Түркістан қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 30 км жерде. 1968 жылы Қазақстан Мәдениет министрлігінің ғылыми экспедициясы зерттеген. Жүсіп ата ескерткішінің сырт пішіні шаршыланып (21,9х12,8 метр) кезіліп, күмбездермен өрілген (сақталып қалған кіші күмбездің биіктігі 9,8 метр). Жүсіп ата ескерткіші шағын мазар мен мешіт үйінен тұрады. Мешіт үйі (9,2х9,2 метр) бүлінген. Құрылыс ісіне күйдірілген қызыл кірпіш, ғаныш, балшық пайдаланылған. Жүсіп ата ескерткішінен бетіндегі бедерлеп түсірген қару-жарақ суреттері бар құлпытас табылды.