Атырау облысындағы Жем өзенінің солтүстігінде биік төбе басында орналасқан. Жұбан күмбезін әйгілі шеберлер – ағайынды Ұңғалбай, Мұңалбай, Өмірбай, Итбай, Иманбай Қаражүсіповтер тұрғызған. Пішіні төртбұрышты, ауданы 6,6х5,8 м, биіктігі 9,5 м. Құрылыс шеге, ағаш пайдаланылмай, тек сол маңайдағы таулы жерден алынған ұлутастардан салынған. Дулыға пішінді әдемі күмбезі (мойындық) орнатылған. Іші-сырты қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген, ұлутастар бір-біріне бұралып біріктірілген. Күмбездің ішіне құлпытас қойылған. Ескерткіш 1984 жылы қайта жөнделген.