Жалпы аумағы 18х25 метр. Көлемі әр түрлі 10 бөлмесі сақталған, 11-ші бөлмесі қалпына келтірілген. Аралық дәліздер монша бөлмелерін бір-бірімен жалғастырып тұр. Қабырғаларының қалыңдығы 0,8 метр, биіктігі 2,5х3 метр, жалпы үйдің күмбезіне дейінгі биіктігі 4 – 6 метрге дейін жетеді. Әр бөлменің төбесі күйдірілген кірпіштен қаланған күмбездермен жабылған. Күмбездің жоғарғы ұшында үйге жарық түсіретін тік төртбұрышты шағын саңылаулары бар. Бөлмелер ішкі жағынан әсемделе қаланған қуыстарымен безендірілген. Моншаны салғызған жергілікті меценат Қали Юнус бай. Кезінде жергілікті тұрғындарға ақысыз қызмет көрсеткен. Монша 1941 жылға дейін пайдаланылып келген. 1986 жылы Жамбылдағы арнайы ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.