Түрік қағанаты кезеңіне жататын мүсіндер тас қоршаудың шығыс жақ іргесінде, беті шығысқа қаратыла орнатылған. Жылысай тас мүсіндерінің өлшемі 6х6 метр, 5х5 метр, 2х2 метр болып келеді. Жылысайдағы тас қоршаулардың жалпы саны 8, олардың әрқайсысының шығыс іргесінде бір-бір мүсін тастар болған. Оның 3-уі қираған. Бізге жеткен 5 мүсіннің 2-уі егде адамды, екеуі жас жеткіншекті, өте тұрпайы жасалған соңғы мүсін орта жастағы әйелді бейнелейді. Бұл тас мүсін нәрестелердің қорғаушысы саналған Ұмайдың бейнесі болуға тиіс; қ. Едіге тауындағы тас мүсіндер.