солтүстік бөлігінде мәдени қабатпен жоспарын түсінуге көмектесті. Жоғарғы қабаттың астынан, шаруашылық мақсаттарға пайдаланған, бұзылған қабырғаның бір-екі қатар шикі кірпіштен жасалған, мұқият қаланған қатары ашылды. Аршылған 400 шаршы метр алаңқайдан, бірнеше бөлмеден тұратын, ғұрыптық кешен табылды. Бөлмелерден пошымдары (көпшілік жағдайда таға тәрізді) мен өлшемдері әртүрлі ошақтар шықты. Органикалық сұйықпен (құрбандық малының қаны), тас-құм, ірі қыш ыдыстар мен толтырылған шұңқырлардан трапеза қалдықтары, ошақ-мосы күлден мұқият аршылып алынды. Қыш ыдыстар цидателдегі ыдыстардан көп жағдайда, қарапайымдылықпен және ангоптың жоқ болуымен т.б. ерекшеленді. Сондай-ақ, этномәдени ықпалдастықтардан сыр шертер көптеген ертоқым тәрізді тұғыр, қыш ыдыс түбіндегі ерте түрік дәуіріндегі өрнектер (VI ғ.), үлкен торсықтағы айқыш өрнектер (VII ғ.). табылды. Бұлардың ішінде қызықтылары қошқар мүйізді жапсырма, ертоқым пішінді кәуап дайындағыш және бөлмеге иіс беретін құрылғы болды. Киелі кеңістіктен шие түріндегі ангоппен боялған қыштар сынықтары кезескенімен жалпы табылған қыштар цидателге қарағанда анағұрлым аз.
2006 жылғы қазба (№5) рабадтағы қазба 800 шаршы метрге дейін кеңейіп, ғұрыптық кешеннің солтүстік және шығыс шекаралары анықталды. Сондай-ақ кешендегі үшінші кеңістіктегі қазба мен төртінші кеңістіктің шурфы бағыттарын өзгертпестен жалғастырды және оның өмір сүрген уақыты кем дегенде б.з. V ғасырмен мерзімделеді. Шығыс қабырғаның сыртында рабадтың жоспары өз бағытын келесі алаңқайдың бағытына қарай мөлшермен 30 градусқа өзгертеді. Кешеннің солтүстігінде мықты қорғаныс қабырғасын бойлай көшеге шығатын екі жіңішке дәліз ашылды. Стратинрафиялық шурф (төменгі кесінді) цидателдің төменгі сатысын және цидателдің биіктігі 3, 6 метр саман тағанын аршыды. Олжалардан 2 кеңістіктің қабырғасынан табылған биік және жіңішке хумды, ошақ мосының сынығы, құрылғыда жасалған, қара-қоңыр құманды айтуға болады. Қазбаның ең негізгі қорытындысы ретінде рабадтың солтүстік аумағын: бөлме жоспарын, деңгейінің мерзімі, оның негізгі құрылымының VIII ғасырдың 30-40 жылдарын жобалағанды айтуға болады.
2007 жылғы қазба, цидателде (№6 қазба) өткен ғасырдың 80-ші жылдарында А.Н. Грищенкодан қалған, мойынындағы кертіліп салынған, «ашулы арыстан және әмірші» көрінісі бар құмыра табылған, №2 кеңістік және солтүстік-шығыс мұнараның қирандысы тазаланды. Қазба барысында қақпаның қатарындағы орналасқан төрт үлкен бөлмелер аршылды. Қазба оңтүстікке қарай кеңейтіліп, дәлізбен жалғасқан төрт бөлменің қатары анықталды. Сондай-ақ, екі бөлме орналасқан цидателдің солтүстік-шығыс бұрышында фортификациялық қалпына келтіру жұмыстары жүргендігі анықталды. Қазба барысындағы цидателден табылған қыш ыдыстар неғұрлым көбірек болса, соғұрлым әртүрлі болып келеді.
Аббасидтықтарға Тараздан кеткеннен кейін және Самарканда бекінгендіктен Арыстың орта ағысына бару аса маңызды болмаған. Исламдану процессі Саманидтықтардың көтерілісіне, яғни IX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін созылған. Бұл кезеңге жататын олжа кеңістіктің бір бөлмесінен табылған «Митраның» мүсіні болмақ. Қараспандағы Саманидтықтар көтерілісі (Қараспан тобының зерттеу қорытындылары бойынша) құрылымдағы ұзын қабырғалар тұрғызу мерзімімен яғни, IX ғасырдың 20-40-шы жылдарымен сәйкес келеді. Сондай-ақ, рабадтың бос қалу уақыты некрополдағы жерлеулердің тоқтауымен дәл келеді.
1. Железняков Б.А., Талев Д.А., Беляева ТВ. Отчет об археологических исследованиях 2006 г. городищ Жуантобе и Караспан II Архив ИА, рукопись. – Алматы-Астана, 2007.
2. Железняков Б.А., Беляева Т.В. Исследования городища Жуантобе, предварительные итоги работ 2005 г. II Известия НАН РК. Сер. обществ, наук. – Алматы, 2006. №1. – С.154-171.
3. Железняков Б.А. Общие вопросы изучения раннесредневекового городища Жуантобе на р. Арысь // Материалы МНПК... – Астана, 2008. – С.283-290.