Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығынан оңтүстік батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1946 жылы ғалым Н.И. Суворов қамал орнынан археологиялық заттар жинады. Ошақ орындары мен көмбелерден алынған бұйымдардың ішінде арпа, тары секілді дәнді дақылдардың барлығы анықталады.